Об установлении размеров социальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін әлеуметтік көмектік мөлшерін белгілеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімиятының 08.12.2003 № 322 қаулысымен. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығының 20 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Таран ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (ай сайын) 230 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек ретінде жыл сайынғы әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шара белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек тағайындаудың және төлеудің ұсынылып отырған тәртібі туралы ережелер бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2001 жылғы 8 ақпандағы № 20 "2001 жылға арналған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудан әкімі шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы ережені орындауды жүзеге асырсын (Л.Г. Өтешева).
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы басқармасы (В.С. Пирог) Ұлы Отан соғысының әлеуметтік көмекті аудандық бюджетте қажеттік қаражат көздесін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Таран аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевке жүктелсін.
Басқа 7
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Таран ауданы әкімиятының 2002 жылғы 15 қазандағы № 197 қаулысына қосымша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің тәртібі туралы Ережелер Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Жарлығының 20 бабына сәйкес әзірленді.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер Осы Ережелер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсетуді реттейді.
Тарау ii. II. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
II. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек өтініш негізінде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам, тұратын жері бойынша, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі уәкіл органы) береді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек сұраушы белгіленген үлгі бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш береді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті қарауды әлеуметтік көмек тағайындау комиссия 10 күндік мерзімде асырады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту дәлелді болған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан есептеледі.
Тармақ 7
7. Берілген ақпаратты растағанына өтінішті қабылдаған тұлғалар толық жауап береді. Ақша төленгеннен ақпараттың рас еместігі, не басқа заң бұзушылық анықталса, заңсыз төленген сома Заңмен белгіленген тәртіп бойынша, кінәлі тұлғадан өндіріліп алынады.
Тарау iii. III. Әлеуметтік көмекті төлеу
III. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Уәкіл органы комиссияның шешімі негізінде әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, ай сайын қаржыландыруға аудандық қаржы бөліміне өтінім ұсынады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті банкілік операцияларына лицензиясы бар, мемлекеттіксатып алу туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталған мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкіл органы ұсынған тізімдеріне сәйкес өткен ай үшін төленеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек алушының қайтыс болған уақытынан тоқтатылады.
Тарау iv. IV. Әлеуметтік көмек төлеуге бақылау жасау
IV. Әлеуметтік көмек төлеуге бақылау жасау
Тармақ 13
13. Уәкіл органы ай сайын АХАТ органдарынан әлеуметтік көмек тағайындалғандардың қайтыс болған жағдайларын тіркеу туралы мәлімет сұратып отырады.
Тармақ 14
14. Уәкіл органы ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Қазақстан Республикасынан, облыс, ауданның тыс жерлерге кеткен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер туралы мәлімет сұратып отырады.
Тармақ 15
15. Дұрыс ресімделмеген құжаттар бойынша заңсыз әлеуметтік көмек төленіп кетсе, осыған кінәлі лауазымды адамдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Тармақ 16
16. Төленген сомаларға бақылау ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті банкілік операцияларына лицензиясы бар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталған мекеме және уәкіл органы арасындағы салыстырып тексеру актілері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы басқармасы әлеуметтік көмекке бюджет қаражатының дұрыс шығындалуына тексерулерді жүзеге асырады.