Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Сарани Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 болып тіркелген) сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы «26» қыркүйек 40 сессиясының № 445 шешіміне қосымша Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері № п/п Атауы Есептік бірлік Қызметтер құны, теңге 1. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тариф 1.1 Жайлы үйлер 1 тұрғын/айына 127,31 1.2 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын/айына 173,60 1.3 Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері 1м3 1388,79 2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған тариф 2.1 Жеке тұлғалар үшін 1м3 435,00 2.2 Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін 1м3 508,12 3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған тариф 1м3 81,13 4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф 1м3 0,00