Об утверждении Правил учета и формирования условных пенсионных обязательств, формирования и использования резервных фондов, методики расчета и структуры резервных фондов Күшін жойған
Басқа 0
Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және
қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және
пайдалану қағидаларын, резервтік қорларды есептеу
әдістемесі мен құрылымын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру,
резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары,
резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы «___» ____________
№ ___ қаулысымен
бекітілді
Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру,
резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары,
резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және шартты зейнетақы міндеттемелерін жеке тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – БЖЗҚ) шартты зейнетақы шоттарында есепке алуды жүргізу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) есептеу күні – шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру жүргізілетін күн;
Тармақша 2
2) жас когортасы – бір күнтізбелік туған жылымен біріктірілген адамдар тобы;
Тармақша 3
3) келтірілген күтілетін құны – пайыздық мөлшерлемесі және өлім ықтималдығы қамтылатын кестелер пайдаланыла отырып, есептеу күні мен зейнетақы төлемдерiн алушыға зейнетақы төлемін жүзеге асыру күні арасындағы уақыт кезеңі ескеріле отырып есептелген (дисконтталған) зейнетақы төлемдерiнің күтілетін (ықтимал) құны;
Тармақша 4
4) резервтік базис – тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемеден, өлім-жітім кестесі мен зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесінен тұратын және шартты зейнетақы міндеттемелерінің шамасына әсер ететін өлшемдер мәндерінің жиынтығы;
Тармақша 5
5) тарифтік базис – тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемеден, өлім-жітім кестесі мен зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесінен тұратын және зейнетақы төлемінің шамасына әсер ететін өлшемдер мәндерінің жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру
2-тарау. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру
Тармақ 3
3. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру жеке тұлғаға шартты зейнетақы шотын ашуды, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес келіп түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыруды, сондай-ақ шартты зейнетақы міндеттемелерін және тиісті қаржы жылына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiнің мөлшері туралы мәліметтерді есепке алуды, сондай-ақ жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотын жабуды қамтиды.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін БЖЗҚ-та шартты зейнетақы шоттарын ашу БЖЗҚ iшкi құжатында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде БЖЗҚ-қа жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу агенті ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) негізінде жүзеге асырылады.
БЖЗҚ-та жеке тұлғаның атына ашылған шартты зейнетақы шоты болған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бұрын ашылған шартты зейнетақы шотына аударылады.
Тармақ 5
5. БЖЗҚ жеке тұлғалардың тізімі негізінде жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарын электрондық нысанда тіркейді.
Тармақ 6
6. Шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру Заңның 31-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде резервтік базис негізінде әрбір зейнетақы төлемдерiн алушы бойынша жеке-жеке жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесін қоспағанда, резервтік базис өлшемдерінің мәндері резервтік базис тарифтік базиске қарағанда консервативті болатын жағдайда қоспағанда, тарифтік базис өлшемдерінің мәндеріне ұқсайды.
Резервтік базис тарифтік базиске қарағанда консервативті болған жағдайда:
Тармақша 1
1) резервтік базистің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі тарифтік базистің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесіне қарағанда аз;
Тармақша 2
2) резервтік базистің, өлім-жітім кестесінің коэффициенттері барлық жас бойынша тарифтік базистің тиісті кестелерінің коэффициенттерінен аз.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жекелеген зейнетақы төлемдерiн алушы бойынша шартты зейнетақы міндеттемелері келтірілген зейнетақы төлемдерiнің күтілетін құнына тең.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен барлық зейнетақы төлемдерiн алушылар бойынша шартты зейнетақы міндеттемелері есептеу күніне БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерi тағайындалған барлық жеке тұлғалар бойынша шартты зейнетақы міндеттемелерінің сомасы ретінде есептеледі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және өзге де түсімдерді, шартты зейнетақы міндеттемелерін және жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарында тиісті қаржы жылына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiнің мөлшері туралы мәліметтерді есепке алу, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға арналған шартты зейнетақы шоттарындағы қаражатты есепке алу теңгемен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттары БЖЗҚ-қа жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімі түскен күні ашылады.
Тармақ 12
12. Шартты зейнетақы шотының құрылымында Қағидалардың қосымшасына сәйкес міндетті деректер қамтылады.
Тармақ 13
13. БЖЗҚ шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алуды шартты зейнетақы міндеттемелері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігінің құнын есептеу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Келіп түскен, жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотында есепке алуға жатпайтын сомаларды есепке алу үшін келіп түскен күні кредиторлық берешек шоты ашылады (қажет болғанда).
«Анықтағанға дейінгі өзге сомалар» шоты бойынша шартты зейнетақы шоттарына немесе жеке тұлғалардың кредиторлық берешек шоттарына аударуға жатпайтын өзге түсімдерді есепке жазу және (немесе) есептен шығару тәртібі БЖЗҚ-тың iшкi құжатында айқындалады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы растайтын мәліметтер және (немесе) құжаттар алған жағдайда БЖЗҚ-тағы шартты зейнетақы шоты жабылады.
Тармақ 16
16. БЖЗҚ-та шартты зейнетақы шоты жабылған соң жабылған шартты зейнетақы шотының нөмірі басқа жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотына берілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану,
резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы
3-тарау. Резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану,
резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы
Тармақ 17
17. Резервтік қорлардың құрылымына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың әрбір жас когортасы бойынша бөлек қалыптастырылатын резервтік қорлар (бұдан әрі – когорталар бойынша резервтік қорлар);
Тармақша 2
2) шартты зейнетақы міндеттемелері бойынша резервтік қор.
Тармақ 18
18. Когорталар бойынша резервтік қорлар жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарынан:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнет жасына жетпеген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы растайтын мәліметтер және (немесе) құжаттар алған жағдайда. Бұл тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарынан аудару олар зейнет жасының жас когортасына жеткен жылы жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнет жасына жеткен жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың соңғы күні республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан асатын;
Тармақша 3
3) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы жеке тұлғаның өтінішін орындау күніне республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан асатын қаражатты аудару есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Когорталар бойынша резервтік қорлар когорталар бойынша резервтік қорлардың шартты зейнетақы шоттарында есепке алынатын қаражатты Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнет жасының жас когортасына жеткен жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың соңғы күні әрбір жас когортасының ішінде жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына біркелкі бөлу арқылы пайдаланылады. Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасына сәйкес когорталар бойынша резервтік қорлардың шартты зейнетақы шоттарына бұрын аударылған жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына бөлу жүзеге асырылмайды.
Тармақ 20
20. Қағидалардың 19-тармағына сәйкес қаражаттың қайта бөлінуін ескере отырып, когорталар бойынша резервтік қорлардың ағымдағы құны күнтізбелік жылдың соңына 0 (нөл) теңге болады.
Тармақ 21
21. Шартты зейнетақы міндеттемелері бойынша резервтік қор:
Тармақша 1
1) БЖЗҚ-қа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) түсетін жеке тұлғалардың тізімдерінде көрсетілген кезеңдер туралы мәліметтерге сай Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерiне құқықтың басталу күніне жиынтығында күнтізбелік алпыс айдан аз жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған;
Тармақша 2
2) егер мүгедектік мерзімсіз белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектер болып табылатын, БЖЗҚ-қа Мемлекеттік корпорациядан түсетін жеке тұлғалардың тізімдерінде көрсетілген кезеңдер туралы мәліметтерге сай Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерiне құқықты іске асыру күніне жиынтығында күнтізбелік алпыс айдан аз жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған;
Тармақша 3
3) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар басталғанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан астам;
Тармақша 4
4) зейнет жасына жеткен және Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерiне құқықтың басталу күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл өткен соң зейнетақы төлемдерiне өзінің құқығын іске асырмаған;
Тармақша 5
5) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерiне құқықты іске асыру сәтіне дейін зейнет жасына жеткен жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы растайтын мәліметтер және (немесе) құжаттар алған жағдайда жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарынан қаражат аудару есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Шартты зейнетақы міндеттемелері бойынша резервтік қор:
Тармақша 1
1) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған күні жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотындағы қаражат республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажет сомадан төмен болған жағдайда жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарындағы қаражатты толықтыру үшін пайдаланылады. Толықтыру жетпей тұрған айырма сомасына, бірақ Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотынан бұрын есептен шығарылған сомадан аспайтын сомаға жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы қате алған жағдайда жеке тұлғалардың өтініші бойынша бұрын есептен шығарылған қаражат сомасына жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін;
Тармақша 3
3) Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың өтініші бойынша бұрын есептен шығарылған қаражат сомасына жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін пайдаланылады.
Тармақ 23
23. Қағидаларда реттелмеген шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру мәселелері БЖЗҚ iшкi құжаттарына сәйкес реттеледі.
Басқа 1-1
Шартты зейнетақы міндеттемелерін
есепке алу және қалыптастыру,
резервтік қорларды қалыптастыру
және пайдалану қағидаларына,
резервтік қорларды есептеу
әдістемесі мен құрылымына
қосымша
Шартты зейнетақы шотының құрылымында мынадай міндетті деректер қамтылады:
A BBBBBB CC DD ..., мұнда:
A
- зейнетақы жарнасының түрін белгілеу
1-цифр
Зейнетақы жарнасының түрін білдіреді, мұнда
«4» - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары.
ВВВВВВ
- баланстық шот нөмірі
2, 3, 4, 5, 6, 7-цифрлар
Шоттар жоспарының шотын білдіреді.
СС
- өңір (облыс) коды
8, 9-цифрлар
Өңір (облыс коды) - «00» цифрлары
DD
- БЖЗҚ коды
10, 11-цифрлар
БЖЗҚ коды - «00» цифрлары.