Об утверждении типового договора купли-продажи земельного участка Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Жер учаскесін сатып алу-сатудың
үлгілік шарты
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Жер учаскесін сатып алу-сатудың
үлгілік шарты
_____ қаласы (кенті, ауылы)
№_______ 20___жылғы «___»___________
Біз, төменде қол қойғандар, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын
________________________________________________________________атынан
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган)
негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________________,
(басшының немесе өзге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
бір тараптан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын,
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін –– атауы, жеке тұлғалар үшін аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі) (оларға Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес жер учаскесіне меншік құқығын беруге болатын болса)
___________________________________________________________атынан
_______________________________________________негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін - басшының немесе өзге де уәкілетті
адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
екінші тараптан, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасастық:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың нысанасы
1-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Сатушы жергілікті атқарушы органның 20__жылғы «___» _________№ _______ шешімі негізінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатады, ал Сатып алушы сатып алады.
Тармақ 2
2. Жер учаскесінің орналасқан жері және оның деректері:
мекенжайы: _________________________________,
алаңы: _______ гектар,
нысаналы мақсаты: _____________,
пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар: ________________________,
бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі: _________________.
Тарау 2. 2-тарау. Жер учаскесінің бағасы
2-тарау. Жер учаскесінің бағасы
Тармақ 3
3. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын 20__жылғы «___» __________№___________ жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісіне сәйкес айқындайды және ______________ (жазумен) теңгені құрайды.
Тармақ 4
4. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын Сатып алушы Шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде төлеуге тиіс.
Сатып алушының жазбаша өтініші бойынша жер учаскесі он жыл мерзімге дейін бөліп төлеуге өткізілген жағдайда 4-тармақ мынадай редакцияда жазылады:
«4. Сатып алушы осы Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген жер учаскесі құнының кемінде бес пайызын құрайтын мөлшерде аванс енгізеді.
Кейіннен жер учаскесі үшін төлемді Сатып алушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес төлем графигіне сәйкес ай сайын енгізеді.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны, оны бөліп төлеуге сатқан кезде ______________ аумақтағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасы өзгерген жағдайда өзгертуге жатпайды.».
Тармақ 5
5. Жер учаскесінің құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен жеке сәйкестендіру коды _________________, мемлекеттік кірістер органының атауы _________________________, коды _______, бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________ жүзеге асырылуы мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Сатып алушы:
Тармақша 1
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатынан туындайтын мақсаттарда жерді пайдалана отырып, онда өз бетінше шаруашылық жүргізуге;
Тармақша 2
2) жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда шығындарды толық көлемде өтеуге;
Тармақша 3
3) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде немесе өзіне тиесілі жер учаскелеріндегі жер қойнауындағы кең таралған пайдалы қазбаларды, екпелердi, жерүстi және жерасты суларын кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсіз, белгiленген тәртiппен пайдалануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалануға;
Тармақша 4
4) белгіленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, қағидаларды, нормативтерді) сақтай отырып, жерді аймақтарға бөлуді ескере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес меншік құқығымен тұрғын, өндірістік, тұрмыстық және өзге де ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) салуға;
Тармақша 5
5) меншік құқығын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беруге;
Тармақша 6
6) осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген жер учаскесінің құны толық төленгеннен кейін жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мәмілелер жасауға құқылы.
Жер учаскесі бөліп төлеуге сатылған жағдайда 6-тармақ мынадай редакцияда жазылады:
«6. Сатып алушы:
«1) жер учаскесінің мақсатынан туындайтын мақсаттарда жерді пайдалана отырып, онда өз бетінше шаруашылық жүргізуге;
2) жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда шығындарды толық көлемде өтеуге;
3) белгіленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, қағидаларды, нормативтерді) сақтай отырып, жерді аймақтарға бөлуді ескере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес меншік құқығымен тұрғын, өндірістік, тұрмыстық және өзге де ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) салуға;
4) жер учаскесінің құнын мерзімінен бұрын толық көлемде немесе ішінара өтеуге;
5) осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген жер учаскесі құнының кемінде елу пайызын төлеген кезде, жер учаскесінің құны төленген жер учаскесінің бір бөлігін кепілге беруге;
6) осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген жер учаскесінің құны толық төленгеннен кейін жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мәмілелер жасауға, сондай-ақ меншік құқығын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беруге құқылы.».
Тармақ 7
7. Сатып алушы:
Тармақша 1
1) осы Шарттың 4-тармағына сәйкес жер учаскесінің құнын уақтылы төлеуге;
Тармақша 2
2) Сатушыға күнтізбелік 10 күн ішінде жер учаскесінің құнын төлеу туралы не осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде жер учаскесінің құнын төлеу бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда жазбаша хабарлама арқылы хабарлауға;
Тармақша 3
3) жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес және Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен сервитуттер беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзуға жол бермеуге;
Тармақша 7
7) жер учаскесінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, қағидаларды, нормативтерді) сақтауға;
Тармақша 8
8) тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жұмыстарды одан әрі жүргізуді тоқтата тұруға және бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;
Тармақша 9
9) жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған сәттен бастап алты ай мерзімде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын төлеуге;
Тармақша 10
10) жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы шешімінде көрсетілген мерзімде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (аталған шарт болған жағдайда) жобасын әзірлеуге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 570-бабына сәйкес жер салығын уақтылы және толық көлемде төлеуге;
Тармақша 12
12) осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде берілген жер учаскесіне төлем жасау жөніндегі міндет орындалмаған жағдайда, Сатып алушы учаскеге төлем жасалған күнге дейін жер учаскесі үшін сома төленуі тиіс күннен бастап мерзімі өткен мерзімге өсімпұлды (тұрақсыздық айыбын) күнтізбелік 30 күн ішінде төлеуге міндетті.
Өсімақы сомасы (тұрақсыздық айыбы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есептеледі.
Жер учаскесі бөліп төлеуге сатылған жағдайда 12) тармақша мынадай редакцияда жазылады:
Тармақша 12
«12) жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда Сатып алушы Сатушыға жер учаскесінің төленбеген құнынан мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді;»;
13) Сатушыны жер учаскесіне арналған барлық туындайтын ауыртпалықтар мен құқықтардың шектеулері туралы хабардар етуге міндетті.
Жер учаскесін құрылыс мақсаты үшін берілген жағдайда 7-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылады:
«14) Егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, объектінің құрылысын жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде аяқтауға міндетті.».
Тармақ 8
8. Сатушы:
Тармақша 1
1) осы Шартқа сәйкес жер учаскесінің құнын уақтылы төлеу бөлігінде талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Сатушы:
Тармақша 1
1) Сатып алушыға жер учаскесін осы Шарттың талаптарына сәйкес беруге;
Тармақша 2
2) Сатып алушыны жер учаскесіне арналған барлық ауыртпалықтар мен құқықтардың шектеулері туралы хабардар етуге міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі,
сондай-ақ шартты бұзу тәртібі
4-тарау. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі,
сондай-ақ шартты бұзу тәртібі
Тармақ 10
10. Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың ережелеріне қайшы келмеуге тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Тармақ 11
11. Осы Шарт:
Тармақша 1
1) осы Шарттың 4-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, осы Шарттың 7-тармағының 12) тармақшасында көзделген шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін өсімпұлды (тұрақсыздық айыбын) міндетті түрде төлеу шартымен тараптардың келісімі бойынша кез келген уақытта;
Тармақша 2
2) тараптар осы Шартта көзделген талаптарды бұзған кезде сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. Ерекше шарттар
5-тарау. Ерекше шарттар
Тармақ 12
12. Жер учаскесіне меншік құқығы Сатып алушыда мынадай шарттар орындалғаннан кейін басталады:
жер учаскесінің құнын толық төлеу;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын (жеке меншік құқығына акті) алу;
осы Шартты «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тіркеу.
Жер учаскесі бөліп төлеуге сатылған жағдайда 12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылады:
«Жер учаскесін кепілге беруді қоспағанда, осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген жер учаскесінің толық құны өтелгенше жер учаскесіне қатысты мәміле жасауға тыйым салынады.
Бөліп төлеуге сатылған жер учаскесін Сатып алушының кепілге беруіне оның құнының кемінде елу пайызын төлеген кезде жол беріледі. Бұл ретте құны төленген жер учаскесінің бөлігі ғана кепіл нысанасы болып табылады.».
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 13
13. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
Тармақ 14
14. Осы Шартта көзделмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының жер заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
Тарау 7. 7-тарау. Дауларды қарау тәртібі
7-тарау. Дауларды қарау тәртібі
Тармақ 15
15. Осы Шарт бойынша немесе оның қолданылуына байланысты туындауы мүмкін кез келген келіспеушіліктер немесе наразылықтар тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
Тармақ 16
16. Осы Шарттан туындайтын, келіссөздер арқылы шешілмейтін барлық келіспеушіліктер сот тәртібінде шешіледі немесе тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен қаралады.
Тарау 8. 8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Тармақ 17
17. Егер тиісінше орындау дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, халықтық толқулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шараларын қоса алғанда еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан мүмкін болмаса, егер бұл мән-жайлар тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына тікелей әсер еткен болса, тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 18
18. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған тарап олар басталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы екінші тарапты жазбаша хабардар етуге және тиісті дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 19
19. 17-тармақта көрсетілген мән-жайлар құзыретті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен расталуы тиіс.
Тармақ 20
20. Тиісті деңгейде хабардар етпеу, тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 21
21. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды дереу жаңартады.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытынды ережелер
9-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Осы Шарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 23. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
23. Осы Шарт екі данада жасалды, оның біреуі Сатып алушыға, екіншісі Сатушыға беріледі.
Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
«Сатушы»
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
________________________
(қолы, мөрі)
«Сатып алушы»
______________________
______________________
______________________
______________________
______________________
______________________
(қолы, мөрі (бар болса))
Басқа 1. Төлем графигі
20__ жылғы «___»___________
№ ______
жер учаскесін сатып
алу-сату Шартына
1-қосымша
Төлем графигі
Шарт бойынша жалпы сомасы ______________________________ теңге
Соңғы төлем мерзімі: 20__ жылдың «___»_______________.
Төлем күні
Сомасы (теңге)
Қалғаны
«Сатушы»
________________________
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
(қолы, мөрі)
«Сатып алушы»
______________________
______________________
______________________
______________________
______________________
______________________
(қолы, мөрі (бар болса))