Об утверждении Правил общего водопользования в Жамбылской области Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №19-1/252 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеудің тізілімiнде №11434 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы»
Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы «26» қыркүйектегі
№38-9 шешіміне келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Шу-Талас
бассейндік инспекциясы басшысының
міндетін атқарушы
__________________ Г.Имашева
«____» ____________ 2019 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
комитеті Жамбыл облысының
тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау
департаментінің басшысы
___________________ Б.Жарқынбеков
«____» ____________ 2019 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Жамбыл облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
___________________ Б.Қалымбетов
«____» ____________ 2019 жыл
Басқа 4. Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Жамбыл облыстық мәслихатының
2019 жылғы «26» қыркүйек № 38-9
шешіміне қосымша
Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38 бабының 1) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №11434 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді Жамбыл облысының әкімдігі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып белгілейді.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105 бабының 3 тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 11
11. Жамбыл облыстық маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
Тармақ 11-1
11-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған «Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген), «Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 178 қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 болып тіркелген) бекітілген жерлерді есепке алмағанда, Жамбыл облысының аумағында орналасқан су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында шомылуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) бұйрығының 10 тармағына сәйкес шағын көлемді кемелермен жүзу кезінде:
Тармақша 1
1) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге және су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары мен жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге;
Тармақша 2
2) жағажайлар мен суға түсуге ұйымдастырылған басқа да орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 10 метрге дейінгі қашықтықта жақындауға жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Жамбыл облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67 бабының 3 тармағына және 68 бабының 4 тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Жамбыл облыстық мәслихатының ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Жамбыл облыстық мәслихат мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 15
15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Су пайдаланушы жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 17
17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.