Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода граждан (семьи), претендующих на получение жилищной помощи за счет средств районного бюджета Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бюджеті қаржысының есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу Ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 23.10.2006 № 371 шешімімен. «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-II Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілерін өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылдың 16 қарашасындағы № 477-I Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Аудан бюджеті қаржысының есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу Ережелері» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім Қостанай облысы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 3. Аудандық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесі
Жітіқара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 қазандағы № 170 шешіміне қосымша Аудандық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесі Бұл Ереже аудандық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасының) жиынтық табысын есептеудің тәртіптерін анықтайды.
Тарау i. I. Жалпы Ережелер
I. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғалардың (отбасының) жиынтық табысын оны тағайындауды жүзеге асырушы уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 2
2. Отбасылардың жиынтық табысын есептеу кезінде көмек алуға өтініш берілген өткен тоқсан ішіндегі заттай және ақшалай нысандағы табыстың барлық түрі есепке алынады.
Тармақ 3
3. Жиынтық табысты есептеу өтініш жасаушының тапқан табыстары туралы берген мәліметтері (жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақының барлық түрі, сондай-ақ облыстық, аудандық бюджеттер қаржысы есебінен көрсетілген материалдық көмектің барлық түрлері) негізінде жүргізіледі.
Тарау ii. II. Еңбекақы төлеу түріндегі табыстар
II. Еңбекақы төлеу түріндегі табыстар
Тармақ 4
4. Табыстың барлық түрлері, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, негізгі жұмысы мен қосымша жұмыс істеген уақытындағы қызметкерге төленген ақшалай сомаларды қоса есептегендегі сыйлық, қосымша ақы, үстеме ақы, ақшалай және заттай нысандағы (қаржыландыру көзіне қарамастан), әлеуметтік жеңілдіктер.
Тармақ 5
5. Жерлеу мен туылған баланың жәрдемақысының басқа кәсіпорындар (ұйымдар), есебінен төлемдер мен жалақыны есептеу кезінде есепке алынбаған төлемнің басқа түрлері.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстарға төленген еңбекақы.
Тармақ 7
7. Қызметкерге берілуге тиісті жалақы мен одан ұсталған соманың көлемі міндетті түрде көрсетіліп, оған бас бухгалтер мен мекеме басшысының қолдары қойылған жалақы жайындағы анықтама жиынтық табысты есептеу негізгі болып табылады.
Тармақ 8
8. Салық комитетінде міндетті түрде тіркеліп, еңбек шартының көшірмесімен расталған жалақы (көрсетілген нысанда) туралы жеке кәсіпкерден анықтама.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қарауында үй шаруашылығымен айналысушылардың жиынтық табысын есептеу кезінде нотариалды куәландырылып қол қойылған еңбек шартында көрсетілген шынайы жалақысы есепке алынады.
Тармақ 10
10. Құрамының біреуі шет елде жұмыс істейтін отбасының жиынтық табысын септеу кезінде олардың жалақылары Қазақстан республикасының Ұлттық банкі айқындаған ұлттық, сондай-ақ шет елдік валюта курсы бойынша отбасының жиынтық табысына қосылатын болып есепке алынады.
Тарау iii. III. Зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлем түрлері
III. Зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлем түрлері
Тармақ 11
11. Заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленгендей тәртіпте тағайындалған зейнетақының барлық түрлері.
Тармақ 12
12. Мүгедектік пен жасы ұлғаю және асыраушысынан айырылуы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
Тармақ 13
13. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар.
Тармақ 14
14. Төлем көздеріне қарамастан студенттерге, аспиранттарға, доктаранттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендиялар.
Тармақ 15
15. Жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар (оның ішінде бала күтімі бойынша бала күтімі бойынша).
Тармақ 16
16. Жүктілік пен бала туғанда берілетін жәрдемақылар.
Тармақ 17
17. Тұрмысы төмен азаматтарға төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Тармақ 18
18. Тұрмысы төмен азаматтарға берілетін біржолғы өтем мен материалдық көмек.
Тарау iv. IV. Балаларға және басқа да қамқорлықтарға алынған алименттері
IV. Балаларға және басқа да қамқорлықтарға алынған алименттері
Тармақ 19
19. Балаларға және басқа да қамқорлықтарға алынған алименттер отбасының жиынтық табысына кіреді, ал отбасы мүшелеріне төленген алименттер жиынтық табыстан алынып тасталды. Алынған алименттер берілуге тиіс және есептелу уақытына қарай отбасының жиынтық табысы болып есептеледі. Алиментті төлеушіге тиісті жалақының қайта есептелуіне байланысты алынған қосымша сомалар, қарызға жатпайды және де ол алынған уақытына қарай отбасының жиынтық табысы болып есептеледі.
Тармақ 20
20. Жауапкер алушыға тиісті соманы төлеген жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдардың аударған сомасы көрсетілген анықтамасы,почта бөлімшесінің анықтамасы және азаматтардың жеке өтініштері бойынша алименттер отбасының жиынтық табысы болып есептеледі. Неке бұзылған жағдайда жауапкердің Қазақстан Республикасынан тыс кету себепті алименттерді алу мүмкін кезінде болмаса, жиынтық табысты есептеу кезінде құқық қорғау органдарынан, сот орындаушыларынан жауапкердің жоқ екенін дәлелдейтін анықтама алынады. Жұбайлар арасындағы неке бұзылмаған жағдайда, бірақ көмек алуға өтініш берген кезде әкесінен (анасынан) алимент төлету туралы сот шешімі шығарылса, отбасының жиынтық табысын анықтауда өткен уақыт үшін әкесінің (анасының) табысы есепке алынады.
Тарау v. V. Мертіккен немесе денсаулығына басқалай зиян келтірілген залал орнына алынатын біржолғы өтем сомалары
V. Мертіккен немесе денсаулығына басқалай зиян келтірілген залал орнына алынатын біржолғы өтем сомалары
Тармақ 21
21. Отбасының жиынтық табысына қызметкердің жарақат алып жұмысқа жарамауына байланысты келтірілген залал орнын толтыруға, заңда белгіленгендей көлемде жұмыс беруші төлейтін біржолғы өтем ақылар мен басқа да шығындар кіреді.
Тарау vi. VI. Кәсіпкерлік жұмыс пен басқа да жұмыс түрлерінен түсетін табыстар
VI. Кәсіпкерлік жұмыс пен басқа да жұмыс түрлерінен түсетін табыстар
Тармақ 22
22. Жиынтық табыс құрамына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар кіреді.
Тармақ 23
23. Отбасы жиынтық табысына, егер жалға тұрғын үй беруші пәтер жалдаушы секілді барлық коммуналдық қызметтерді төлесе, тұрғын үй жалдағаннан түсетін табыстың бір бөлігі кіреді.
Тармақ 24
24. Жиынтық табысқа құрамына ақшалай және заттай нысандағы ұтыстар да кіреді.
Тарау vii. VII. Жиынтық табысты есептеу
VII. Жиынтық табысты есептеу
Тармақ 25
25. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй көмегі тағайындалғанға дейінгі тоқсандағы отбасының барлық адамдарының табысы кіреді. Отбасындағы тоқсандық орташа айлық табыс осы кездегі отбасының жиындық табысын үш айға бөлу жолымен есептелінеді. Егер отбасы мүшелерінен бір адам тоқсаннан аз жұмыс істесе, оның жалақысы сол тоқсандағы айға есептеледі де оның орташа айлық табысы жалпы жалақыны бөлу, ал қалған табыстар үш айға бөлу жолымен анықталады.
Тармақ 26
26. Жұмыссыз болып жұмыспен қамту қызметінде алғаш тіркелген азаматтар үшін, бұрын еш жерде жұмыс істемесе, өткен тоқсан үшін тапқан табысын көрсету талап етілмейді. Табыстың болмауы соңғы жұмыс орнынан шыққандағы еңбек кітапшасының көшірмесімен дәлелденеді. Тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмектерді есептеу кезінде табыстарының дәлелденуі қиын азаматтар үшін мынандай есептік көрсеткіші қолданылады: 16-дан 18 жасқа дейінгі азаматтар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш; жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш; 18-ден зейнеткер жасына дейінгі азаматтар үшін - айлық есептік көрсеткіш.
Тарау viii. VIII. Отбасының жиынтық табысын есептеу үшін қажетті құжаттар тізімі
VIII. Отбасының жиынтық табысын есептеу үшін қажетті құжаттар тізімі Отбасы құрамы туралы анықтама; жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, атаулы көмектер туралы анықтама; халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органнан (жұмыссыздық үшін) анықтама; алименттер көлемі немесе жауапкердің болмау себебі туралы сот орындаушыдан, құқық қорғау органдарынан анықтама; кәсіпкерлікпен шұғылданушылардың салық комитетінен анықтамасы;
Тармақ 27
18 жастан асқандар үшін (алатын стипендия көлемі немесе табысы жоқ екендігі көрсетілген) оқу орнынан анықтама.
Тарау ix. IX. Көмек сұрауға өтініш білдірушінің тапқан табысы туралы берген мәліметтеріне жауапкершілігі
IX. Көмек сұрауға өтініш білдірушінің тапқан табысы туралы берген мәліметтеріне жауапкершілігі
Тармақ 27
27. Көмек сұрауға өтініш жасаушы тапқан туралы тапсырған мәліметтердің анықтығы үшін белгіленген заң тәртібімен жауап береді.