Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Жамбылской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2019 жылғы 13 тамыздағы № 6-3-5/660 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Жамбыл облысының аумағында залалданған алқаптар көлемінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 4 - қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Инспекция, аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік арамшөптің аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына 1 - қосымша Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік арамшөптің аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі № Аудандар атауы Ауылдық округ атауы Залалдану аумағы (гектар) Жатаған (қызғылт) укекіре (Acroptilon repens D.C.) 1. Байзақ Дихан 170 Сазтерек 255 Барлығы 425 2. Жамбыл Қарасу 70 Айша-бибі 120 Қараой 90 Барлығы 280 3. Жуалы Мыңбұлақ 457 Барлығы 457 4. Қордай Үлкен Сұлутөр 500 Барлығы 500 5. Меркі Аспара 560 Кеңес 300 Ақтоған 300 Ақермен 500 Сарымолдаев 500 Барлығы 2160 6. Шу Тасөткел 500 Төлеби 500 Барлығы 1000 Облыс бойынша барлығы 4822
Басқа 11. Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік аурудың аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына 2 - қосымша Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік аурудың аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі № Аудандар атауы Ауылдық округ атауы Залалдану аумағы (гектар) Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі (Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al.) 1. Байзақ Сарыкемер 1 Жаңатұрмыс 3 Барлығы 4 2. Жуалы Ақтөбе 3 Шақпақата 10 Қызыларық 5 Барлығы 18 3. Қордай Қарасай 6,8 Барлығы 6,8 4. Т.Рысқұлов Қарақыстақ 2,5 Барлығы 2,5 Облыс бойынша барлығы 31,3
Басқа 12. Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік зиянкестердің аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына 3 - қосымша Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік зиянкестердің аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі № Аудандар атауы Ауылдық округ атауы Залалдану аумағы (гектар) Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina (Bigot)) 1. Сарысу Жаңаталап 10 Барлығы 10 Калифорниялық қалқаншалы сымыр (Quadraspidiotus perniciosus Comst.) 2. Байзақ Бурыл 15 3. Жамбыл Ақбастау 10 4. Жуалы Қарасаз 19 5. Қордай Қарасай 7 6. Т.Рысқұлов Құлан 15 Көкдөнен 8 Барлығы 74 Америкалық ақ көбелек (Hyphantria cunea Drury.) 7. Қордай Қарасу 23 Масаншы 11 Жаңатұрмыс 15 8. Меркі Андас Батыр 36 Барлығы 85 Барлығы облыс бойынша 169
Басқа 13. Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына 4- қосымша Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2602 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 сәуірінде «Ақ жол» газетінде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 32 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2945 болып тіркелген, 2016 жылдың 24 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3047 болып тіркелген, 2016 жылдың 13 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).