О вопросах организации и развития лесного хозяйства области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың орман шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту мәселелері туралы
Облыс аумағындағы ормандарды сақтау мен қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан республикасының Орман Кодексінің 15-бабын басшылыққа алып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) облыстық жерді пайдалану және қорғауды бақылау жөніндегі инспекциясымен және облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетімен бірлесіп облыс аумағындағы орман қоры жерлерін заң талаптарына сәйкес тәртіпке келтіруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің талаптарына сәйкес қысқа мерзімде орман қоры учаскелерін пайдалануды куәландыратын мемлекеттік актілерді алуды аяқтасын;
Тармақша 3
3) ормандардың сақталуын, қорғалуын және тиімді пайдалануылуын бақылау жөніндегі жұмыстарды саралап, нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) орман алқаптарының топқа жатқызылуын, санатқа бөлінуін қайта қарап, қолданыстағы заңнамаға және қажеттілікке сәйкес жаңартсын;
Тармақша 5
5) орман өрттерінің, орманды заңсыз кесу, оны бүлдіру әрекеттерінің алдын алу және кінәлі адамдарды тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған нақты шаралар қабылдансын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсін.