Об утверждении Правил Передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых производственных помещений и объектов, офисных помещений государственных коммунальных предприятий и организаций с государственным коммунальным участием, переданных в аренду или доверительное управление на условиях организации производственной деятельности или развития сферы услуг населению, за исключением торгово-закупочной (посреднической) деятельности Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілері меншігіне өндірістік қызметтерді ұйымдастыру немесе халыққа сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, қызмет көрсету саласын дамыту шартымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлары
мен объектілерін, кеңсе жайларын беру жөніндегі Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері меншігіне өндірістік қызметтерді ұйымдастыру немесе халыққа сауда-саттық (делдалдық) қызметінен - басқа, қызмет көрсету саласын дамыту шартымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік коммуналдық көсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлары мен объектілерін, кеңсе жайларын беру жөніндегі Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 23 қазандағы
№ 169 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Шағын кәсіпкерлік субъектілері меншігіне өндірістік қызметтерді ұйымдастыру немесе халыққа сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, қызмет көрсету саласын дамыту шартымен жалға немесе сенімгерлік баскаруға берілген мемлекеттік коммунаддық кәсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлары мен
объектілерін, кеңсе жайларын беру жөніндегі Ережесі
Тармақ 1
1. Осы ереже «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылгы 6 наурыздагы № 3398 Жарлығына және «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» 1997 жылгы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жасалынған және шағын кәсіпкерлік субъектілердің өндірістік қызметті ұйымдасгыру үшін пайдалану жағдайында бір жыл мерзімге берілген бос тұрған өндірістік үй-жайлар мен объектілер (әрі қарай - объект), аяқталмаған құрылыс объектілерін (әрі қарай – аяқталмаған құрылыс объектілері) мемлекеттік коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың кеңсе жайларын өткізілген тендерлерге сәйкес сенімгерлік басқару немесе оларға жалға берілген объектілерді меншік құқына өтуін бекіту тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Шағып кәсіпкерлік субъектілері объектілерді жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген бір жыл мерзімі аяқталғаннан кейін оларға сол объектілерді тегін беру туралы тиісті арыздарын мынадай жағдайда беруге құқылы:
Тармақша 1
1) жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы келісім-шарттың толығымен орындалуы;
Тармақша 2
2) объектіні сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, халыққа қызмет корсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыруға пайдалапу,
Тармақ 3
3. Шағын көсіпкерлік субъектілердің жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарты келісімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасы жанында (әрі қарай - басқарма) тұрақты жұмыс істейтін Комиссиялар (әрі қарай комиссия) құрылады. Комиссияның құрамына тиісті өкілетті органдардың (мемлекеттік мекемелердің) келісімімен олардың өкілдері енгізіледі.
Комиссия Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасының тиісті бұйрығымен құрылады.
Комиссияның төрағасы болып Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы немесе оның орынбасары тағайындалады.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілердің жалға алу немесе сенімгерлік баскару шарт келісімдерінің орындалуын бақылау жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен алты ай өткеннен кейін объектінің тұрған жеріне барып қарау арқылы жүзеге асырылады.
Комиссия аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілердің жалға немесе сенімгерлік басқару шартын орындауын, жүзеге асыру мерзімін тексеруді олардың шарт ережесі, инвестицияландыру колемі мен кезендеріне байланысты объектілерді пайдалануға қосу мерзіміне сәйкес өз бетінше белгілейді. Осы тұрғыда, тексеру- жұмыстары бір жылдың ішінде бір реттен жиі емес, ал қызметкерлер саны он адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік
субъектілерін үш жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша өндірістік қызметті ұйымдастыруы мен жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарттарының орындалуы жөнінде қорытынды жасалады, оған Комиссияның барлық мүшелері қолдарын қояды.
Комиссияның қорытындысының мазмұны міндетті түрде төмендегідей болуы тиіс: тексеру уақыты мен орны, Комиссия құрамы, объектінің аты, жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының нөмірі мен оның уақыты, өндірістік қызметтің жасалу факті, жүргізілген тексеру нәтижесі. Комиссияның объектіні жалға немесе сенімгерлік басқару шартын мерзімінен бұрын бұзу (қалпында қалдыру) қажеттілігі туралы қорытындысы.
Комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда әрбір Комиссия мүшесі өзінің айрықша ойын шешімде көрсетуге құқылы.
Тармақ 6
6. Қол койылған қорытындының бір данасы тексеру жасалғаннан кейінгі бес күннің ішінде шағын кәсіпкерлік субъектісі қолын қойғызып немесе тапсырысты хат арқылы беріледі.
Егер шағын кәсіпкерлік субъекті Комиссияның қортындысына келіспеушілік білдіретін болса, ол Комиссия қорытындысына Заңмен белгіленген ретте шағым білдіруге құқылы.
Тармақ 7
7. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша басқарма төмендегідей шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) объектіні жалға беру немесе сенімгерлік басқару шартын өз қалпында қалдыру;
Тармақша 2
2) жалға беру немесе сенімгерлік басқару шартын бұзу және объектіні сатуға қою (тендер, аукцион).
Жалға беру немесе сенімгерлік басқару шарттарын қалпында қалдыру туралы шешім, тек Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда және өндірістік қызметті ұйымдастыру жалгерлік немесе сенімгерлік баскару шарттарына сәйкес орындалғанда ғана қабылданады.
Тармақ 8
8. Объектіні жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шартының мерзімі аяқталғаннан кейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ұсынған, сауда-саттық (делдалдық) қызметінен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту мен өндірістік қызмет көрсетуін растайтын және жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру шарттарының орындалуын көрсететін құжаттарының негізінде басқарма төмендегідей шешім қабылдайды:
Тармақша 1
1) объектіні меншікке беру туралы;
Тармақша 2
2) шартты бұзу (аяқталмаған құрылыс объектілер бойынша - уақытынан бұрын бұзу) және-объектіні сатуға (тендер, аукцион) шығару туралы.
Объектіні меншікке беру туралы оң шешім жалға немесе сенімгерлік басқару шарты талаптары толығымен орындалған кезде ғана қабылданады.
Тармақ 9
9. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру, мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін тегін беру туралы шарты (Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін тегін табыстау туралы шарт тіркелді) негізімде және объектіні қабылдау-тапсыру актісі арқылы жүзеге асырылады.
Мәмілені тіркеу заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылған жағдайда объект қайтарылып, қайтадан сатуға (тендер, аукцион) қойылады.
Тармақ 11
11. Объектінің сакталуын қамтамасыз етпегенде, мақсатты пайдаланбағанда және т. б. жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі келтірілген зақымның орнын толтыруға міндетті.
Тармақ 12
12. Осы Ережемен реттелмейтін сұрақтар қолданыстағы заңдармен реттеледі.
Басқа 22. 1. Шарттың мән-мағынасы
Облыстық әкімиятының 2002 жылғы
23 қазандағы № 169 қаулысымен бекітілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілері меншігіне өндірістік
қызметтерді ұйымдастыру немесе халыққа сауда-саттық
(делдалдық) қызметінен басқа, қызмет көрсету саласын
дамыту шартымен жалға немесе сенімгерлік басқаруға
берілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік
коммуналдық меншікке қатысты ұйымдардың пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлары мен обьектілерін, қеңсе жайларын беру жөніндегі
Ережесіне ҚОСЫМША
Мемлекеттік коммуналдық меншікті тегін беру туралы
№____ ШАРТ
______________қ. 200__ жылғы «__»__________
«Облыстык коммуналдық меншік басқармасы туралы» 2001 жылғы 28 ақпандағы
облыс Әкімінің № 32 шешімімен бекітілген Ережесі негізінде, бір жағынан
Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасы атынан А. Қ. Қаратаев және
бұдан әрі «Басқарма» (өкілеті тұлғаның аты-жөні) деп аталады, және екінші
жағынан шағын кәсіпкерлік субъектісі
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлганың толық аты-жөні жөне мекен-жайы),
тұлға,___________________________________________________________________
(өкілетті тұлғаның аты-жөні)
_________________________________________________________негізінде, бұдан
әрі «Кәсіпкер» төмендегідей шарт жасасты.
1. Шарттың мән-мағынасы
1.1. Шарттың мән-мағынасы мекен-жайы_____________________________________
___________________________________, алаңы ш. м. (бұдан әрі объект) шағын
кәсіпкерлік субъектісінің 200__жылғы «__»_____________ берген ақпараттары
негізінде құқығына иеленген (өтініш), облыс Әкімінің 200__ жылғы «__»____,
№___ Шешімімен бекітілген комиссияның хаттамасы. 200__ жылғы «___»________
№___ «Сенімгерлік басқару келісім-шартының талаптарының орындалуы туралы»
Қалдық құны ________ теңге болатын объектіні «Басқарма» «Кәсіпкерге» тегін
беруі. Объектіні беру, осы шарттың бөлігі болып табылатын, қабылдау-тапсыру
актісі бойынша жүзеге асырылады.
1.2. Осы шарт белгіленген заң тұрғысында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиісті.
2. Жақтардың құқы мен міндеттері
2.1. Басқарма шарт жасасқаннан кейін үш күннің ішінде объектіні беру құжаттарын
ұсынуға міндетті. Басқарма объектіні Кәсіпкерге меншікке тегін бергеннен кейін
үш жыл мерзімде оның өндірістік мақсатта қолданылуын тексеруге құқылы.
2.2. Кәсіпкер объектіні үш жыл мерзімінде өндірістік мақсатта қолдануға міндетті.
Объектіні үш жыл мерзімінде біреуге беру немесе сату тек қана Басқарманың рұқсатымен
іске асырылуы тиісті.
3. Жақтардың жауапкершілігі
3.1. Егер объект өндірістік мақсатта қолданылмайтын болса, дұрыс бақыламау
нәтижесінде объектіге зиян келтірілсе және т. б., Кәсіпкер келтірілген
материалдық зияндардың орнын толтырып, объектіні Басқармага қайтаруға тиісті.
4. Қосымша талаптар
4.1. Осы шарт мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.
4.2. Шарт, занды күштері тең, қазақ және орыс тілдерінде, төрт
данада жасалып, екеуі Басқармада қалады, екеуі Кәсіпкерге беріледі.
5. Жақтардың мекен-жайлары мен қолдары
Облыстық коммуналдык Кәсіпкер
меншік басқармасы ____________________
Ақтөбе қ-сы, Әбілкайыр хан даңғылы, ____________________
40-үй, тел: 54-26-70, 54-35-92 ____________________
________________А. Қ. Қаратаев ____________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.
Шарт 200__ «__»____________күшіне енді.