Об утверждении Правил организации внутреннего аудита (контроля) в банках второго уровня Күшін жойған
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы
Ескерту: Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.09.2005 № 359 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық негізін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастырудың қоса берілген тәртібі бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Заң департаменті (Өртембаев А.Қ.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесе отырып, осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
Тармақ 3
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 5. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕ ІШКІ АУДИТТІ (БАҚЫЛАУДЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 5 маусымдағы
N 112 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕ ІШКІ АУДИТТІ (БАҚЫЛАУДЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже банк заңдарының талаптарына сәйкес банк қызметінің халықаралық стандарттары ескеріле отырып әзірленген және екінші деңгейдегі банктерде (бұдан әрі - банктер) ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру шарттарын айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Банктегі ішкі аудит (бақылау) жүйесінің (бұдан әрі - ішкі бақылау) негізгі мақсаты банк қызметкерлерінің заңдарды және кәсіптік қызметтің стандарттарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру, банк жүргізетін операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес келетін тиісті дәрежедегі сенімділік деңгейін қамтамасыз ету және банк қызметінің тәуекелін азайту арқылы банктің, оның кредиторлары мен клиенттерінің заңды мүддесін қорғау болып табылады.
Тармақ 2
2. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырған кезде, банктер осы ереженің талаптарын және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін ескеруге тиіс.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Банктегі ішкі бақылау мыналарға бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады:
Тармақша 1
1) банктің операцияларды қолданылып жүрген заңдардың талаптарына, сондай-ақ оның саясатына және банктің уәкілетті органы бекіткен тиісті нормативтік құқықтық актілермен (бұдан әрі - ішкі құжаттар) баянды етіліп, белгіленген рәсімдеріне сәйкес жүргізу;
Тармақша 2
2) банктің қолданылып жүрген заңдардың талаптарын орындау;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген заңдарда көзделген есеп пен есеп берудегі жүргізілген банктік және өзге де операциялардың уақытылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуі;
Тармақша 4
4) банкте оның активтері мен пассивтерін басқарудың тиімді жүйесін құру;
Тармақша 5
5) банк қызметінің тәуекелін басқару және оны азайту мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға жол бермеу.
Тармақ 4-10
4-10. 4-10-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Банктегі ішкі бақылау әкімшілік, қаржылық және техникалық бақылауды жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.
Әкімшілік бақылаудың мәні операцияны банктің тек тиісті ішкі құжаттары мен рәсімдері уәкілеттік берген адамдарының (қызметкерлерінің) жүргізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық бақылаудың мәні операцияны қолданылып жүрген заңдарға, сондай-ақ банктің операция жүргізу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын реттейтін ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүргізуді, сондай-ақ оларды есепте және есеп беруде дұрыс көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Техникалық бақылаудың мәні бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда банктің операцияны ойдағыдай орындауын қамтамасыз ететін компьютерлік және басқа техникаға қол жеткізу мүмкіндігін шектеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Банкте ішкі бақылауды жүзеге асырудың негізгі шарттары
2-тарау. Банкте ішкі бақылауды жүзеге асырудың негізгі шарттары
Тармақ 12
12. Банкте ішкі бақылаудың тиімді жүйесін жүзеге асыру үшін мынадай шарттарды орындау қажет:
Тармақша 1
1) ішкі бақылауды біріктірілген негізде (филиалдарды, өкілдіктерді, еншілес банктерді қоса алғанда) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе құру;
Тармақша 2
2) ішкі бақылауды реттейтін банктің ішкі құжаттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) бухгалтерлік есептің стандарттарына және ішкі бақылаудың мақсаттарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) тәуекелді басқару және оларды азайту жүйесін құру, сондай-ақ тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
Тармақша 5
5) түрлі деңгейдегі ақпаратқа (құжаттамаға) қол жеткізу мүмкіндігін шектеу жүйесін құру.
Тармақ 13
13. Банктегі ішкі бақылауды қажетті құқықтық реттеу мақсатында уәкілетті орган банктің ішкі ережелерін және банктің операция жүргізу жөніндегі жалпы шарттары туралы ережелерді, сондай-ақ мынадай мәселелер бойынша банктің ішкі құжаттарын әзірлеуге және бекітуге тиіс:
- банкте ішкі бақылауды ұйымдастыру;
- банктің ішкі бақылау қызметі;
- банктің ішкі кредит саясаты;
- өтімділік, кірістің ең аз деңгейі, активті және пассивті операцияларға арналған лимиттер, қарсы әріптестер бойынша шектеулер, сондай-ақ банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жүзеге асыруға қатыстырылған адамдардың жауапкершілігі мен өкілеттігі туралы мәселені қоса алғанда банктің активтері мен пассивтерін басқару стратегиясы мен рәсімдері;
- банктегі бухгалтерлік есеп саясаты;
- коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын құжаттардың, мәліметтердің және ақпараттың тізбесін, сондай-ақ оны беру, айырбастау және сақтау тәртібін белгілеу.
Тармақ 14
14. Ақпаратты қорғаудың тиімді жүйесін құру үшін банкте мынадай іс-шаралар орындалуға тиіс:
Тармақша 1
1) коммерциялық және қызметтік құпияны сақтаудың қажетті шарттарын жасау;
Тармақша 2
2) түрлі деңгейдегі коммерциялық және қызметтік құпияға банктің қызметкерлерінің қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін лайықты жүйе құру;
Тармақша 3
3) банктің қызметкерлерімен коммерциялық және қызметтік құпияны жарияламау туралы жазбаша келісім жасасу.
Банктің ішкі бақылау қызметі жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жасауға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Банктің ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру және оның қызметіне қойылатын талаптар
3-тарау. Банктің ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру және оның қызметіне қойылатын талаптар
Тармақ 15
15. Ішкі бақылау қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) банктің қолданылып жүрген заңдарда көзделген банктік және өзге де қызметін жүргізуі мен жүзеге асыруын реттейтін ішкі құжаттарды қабылдауына бақылау жасау;
Тармақша 2
2) банктің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын іс-қимылдар мен операцияларды жоспарлы түрде және жоспардан тыс ұдайы тексеруді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) банк қызметкерлерінің қолданылып жүрген заңның және банктің ішкі құжаттарының талаптарының орындауын тексеру;
Тармақша 4
4) банк қызметінің тәуекелін басқаруға және мониторингін жүзеге асыруға бақылау жасау;
Тармақша 5
5) банктің құрылымдық бөлімшелерінің және жекелеген қызметкерлерінің жұмысындағы барлық байқалған тәртіп бұзушылық және кемшілік туралы банктің басшылығы мен байқаушы кеңесіне хабарлап отыру;
Тармақша 6
6) банктің құрылымдық бөлімшелерінің банк қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың бұйрықтарын, сондай-ақ банк басшылығының нұсқаулары мен өкімдерін орындауына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) банктің банктік, коммерциялық және қызметтік құпияға жататын мәліметтерді сақтау жөнінде шара қолдануына бақылау жасау;
Тармақша 8
8) банктің басқа құрылымдық бөлімшелерінде байқалған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықты жою, сондай-ақ банк қызметін жақсарту және оның тиімділігін арттыру жөнінде нақты іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, банк басшылығына ұсыныс жасау.
Тармақ 16
16. Ішкі бақылау қызметінің өкілеттігіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) банктің құрылымдық бөлімшелері жасайтын іс-қимылдың және операцияның қолданылып жүрген заңдардың және банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келуін жоспарлы түрде және жоспардан тыс мерзімді тексерулер жүргізу жолымен анықтау;
Тармақша 2
2) банктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінен коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын кез-келген құжаттаманы, мәліметті және ақпаратты алу;
Тармақша 3
3) банктің өкілетті органдары шығаратын барлық құжаттарының банктің жалпы саясатына, ішкі бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіндігіне сараптама жүргізу;
Тармақша 4
4) банктің кез келген үй-жайына кедергісіз кіру (кіруге шек қойылған үй-жайларға банк басқармасы төрағасының жазбаша рұқсатымен кіру);
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда ішкі бақылау міндеттерін шешу үшін банктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту;
Тармақша 6
6) банктің басшылығына өзінің қызметтік міндеттерін бұзған банк қызметкерлерінің міндеттерін орындаудан шеттету немесе тиісті негіз болған жағдайда банктің (оның құрылымдық бөлімшесінің) кейбір операцияларды тоқтатуы қажеттігі туралы хабарлау.
Тармақ 17
17. Ішкі бақылау қызметі өзінің жұмысында банктің жарғысын, банктің ішкі бақылауы мен ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру туралы ережелерді, сондай-ақ банк қызметін реттейтін басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алып отырады.
Тармақ 18
18. Банктің ішкі бақылау қызметі банктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 19
19. Ішкі бақылау қызметінің басшысын банктің байқаушы кеңесімен келісе отырып, банктің басқармасы тағайындайды және ол банк басқармасының төрағасына тікелей бағынады.
Ішкі бақылау қызметінің басшысы бір мезгілде банктің басқа бөлімшелерін басқаруға (жетекшілік етуге), сондай-ақ кредиттік комитеттің және банктің басқа органдарының мүшесі болуға құқылы емес.
Тармақ 20
20. Ішкі бақылау қызметінің басшысы мен қызметкерлері жоғары білімді болуға, шаруашылық жүргізу және банк заңдары жөнінде білімдар болуға, сондай-ақ өздері атқаратын міндеттердің сипатына сәйкес кәсіптік дағдысы мен біліктілігі болуға тиіс.
Тармақ 21
21. Ішкі бақылау қызметі туралы ережеде мыналар міндетті түрде көрсетілуге тиіс:
Тармақша 1
1) ішкі бақылау қызметінің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 2
2) банк қызметінің тәуекелін азайтуды басқаруды және мониторингін жүзеге асыру мәселелері;
Тармақша 3
3) ішкі бақылау қызметінің банктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара ықпалдасып әрекет ету мәселелері;
Тармақша 4
4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мәселелері.
Тармақ 22
22. Ішкі бақылау қызметі ішкі құжаттарда көзделген басқа міндеттерді орындаудан басқа өз жұмысы барысында істелген жұмыс туралы банктің байқаушы кеңесі алдында есеп береді.
Тармақ 23
23. Банк қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру барысында заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу бөлігіндегі заң талаптарын осы ережені ескере отырып сақтауға тиіс.
Банк қызметкерлері ішкі бақылау қызметіне мына мәмілелер (операциялар) туралы хабар беруге құқылы:
Тармақша 1
1) шығу көздерін растайтын құжаты жоқ 5 млн. теңгеден астам кез келген (депозит, кредит, банктің сатып алынған бағалы қағаздары түріндегі) түсім;
Тармақша 2
2) 1 млн. теңгеден астам сомаға жасалған кез келген қолма-қол ақша түрінде төленген мәміле;
Тармақша 3
3) корпорациялық бағалы қағаздармен жасалған алып-сатарлық операциялар;
Тармақша 4
4) қаржылық құралдарды талап ету құқын құжатталмаған негіздемесіз қайта ресімдеу немесе басқа біреуге беру;
Тармақша 5
5) күмәнді сипаттағы басқа операциялар немесе мәмілелер.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 24
24. Банкте ішкі бақылаудың болмауы немесе ішкі бақылау қызметінің осы Ереженің шарттарын ойдағыдай орындамауы банктің жалпы қаржылық жағдайын бағалауға, оның ішінде "CAMEL" рейтингтік бағалау жүйесі бойынша бағалауға әсер етеді.
Тармақ 25
25. Осы Ережемен бекітілген талаптарды бұзғаны үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктерге қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген ықпал етудің шектеулі шараларын немесе санкция қолдануға құқылы.
Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 26.03.2005 № 116 қаулысымен .
Тармақ 26
26. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешілуге тиіс.