Об утверждении Правил предоставления по выбору субъектов малого предпринимательства в аренду или в доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых производственных помещений и объектов, офисных помещений на государственных коммунальных предприятиях и организациях с государственным коммунальным участием, на основании представленной ими информации Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағьш кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпараттар негізінде олардың қалауымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдык меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлік баскаруға беру туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпараттар негізінде олардың қалауымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы каулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 23.10. № 168 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпараттар негізінде олардың қалауымен мемлекеттік коммуналдық көсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы Ережесі Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпараттар негізінде олардың қалауымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасымен мына ретпен жүзеге асырылады:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері облыстық коммуналдық меншік басқармасына тапсыратындары:
Тармақша 1
1) қосымшага сай, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруге шарт жасасу құқына өтініш;
Тармақша 2
2) сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттар;
Тармақша 3
3) сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндіріспен айналысу жөнінде жеке конвертке салынып жазбаша түрде берілетін ұсыныстар;
Тармақша 4
4) «Ақпарагғық-есеп орталығы» РМК-нан таңдап алынған объектінің Ақтөбе облысы аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің, кеңсе жайларының, пайдаланылмайтын өндірістік жайлар мен обьектілердің Тізілімінде жоқтығы туралы анықтамасы тапсырылады. «Ақпараттық-есеп орталығы» РМК анықтаманы кәсінкердің айтқан мезгілінен 3 күндік мерзімде беруге тиісті. Барлық тапсырылған құжаттар Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасының кеңсесінде міндетті тіркелуге жатады. Есеп жүргізу үшін тіркеу журналы арналып, онда тапсырылған құжаттардың мерзімі және түскен уақыты көрсетілген тізбесі беріледі. Сондай-ақ, құжаттардың түскен күні мен уақыты шағын кәсіпкерлік субъектісінің өтінішінде тіркеледі. Сонымен бірге, кәсіпкерге өтінішті тіркелгендігі туралы анықтама беріледі.
Тармақ 2
2. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы мына межелерді негіз ете отырып, тиісті өкілетті мемлекеттік органдармен (мемлекеттік мекемемен) бірлесіп, 5 күн мерзімде тапсырылған материалдарды қарайды:
Тармақша 1
1) 1 - бөлімде аталған қүжаттардың толық пакетінің болуы;
Тармақша 2
2) объектіні сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту жөне өндірістік мақсаттар үшін пайдалану;
Тармақша 3
3) объект бойынша қолданылатын жалдау қатынастарының жоқтығы;
Тармақша 4
4) объектіге қатысты қандай да болмасын бір ауыртпалықтың жоқтығы. Кәсіпкерден түскен өтінішті қараудың нәтижесі хаттамамен ресімделеді. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы шарт жасауға келісуі, не себептерін көрсете отырып, одан бас тартуы туралы кәсіпкерге тиісті хабар жібереді. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында мәселе оңынан шешілген жағдайда, 2 күн ішінде бір жыл мерзімге жалдауға немесе сенімгерлік басқаруға шарт жасалады. Осындай шарттардың жасалған күнінен бастап, егер алты ай өткеннен кейін өндірістік қызметтер жолға қойылмаған жағдайда, оның бұзылуы көзделуге тиісті. Қайтарылған объектілер мен мүліктер кейін сатуға (тендер, аукцион) қойылады.
Тармақ 3
3. Жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру шарттарының орындалуын бақылауды Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасы жүзеге асырады. Кәсіпкер жалға алу немесе сенімгерлік басқаруға берудың шартын тиісті түрде орындаған жағдайда, объект оның меншігіне беріледі.
Тармақ 4
4. Жоғарыда аталған шарттардың жасалуы мен бұзылуы «Ақпараттық-есеп орталығы» РМК-ның Ақтөбе филиалында міндетті тіркеуге жатады.
Тармақ 5
5. Егер бір объектіге шағын кәсіпкерліктің бірнеше субъектісінен ақпарат түссе, онда белгіленген ретпен бірінші өтініш берген кәсіпкердің үсыныстары қаралады. Өтініштің алдыңғы кезектілігі Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасының кеңсесінде өтініштің тіркелген күні мен уақытына сай анықтайды.
Басқа 17
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 23.10. № 168 қаулысымен бекітілген Шағып кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпараттар негізіңде олардың қалауымен мемлекеттік коммуналдық көсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларып кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға берудің реті туралы Ережеге ҚОСЫМША Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы____________________ Жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруге ӨТІНІШ (занды тұлға толтырады) Мен______________________________________________________________________ (өтініш берген заңды тұлғаның толық атауы) 1. ______________________________________________мемлекеттік кәсіпорнының (кәсіпорынпың аты) құрамына кіретін мекен-жайы:_____________________________________________ пайдаланылмай тұрған өндірістік жайды қарап шығып, өтінішке қол қоюға өкілеттік алып, төменде қол қойған біз, осы жайды өндірістік мақсаттарда пайдалану үшін және осы өтінішке тіркелген біздің ұсыныстарымызға сәйкес жалға алуға (сеніп басқаруға) (керегінің асты сызылсын) шарт жасауға келістік. 2. Біздің ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда, біздің өтініштеріміздің каралу нәтижелері туралы ресми хабарланған кезден 2 күннен аспайтын мерзімде шарт жасауға өзімізге міндеттеме аламыз. 3. Біздің өтінішіміздің қаралу нәтижелері туралы шешімді мына мекен-жайға салуды өтінеміз:_________________________________________________________ _________________________________________________________________________ 4. Осы өтінішке келесі құжаттар тіркеледi: _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________үшін (заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ (өкілетті тұлғалардың лауазымы, аты-жөні) Қолы______________200__жыл «____» ________________ Қабылданды 200__жыл «___»_______________ _____сағ. _____мин. Қолы ___________________________________ Р.S. Шартка-қол қойылғанға дейін, біздің ұсыныстарымыздың қабылдағандығы туралы Сіздің жазбаша хабарыңыз бар осы өтініш Тараптар арасындағы шарттық күші бар құжат болып есептеледі.