Об утверждении временных правил размещения рекламно-информационной продукции на территории Алматинской области. Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының аумағында жарнамалық-хабарламалық өнімдерді орналастырудың уақытша ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 27.11.2003 № 2-10 шешімімен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Заңының 89-таруы негізінде, Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Жарнамалық-хабарламалық өнімдерді орналастырудың уақытша ережелері бекітілсін, қоса тіркеледі (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы облыстық Мәслихатының 1998 жылғы 24 шілдедегі №21-169 шешімінің күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Б.Д.Тәкеновке және облыстық Мәслихаттың түргын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыстар жөніндегі тұрақты комиссиясына (В.В.Сакмаров) жүктелсін.
Басқа 4
Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы «17» қыркүйек № 26-152 шешіміне № 1 қосымша Алматы облысының аумағында жарнамалық - хабарламалық өнімдерді орналастырудың уақытша ережелері Осы Ереже Алматы облысы аумағында сыртқы жарнаманы өндіру, орналастыру және тарату барысында уәкілетті орган мен заңды және жеке тұлғалар арасында пайда болатын қарым-қатынасты реттейді.
Тармақ 1
1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер «Сыртқы жарнама» - кез келген адамдарга арналган және олардың қызығушылығын қалыптастыру немесе мүддесін қорғауға бейімделген, жеке немесе заңды тұлғалар, тауарлар, идеялар және бастамалар (жарнамалық хабарлама) туралы плакаттар, стенділер, жарық таблолары, басқа да техникалық құралдар түрінде таратылады. «Жарнама беруші» - жарнаманы өндіру, орналастыру, ары қарай тарату үшін жарнамалық хабарлама көзі болып табылатын заңды немесе жеке тұлға. «Жарнама таратушы» - мүліктерді, оның ішінде техникалық құралдарды беру және (немесе) пайдалану жолымен немесе басқа әдіспен жарнамалық хабарламаны орналастыруды және (немесе) таратуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. «Өкілетті орган» - жергілікті атқарушы билік органы немесе ол өкілеттілік берген басқа тұлға. Жарнамалық-хабарламалық өнім облыстың көркемдік-эстетикалық безендіру элементі болып табылады және жарнамалық-хабарламалық өнімдер ретінде: - Шатыр үстіне орналатылған жарнамалық қондырғылар (газбен жарықпен, жарықпен жабдықталған, жарықсыз); - қабырға жазықтығына, кронштеиндерге, жарық түсіретін тіреулерге орнатылған газбен жарықпен және жарықпен жабдықталған жарнамалық қондырғылар; - қабырғалық жарнамалық қондырғылар; - жайма тақталарға орнатылған жарнамалық қондырғылар (оның ішінде жеке және жылжымалы әдіспен орнатылғандар); -көлемдік-кеңістіктік жарнамалық қондырғылар (шатыр үстіне орнатылғандар, жеке орнатылғандар); - жарнамалық стенділер, витриналардағы жазулар, бейнелер; - вымпелдердегі, жұмсақ полотнолардағы жарнама; - қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнамалық тумбаларда, қалалық хабарламалық стенділерде және басқа да осы мақсаттарға арнайы бейімделген орындарға орнатылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалық-хабарламалық мәні бар сілтемелер (үндеу, аз көлемді плакат); - маталардағы жарнамалық тартпалар; - әуе шарларындағы жарнама; - қалалық, қоғамдық көліктердегі жарнама; - лазерлік жарнамалық қондырғылар (экран кеңістігі бойынша) және жарнамалық-хабарламалық өнімдердің түрлері.
Тармақ 2
2. Сыртқы жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
Тармақ 2.1
2.1. Жарнама, оны көрсету кезінде нысанына немесе қолданылған тарату құралына қарамастан, арнайы білімдерді немесе техникалық құралдарды қолданбай жарнама ретінде танылатын болуы керек.
Тармақ 2.2
2.2. Кәсіпорындардың және үйымдардың маңдайшадағы жазулары мен хабарламалық сілтемелерінің, сондай-ақ жарнамалық өнімдердің мәтіні міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жазылуы керек, ал егер көрсетілген кәсіпорындардың белгіленген тәртіпте шет тілінде тіркелген логотиптері, сауда маркалары, тауарлық белгілері және атаулары болса, онда олар тиісті құжаттарды көрсете отырып, оларды тұпнұсқа түрінде қосымша пайдалана алады. Көрнекі хабарламаның барлық мәтіні келесі тәртіпте орналастырылады: - сол немесе жоғарғы жағында - мемлекеттік тілде, -оң немесе төменгі жағында - орыс тілінде, өлшемі бірдей әріптермен жазылады. Қажеттілігіне қарай, көрнекі хабарламаның мәтіні қосымша басқа тілдерде келтірілуі мүмкін.
Тармақ 2.3
2.3. Қазақстан Республикасының заңдарымен айналымға түсуге рұқсат етілмеген тауарларды жарнамалауға жол берілмейді.
Тармақ 2.4
2.4. Жарнамаланатын өнім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сертификатталуы тиіс.
Тармақ 2.5
2.5. Жарнама азаматтарды зорлық-зомбылыққа, басқыншылыққа итеретін болмауы, дүрліктірмеуі керек, сондай-ақ жеке адамдардың денсаулығына зиян келтіретін немесе олардың қауіпсіздігіне қатерлі қауіпті іс-әрекеттерге бастаушы болмауы керек.
Тармақ 2.6
2.6. Жарнама, табиғат қорғау туралы заңдарды бүзатын іс-әрекеттерге жетелемеуі керек.
Тармақ 2.7
2.7. Жарнама, нәсіліне, ұлтына, мамандығына, әлеуметтік категориясына, жас шамасына, ясынысына, тіліне, діни, философиялық, саяси және басқа көзқарастарына қатысты кеміту сөздерін, салыстыруларды, образдарды пайдалану жолымен адамгершілік пен имандылықтың жалпы қабылданған нормаларын бұзатын мәтіндік, көретін хабарламалық мазмұнда болмауы керек.
Тармақ 2.8
2.8. Жарнама, ұлттық немесе әлемдік мәдени игілікті кұрайтын мәдениет объектілерін, мемлекеттік рәміздерді (жалаулар, елтаңбалар, әнұрандар), Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің ұлттық валютасын, діни символдарды, кейбір жеке немесе заңды тұлғаларды, қызметтерді, мамандықтарды, тауарларды жамандамауы тиіс.
Тармақ 2.9
2.9. Темекі және алкоголь ішімдіктері туралы жарнамалар, барлық жағдайда, денсаулыққа зиян екенін ескертуі керек.
Тармақ 2.10
2.10. Жарнамалық-хабарламалық өнімдер кешкі және түнгі мезгілдерде, жарықтық-техникалық жабдықтарға қойылатын нормалар мен талаптарды сақтай отырып, сыртқы немесе ішкі жарық көзімен міндетті түрде жарықтандырылуы керек.
Тармақ 3
3. Жарнамалық-хабарламалық өнімдерді орналастыру тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Алматы облысының аумагында жарнамалық-хабарламалық өнімдерді орналастыруга өкілеттік органның рұқсатымен, міндетті түрде жарнама берушімен (жарнама таратушымен) шарт және жарнамалық- хабарламалық объектінің паспортын жасай отырып алынган рұқсат бойынша беріледі. Жарнаманы орналастырғаны үшін төленген ақы, басқасы Қазақстан Республикасының заңдарында ескерілмеген болса, жарнамалық- хабарламалық өнім орналастырылган жердің бюджетіне түседі.
Тармақ 3.2
3.2. Жеке меншік жарнамалық-хабарламалық өнімдерді жеке меншік объектілерде, көлік құралдарында, жеке меншік жерлерде орналастыруга рұқсат құжаттары ресімделіп, бір жолгы ақы алынады.
Тармақ 3.3
3.3. Сәулет және қала құрылысы бақармасымен келісілген жарнамалық- хабарламалық өнім объектісінің алгашқы нұсқасы мен объектіні орналастыратын жердің сызбасы қоса берілген өтініш рұқсат беруге негіз болып табылады.
Тармақ 3.4
3.4. Мәселе оңынан шешілген жағдайда күшінде болу мерзімі көрсетілген, жарнамалық-хабарламалық өнім объектісінің алгашқы нұсқалық қосымшасы көрсетілген паспорт ресімделеді.
Тармақ 3.5
3.5. Құжаттар, толықтыру үшін жарнама берушіге қайтарылган жагдайда өтінішті қарау мерзімі жаңартылады.
Тармақ 3.6
3.6. Паспортты уәкілетті орган сәулет басқармасымен (елді мекендерде), жол полициясы басқармасымен (республикалық және жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы жолдардың жағалауында) келісе отырып, тараптар жасасқан шартқа сәйкес ақы төленгеннен кейін береді. Жарнамалық-хабарламалық объектінің құжаты ары кеткенде бір жылга ресімделеді. Орнатылған сыртқы жарнама объектілерінің көлемі мен мазмұны өзгерген жағдайда ғана паспорт қайта ресімделуге жатады.
Тармақ 3.7
3.7. Жарнамалық-хабарламалық өнімдерді орналастыруға берілген рұқсат қағаз 30 күнге дейін күшінде болады. Объект орналастырылмаған жағдайда рұқсат қағаз жойылады және белгіленген тәртіпте басқа тапсырыс берушіге рәсімделеді. 3.8.Табиғи кешендердің қорғауында болатын мәдени мұралар, әдет- ғұрып объектілері, табыну ғимараттары және құрылыстар орналасқан аймақтарда жарнамалық-хабарламалық өнімдерді орналастыруға рұқсат мәдениет, экология және биоресурстар басқармаларының келісімімен беріледі.
Тармақ 3.9
3.9. Осы ережелерді бүзғаны үшін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік заңдарына сәйкес жауапкершілік туады.