Об утверждении Правил формирования, размещения и выполнения государственного оборонного заказа Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру,
орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 қазандағы
№ 759 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды, салааралық үйлестіруді және оның орындалуын бақылауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
2-тарау. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
Тармақ 3
3. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қорғаныстық тапсырысты алушылар (бұдан әрі – алушылар) тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) ұлттық стандарттарға сәйкес қалыптастырады.
Техникалық тапсырманы қалыптастыру кезінде сатып алынатын қорғаныстық тапсырыс өнімін жиынтықтау бойынша қосымша талаптарды қосуға жол беріледі.
Алушылар ұлттық стандарттар болмаған кезде қару-жарақты, әскери техниканы біріздендіру, стандарттау, жедел үйлестіру және олардың жаңа (тәжірибелік) үлгісін сатып алу мақсатында талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетіп, сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмысқа және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өніміне) техникалық тапсырманы дербес қалыптастырады.
Ұлттық стандарттар болмаған кезде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, патентті, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, тауарды шығарған елдің атауын және өндірушінің атауын көрсетуге жол беріледі.
Алушы заттай мүлік бойынша техникалық тапсырманы жасау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған заттай мүлікті қоспағанда, кемінде 30 % шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талапты көздейді.
Тармақ 5
5. Алдындағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей алушылар қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға сатып алуға жоспарланатын қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (мөлшері) және жеткізу орны туралы мәліметтер көрсетілген, тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген техникалық тапсырманы қағаздағы және электрондық түрде қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді. Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жылғы кезең алдындағы қаржы жылы болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде техникалық тапсырмаларды қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.
Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл ағымдағы қаржы жылы болып табылады.
Тармақ 7
7. Алушылар ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты алушылардың бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат алушыларда болғанда) техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға өзі жібереді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті ұйым техникалық тапсырманы алған сәттен бастап алушылардың өкілдерін тарта отырып, техникалық тапсырмаларды шетелдік өндірушілермен пысықтау бойынша рәсімдерді жүргізеді.
Тармақ 9
9. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда алушылардың атына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде алушының атына қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар тізбесін, сондай-ақ тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ұсынған қорғаныстық тапсырыс өніміне ең төмен бағаны жібереді.
Жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сатып алынады.
Тармақ 11
11. Алушы ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда ұсынылған бағаға сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бұрын тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыста бекітілген сома шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымға енгізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақтыланған өтінімді ұсынады.
Тармақ 12
12. Лимиттер жеткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымдарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 25 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында техникалық тапсырмаларды қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.
Тармақ 14
14. Алушылар ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында қаражат алушыларда болғанда техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.
Тармақ 15
15. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 20 шілдесіне дейінгі мерзімде орындаушыны таңдау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда алушылардың атына Баға белгілеу қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттаманы – жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
Тізілімге енгізілген, заттай және арнаулы мүлікті, жеке қорғану құралдарын өндіруге маманданатын отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер өнімнің техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алушылардың атына пайдаланылатын шикізаттың сапасын растайтын құжаттармен қоса мәлімделетін өнімнің үлгілерін ұсынады.
Мәлімделетін өнімнің үлгілері осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.
Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің жоспарлы калькуляцияны ұсынуы олардың келіскенін және техникалық тапсырмада көзделген шарттарды сақтап, қорғаныстық тапсырыс өнімін жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігін растау болып табылады.
Жоспарлы калькуляцияны ұсынған кезде баламалы техникалық тапсырмаларды ұсынуға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда орындаушыны таңдау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы (комиссиялары) (бұдан әрі – орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия) құрылады.
Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссияға қызмет бағыты бойынша алушының арнайы білімі бар өкілдері (мамандары) енгізіледі.
Заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту және олардың техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында алушының өкілдері қатарынан комиссия құрылады.
Заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және оның жұмыс тәртібін алушы айқындайды.
Тармақ 17
17. Шешім дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған кезде алушының өкілі дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 18
18. Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және жұмыс тәртібін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды, ал оның (олардың) қызметі аудио және бейнетіркеу қолданылып, жабық режимде жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Қаражат алушыда болғанда алушылар орындаушыларды таңдау жөніндегі өз комиссиясын қалыптастырады. Шешім дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 20
20. Заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейінгі мерзімде заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекітеді және олардың техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Комиссия ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерінің техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған кезде алушы анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы ұйымды жазбаша түрде хабардар етеді.
Ұйым хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үлгілерді қоса беріп, алушыны анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Комиссияның қарауы үшін пысықталған үлгілер белгіленген мерзімде ұсынылмаса, ұйым ұсынған жоспарлы калькуляция ашып қаралмайды.
Алушы ағымдағы қаржы жылының 20 тамызына дейінгі мерзімде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға үлгілерді бекіту туралы акт жібереді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және алушы ағымдағы қаржы жылының 25 шілдесі – 25 қыркүйегі аралығында қаражат алушыда болғанда орындаушыларды таңдау рәсімдерін жүргізеді.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе қаражат алушыда болғанда алушы тізілімге енгізілген ұйымдар қатарынан орындаушыларды таңдауды конкурстық негізде жүргізеді.
Заттай және арнаулы мүлік, жеке қорғану құралдары бойынша орындаушыларды таңдау үлгілерін заттай және арнаулы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия бекіткен тізілімге енгізілген ұйымдар арасынан жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін өткізген уақытта орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия отырысына конверттерді (баға ұсыныстарын) аудио-, бейнетіркеумен ашып қарау және комиссия мүшелері отырыс хаттамасына қол қойған кезде қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының конкурсқа қатысатын өкілдері қатысуға құқылы.
Орындаушыларды таңдау мақсатында жоспарлы калькуляцияны ұсынған ұйымдар күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, орындаушыларды таңдаудың алдағы рәсімі туралы күнтізбелік 5 күн бұрын электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
Жоспарлы калькуляциясы бар конверттерді ашып қарауды орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия ұйымдарға хабарламада көрсетілген күні, уақытта және орында орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен жүргізеді.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу қажет болған кезде қорғаныстық тапсырыстың нақты іс-шарасы шеңберінде тізілімге енгізілген ұйымда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстарды жүргізуге рұқсатының бар-жоғы ескеріледі.
Тармақ 23
23. Орындаушыны таңдау кезінде орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия ең төмен бағаны ұсынған ұйымға қатысты шешім қабылдайды.
Тармақ 24
24. Егер орындаушыны таңдау кезінде бөлінген лимиттен аспайтын бір жоспарлы калькуляция ұсынылса, орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия осы ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы ретінде таңдауға қатысты шешім қабылдайды.
Тармақ 25
25. Егер екі және одан да көп ұйымның қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляциясы бірдей болған жағдайда осы қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша орындаушы қайта таңдалады.
Бұл ретте мәлімделген құнның төмендеуін ескеріп, жоспарлы калькуляция мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуы алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Осы іс-шара қорғаныстық тапсырыстың орындаушысы айқындалғанға дейін мәлімделген құнын төмендету арқылы жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Жоспарлы калькуляция конвертте беріледі, ол орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылады.
Ұсынылған жоспарлы калькуляция осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.
Тармақ 27
27. Қорғаныстық тапсырысты орындаушы болып танылған кәсіпорын шарт жасаудан және/немесе ұсынылған техникалық тапсырманы орындаудан бас тартқан кезде орындаушыларды таңдауға қатысқан және ең төмен баға ұсынған келесі ұйым орындаушы болып саналады.
Тармақ 28
28. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер арасында орындаушыны таңдау жасалмағанда қорғаныстық тапсырыстың осы өнімі бойынша орындаушы қайта таңдалады.
Бұл ретте жоспарлы калькуляция мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Егер орындаушыны қайта таңдау кезінде тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер арасында орындаушы анықталмаған жағдайда іс-шара уәкілетті ұйымның орындауына беріледі.
Тармақ 29
29. Орындаушыны таңдау нәтижесі туралы орындаушылар таңдаған ұйымдар қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде электрондық түрде хабардар етіледі.
Хабарламада таратылуы шектелген мәліметтер болған кезде хабарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтап, қағаз түрінде жіберіледі.
Тармақ 30
30. Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындаудан бас тартқан жағдайда осы іс-шараға бөлінген ақша қаражатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты түзету шеңберінде өзге іс-шараларға қайта бөлуге болады.
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардың 15 – 30-тармақтарының қолданысы оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, техникалық және арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу (бұдан әрі – жою) кезінде уәкілетті ұйымға қолданылмайды.
Тармақ 32
32. Айрықша жағдайларда кенеттен туындаған қатер пайда болған, төтенше ахуал туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде, мемлекетте қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді шешу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік әзірлікте ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Республикалық жедел штабының міндеттерін шешу мақсатында қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін қажеттілігіне қарай жүргізеді.
Орындаушыны таңдау рәсімін жүргізу туралы шешімді орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия қабылдайды.
Бұл ретте жоспарлы калькуляция мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 33
33. Қаражат алушыда болғанда алушы ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейінгі мерзімде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Тармақ 34
34. Қорғаныстық тапсырыс жобасы алушылардың өтінімі бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Заңға, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, орталық атқарушы органдардың даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес қалыптастырылады.
Алушылардың өтінімін бірінші басшы немесе өтінімге қол қоюға уәкілетті адам бекітеді және ол мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Алушы уақтылы және/немесе сапала ұсынылмаған өтінім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының тиісті жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізілгенге дейін оны Қазақстан Республикасындағы қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және ерекше тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес міндет түрде қарайды.
Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджет нақтыланған және (немесе) түзетілген жағдайда жүргізіледі.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты уақтылы және (немесе) сапалы қалыптастырмағаны үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 36
36. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар қорғаныстық тапсырысты өздеріне қатысты бөлікте орындауға тиісті шарттардың жобаларын жіберу арқылы оның тапсырмаларын тиісті орындаушылардың назарына жеткізеді.
Тармақ 37
37. Алушылар тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне және (немесе) республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер береді.
Тармақ 38
38. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру Заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен айқындалады.
Тармақ 39
39. Осы Қағидалардың 4 – 38-тармақтарының талаптары арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар үшін қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру ерекшеліктері
3-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар үшін қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру ерекшеліктері
Тармақ 40
40. Қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) әскери мақсаттағы орындалатын жұмыстарды және әскери мақсатта көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа енгізуге жататын қорғаныстық тапсырыс өнімінің тізбесін өздерінің бюджеттік өтінімдерінің құрамында айқындайды.
Тармақ 40-1
40-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне бюджеттік сұранымдарды енгізеді.
Тармақ 42
42. Арнаулы мемлекеттік органдар орындаушыны таңдауды талап етілетін сападағы қорғаныстық тапсырыс өнімін неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда жеткізудің қажетті шарттарын қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізеді.
Тармақ 43
43. Қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу қажет болған кезде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілерде (бұдан әрі – отандық тауар өндіруші), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерде және/ немесе уәкілетті ұйымда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге рұқсатының болуы ескеріледі.
Тармақ 44
44. Арнаулы мемлекеттік органдар тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымды қалыптастыру мақсатында ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарынан кешіктірмей техникалық тапсырманы отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және (немесе) уәкілетті ұйымға Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсыну үшін жібереді.
Тармақ 44-1
44-1. Арнаулы мемлекеттік органдар ұлттық стандарттарға сәйкес техникалық тапсырманы қалыптастырады.
Техникалық тапсырманы қалыптастыру кезінде сатып алынатын қорғаныстық тапсырыстың өнімін жиынтықтау бойынша қосымша талаптарды енгізуге жол беріледі.
Алушылар ұлттық стандарттар болмаған кезде қару-жарақты, әскери техниканы біріздендіру, стандарттау, жедел үйлестіру және олардың жаңа (тәжірибелік) үлгілерін сатып алу мақсатында талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетіп, сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы қорғаныстық тапсырыс өніміне техникалық тапсырманы өзі қалыптастырады.
Ұлттық стандарттар болмаған кезде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, патентті, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауарды шығарған елдің атауын және өндірушінің атауын көрсетуге жол беріледі.
Арнаулы мемлекеттік органдар заттай мүлік бойынша техникалық тапсырманы жасау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған заттай мүлікті қоспағанда, кемінде 30 % шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талапты көздейді.
Тармақ 45
45. Отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және/немесе уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде Баға белгілеу қағидаларына сәйкес арнаулы мемлекеттік органға жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
Тармақ 46
46. Арнаулы мемлекеттік органдар орындаушыларды таңдау мақсатында ағымдағы қаржы жылының 1 маусымынан кешіктірмей отандық тауар өндірушілерге және/немесе жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және/немесе уәкілетті ұйымға қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алуға ниеті туралы сұрау салу жібереді.
Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде өтінім республикалық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 47
47. Сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) сатып алынатын қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы және техникалық тапсырмасы, стандарттары (олар болған жағдайда);
Тармақша 2
2) қорғаныстық тапсырыс өнімінің мөлшері және/немесе көлемі;
Тармақша 3
3) қорғаныстық тапсырыс өнімі жеткізілетін жер мен жеткізу талап етілетін мерзімдері;
Тармақша 4
4) берілетін қорғаныстық тапсырыс өніміне кепілдік мерзімі;
Тармақша 5
5) құны қорғаныстық тапсырыс өнімінің құнына қосылуға тиіс ілеспе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Тармақша 6
6) ақы төлеу шарттары, оның ішінде аванстық төлем мөлшері;
Тармақша 7
7) заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде үлгілерді ұсыну қажеттілігі туралы талап.
Тармақ 48
48. Отандық тауар өндірушілердің, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілердің арнаулы мемлекеттік органдарға сұрау салуына жауап беруі ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі не бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсетілген мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтама көшірмесін;
Тармақша 2
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия және/немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталынан лицензия көшірмесін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді қоспағанда, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті міндетті растау рәсіміне жататын өнім өндірушілер үшін – өнімнің техникалық регламентте, стандарт ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификатын немесе сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларациясын;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бөлігінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, білікті мамандардың, сондай-ақ меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы туралы куәландыратын құжатты;
Тармақша 5
5) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарнасы және әлеуметтік аударым бойынша берешектің болмауы туралы куәландыратын құжатты;
Тармақша 6
6) қаржылық аудитті.
Қаржылық аудитке Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы аудиторлық жылдық есеп жатады;
Тармақша 7
7) Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны;
Тармақша 8
8) техникалық тапсырманы қоса беріп жүзеге асырылады.
Заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде үлгілер ұсынылады.
Мәлімделетін өнім үлгілері осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.
Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде арнаулы мемлекеттік органдарға отандық тауар өндірушілерден, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық жеткізушілерден сұрау салуға жауап сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Арнаулы мемлекеттік органдарға тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерден, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерден сұрау салуға жауап ұсыну ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны;
Тармақша 2
2) техникалық тапсырманы қоса беріп жүзеге асырылады.
Тармақ 49
49. Қажет болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық беруші тактикалық-техникалық (техникалық) сипаттамасы сұрау салуда көрсетілгеннен де жақсы өнімді ұсынады.
Тармақ 49-1
49-1. Орындаушыны таңдау мақсатында орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия (комиссиялар) (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған кезде орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
Комиссия (комиссиялар) құрамы арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығымен немесе бұйрықты шығаруға уәкілетті адам айқындайды.
Комиссияға қызмет бағыты бойынша арнайы танымы бар алушының мамандары енгізіледі.
Тармақ 51
51. Орындаушыларды таңдау ең төмен баға және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынған отандық тауар өндірушілер, әскери мақсаттағы жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер қатарынан жүзеге асырылады.
Тармақ 51-1
51-1. Осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттар комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылатын конвертте ұсынылады.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.
Тармақ 51-2
51-2. Егер орындаушыны таңдау кезінде комиссия бөлінген лимиттен аспайтын бір жоспарлы калькуляция ұсынылса, орындаушының осы ұйымды таңдауына қатысты шешім қабылдайды.
Тармақ 51-3
51-3. Егер екі және одан да көп ұйымның қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляция бірдей болған жағдайда осы қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша орындаушы қайта таңдалады.
Бұл ретте мәлімделген құнның төмендеуін ескеріп, жоспарлы калькуляция арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті сұрау салуын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Осы іс-шара қорғаныстық тапсырыстың орындаушысы анықталғанға дейін мәлімделген құнын төмендету арқылы жүргізіледі.
Тармақ 51-4
51-4. Орындаушыны таңдау өтпей қалса, орындаушы қайта таңдалады.
Бұл ретте осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілері арнаулы мемлекеттік органның тиісті сұрау салуын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 51-5
51-5. Қайта таңдау өтпей қалса, өнімді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 51-6
51-6. Орындаушыны, ұйымды таңдау нәтижесі туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтап, орындаушыларды таңдау хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қағаз түрінде хабарланады.
Орындаушыны таңдау хаттамасы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Тармақ 51-7
51-7. Орындаушы таныған ұйым шарт жасасудан бас тартқан кезде қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 51-8
51-8. Айрықша жағдайда арнаулы мемлекеттік органдар кенеттен қатер төнген, төтенше жағдай болған, төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Республикалық жедел штабтың міндеттерін шешу, мемлекетте қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді шешу мақсатында қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін қажеттілігіне қарай жүргізеді.
Орындаушыны таңдау рәсімін жүргізу туралы шешімді комиссия қабылдайды.
Бұл ретте тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоспарлы калькуляция ғана ұсынылады.
Тармақ 52
52. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулердің тақырыбын, орындаушыларын және құнын айқындау, сондай-ақ осы зерттеулерге сараптама жүргізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 53
53. Отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер қорғаныстық тапсырысты орындау мүмкін болмаған жағдайда олардың арнаулы мемлекеттік органдарға сұрау салуға жауап беруі ағымдағы қаржы жылының 20 маусымына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде жауап сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Тармақ 54
54. Уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 10 шілдесіне дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырыстың тиісті өнімін жеткізу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы жауапты, сондай-ақ оның болжамды бағасын ұсынады.
Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде жауап сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Тармақ 55
55. Егер уәкілетті ұйым көрсетілген мерзімде арнаулы мемлекеттік органдарға жауап бермеген не жауап сұрау салу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы ретінде таңдау мүмкін емес деп танылады.
Мұндай жағдайда қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 55-1
55-1. Арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 25 қыркүйегіне дейін отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және/немесе уәкілетті ұйым арасында қорғаныстық тапсырыс орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) таңдау жөніндегі рәсімді жүргізеді.
Бұл ретте ағымдағы қаржы жылы жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл болып табылады.
Республикалық бюджетті нақтылау және/немесе түзету кезінде қорғаныстық тапсырыс орындаушысын таңдау хаттамасы арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілерден, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық жеткізушілерден және/немесе уәкілетті ұйымнан сұрау салуға жауап алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Тармақ 58
58. Арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Арнаулы мемлекеттік органдар республикалық бюджет нақтыланған және (немесе) түзетілген кезде тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне және (немесе) республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Арнаулы мемлекеттік органдар уақтылы және/немесе сапалы ұсынылмаған өтінім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 59
59. Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген бағдарламалар, кіші бағдарламалар бөлінісінде ұсынылады.
Тармақ 60
60. Өтінімді арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе өтінімге қол қоюға уәкілетті адам бекітеді.
Тарау 4. 4-тарау. Тізілімді қалыптастыру, бекіту және жүргізу
4-тарау. Тізілімді қалыптастыру, бекіту және жүргізу
Тармақ 61
61. Тізілімді қалыптастыру, бекіту және жүргізу қорғаныстық тапсырысты қалыптастырудың және орналастырудың құрамдас бөлігі болып табылады және оны мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 62
62. Тізілім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 63
63. Осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін және осы Қағидалардың 68-тармағында көзделген құжаттардың толық жиынтығын ұсынған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімге енгізуге жатады.
Тармақ 64
64. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді тізілімге енгізу және одан алып тастау, сондай-ақ олар туралы тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қызмет бағыттары бойынша отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімге енгізу туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 66
66. Өтінімдерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылы ішінде қызметтің тиісті бағыттары бойынша жыл сайын береді.
Тармақ 68
68. Өтінімге мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі көшірмесі не бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсетілген мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтама көшірмесі;
Тармақша 2
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия және/немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталынан лицензия көшірмесі;
Тармақша 3
3) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті міндетті растау рәсіміне жататын өнім өндірушілер үшін өнімнің техникалық регламентте, стандарт ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификатын немесе сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларациясы;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бөлігінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, білікті мамандардың, сондай-ақ меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы туралы куәландыратын құжат;
Тармақша 5
5) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы куәландыратын құжат;
Тармақша 6
6) қаржылық аудит.
Қаржылық аудитке Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы аудиторлық жылдық есеп жатады;
Тармақша 7
7) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуге, өндіруге және жаңғыртуға арналған техникалық құжаттама қоса беріледі.
Тармақ 69
69. Отандық тауар өндірушіде, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық жеткізушіде өндірістік қуаттың болуы индустриялық сертификатпен және/немесе аккредиттелген ұйымның қорытындысымен расталады.
Ұйымдарда әскери өкілдік болған жағдайда өндірістік қуаттың болуы әскери өкілдіктің қорытындысымен расталады.
Тармақ 70
70. Осы Қағидалардың 68 – 69-тармақтарында көзделген өтінім мен құжаттар қағаз түрінде беріледі. Өтінімде заңды тұлғаның электрондық мекенжайы және байланыс телефондары (кемінде 3) көрсетіледі.
Тармақ 71
71. Өтінімді мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарайды.
Тармақ 72
72. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органдардың лауазымды адамдары мен алушылар енгізіледі.
Тармақ 73
73. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия ұйымдарды тізілімге енгізу, ұйымдарды тізілімнен шығару немесе тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша отырысты тоқсанына екі реттен жиі емес өткізеді.
Тармақ 74
74. Тізілім қалыптастыру жөніндегі комиссияның қарапайым көпшілік дауыспен қабылданған хаттамалық шешімі тізілімге енгізу, одан алып тастау және оған өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 75
75. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 68 – 69-тармақтарында көрсетілген құжаттардың сәйкес еместігін анықтаған жағдайда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган құжаттар қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушіні, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушіні анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл ретте хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен кейінгі күн оны отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің алған күні болып саналады.
Тармақ 76
76. Отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса беріп, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы жазбаша хабар етеді.
Тармақ 77
77. Отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды бұзушылықтардың жойылғаны туралы хабардар етуі тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия үшін өтінімді қайта қарауға негіз болып табылады.
Тармақ 78
78. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде тізілімді бекітеді немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 79
79. Тізілімнен алып тастау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тізілім қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы өткен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 80
80. Ұйымдар:
Тармақша 1
1) қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, меншік немесе жалдау құқығындағы технологиялық жабдықтың, білікті мамандардың болуы туралы ұйым ұсынған деректердің дұрыс еместігі анықталған, сондай-ақ осы деректер асыра көрсетілген;
Тармақша 2
2) тізілімнен алып тастау туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған;
Тармақша 3
3) орындаушы өзі орындаушы болып анықталған іс-шара бойынша шарт жасасудан бас тартқан;
Тармақша 4
4) шарт міндеттемелерінде айқындалған форс-мажорлық себептерді қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс орындалмаған (қорғаныстық тапсырысты орындау шарты бұзылған);
Тармақша 5
5) орындаушының кінәсі анықталған кезде наразылықта көрсетілген ақауды жоюдан бас тартқан;
Тармақша 6
6) егер бұл қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделмесе, қорғаныстық тапсырысты орындауды өзге ұйымға толық беру анықталған;
Тармақша 7
7) құпия іс жүргізу режимі бұзылған жағдайда тізілімнен алынуға тиіс.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мән-жай, егер сот шешімінде өзгеше көрсетілмесе, ұйымды сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл мерзімге тізілімнен алуға әкеледі.
Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар ұйымды Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия шешкен күннен бастап бір жыл мерзімге тізілімнен алуға әкеледі.
Қорғаныс тапсырысы өнімінің жалғыз өндірушісі болып табылатын ұйымдарды тізілімнен алу туралы шешімді тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия анықталған бұзушылықтардың (екі және одан да көп) жүйелі, еңсерілмейтін күш мән-жайының болуын және қорғаныс тапсырысын алушылардың оларды тізілімнен шығарудың орындылығы туралы қорытындысын ескеріп қабылдайды.
Тармақ 81
81. Қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, меншік құқығындағы технологиялық жабдықтардың, білікті мамандардың көлемінен және санынан айырылған және (немесе) олар азайған кезде тізілімге енгізілген ұйым күнтізбелік жиырма күн ішінде бұл туралы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды тиісті құжаттарды қоса беріп хабардар етеді.
Тізілімге енгізілген ұйым қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге қажетті өндірістік, оның ішінде кемінде үш жыл мерзімге ұзақ мерзімді жалдау құқығындағы үй-жайлардың, меншік құқығындағы технологиялық жабдықтар мен білікті мамандар көлемінің және (немесе) санының ұлғайғаны туралы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды өз қалауы бойынша хабардар етеді.
Тармақ 82
82. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша тізілім қалыптастыру жөніндегі комиссия мынадай:
Тармақша 1
1) тізілімге енгізу;
Тармақша 2
2) тізілімге енгізуден бас тарту;
Тармақша 3
3) тізілімнен алып тастау;
Тармақша 4
4) тізілімдегі ұйым туралы мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу не енгізбеу;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес құжаттарды толық пысықтауға жолдау жөніндегі шешімдердің бірін шығарады.
Тармақ 83
83. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган тізілім бекітілген, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ұйымдардың атына өздеріне қатысты бөлігінде, сондай-ақ мүдделі алушылардың атына тізілімге енгізу не енгізуден бас тарту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама жібереді. Бұл ретте хабарлама электрондық пошта арқылы жіберілген күннен кейінгі күн оны отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің алған күні болып саналады.
Тармақ 86
86. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорғаныстық тапсырысты орындау
5-тарау. Қорғаныстық тапсырысты орындау
Тармақ 87
87. Қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе алушы және орындаушы арасында жасалған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобалары алушының немесе қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартқа сәйкес жасалады.
Тармақ 89
89. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартта мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) кіріспе;
Тармақша 2
2) шарттың мәні;
Тармақша 3
3) шарттың қолданылу мерзімі және/немесе шарттың жекелеген кезеңдерінің мерзімі;
Тармақша 4
4) шарттың және аванс болған жағдайда оның сомасы;
Тармақша 5
5) сапаны бақылау шарттары және әскери өкілдіктерге қорғаныстық тапсырыс өніміне нақты шығыстарды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібі;
Тармақша 6
6) қабылдап алу шарттары, беру (орындау қызмет көрсету) орны мен мерзімдері;
Тармақша 7
7) тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
Тармақша 8
8) шартты бұзу немесе тоқтату үшін негіздеме;
Тармақша 9
9) тараптардың жауапкершілігі;
Тармақша 10
10) қорғаныстық тапсырыс өнімін бергені үшін толық ақы төлеу шарттары;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу шарттары;
Тармақша 12
12) рекламация қою және қанағаттандыру шарттары;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
Тармақ 90
90. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе алушы қорғаныстық тапсырысты орындаушыға қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актісі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорғаныстық тапсырысты орындауға шартты жібереді.
Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа қорғаныстық тапсырысты орындаушы ол түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қол қояды.
Тармақ 91
91. Қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды әскери өкілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 92
92. Орындаушы ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмаған жағдайда қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды қорғаныстық тапсырысты орындаушы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімі сапасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жіберуге құқылы.
Тармақ 93
93. Алушының өкілдері қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 94
94. Әскери өкілдіктің куәлігі қорғаныстық тапсырыс өнімінің сапасын растайтын құжат болып табылады.
Тарау 6. 6-тарау. Қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда қорғаныстық тапсырысты орындау ерекшеліктері
6-тарау. Қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда қорғаныстық тапсырысты орындау ерекшеліктері
Тармақ 95
95. Қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мен орындаушы арасында алушының пайдасына жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 96
96. Алушының пайдасына қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобалары мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартқа сәйкес үш данада жасалады.
Тармақ 97
97. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына жасайтын қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттарда осы Қағидалардың 89-тармағында көзделген мәліметтерден басқа алушы туралы мәліметтер, сондай-ақ оның қорғаныстық тапсырыс өнімдерін қабылдап алумен байланысты міндеттемелері көрсетіледі.
Тармақ 98
98. Бақылау көлемін, сондай-ақ орындаушы ұйымдарда әскери өкілдіктің бар-жоғын айқындау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Әскери өкілдіктер орталығына келісуге жібереді.
Бұл ретте Министрліктің Әскери өкілдіктер орталығының шарт жобасын қарау мерзімі шарт жобасы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 99
99. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына жасаған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт шеңберінде берілетін қорғаныстық тапсырыс өнімдерінің сапасы шарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 100
100. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына жасаған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды әскери өкілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 101
101. Орындаушы ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмаған жағдайда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыс өнімі сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін оларға өз өкілдерін жіберуге құқылы.
Тармақ 102
102. Қорғаныстық тапсырыс өнімдері сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын өнімдер саласында арнайы білім, тәжірибе және біліктілік қажет болған жағдайда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мамандарды, оның ішінде пайдасына қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасалған алушының мамандарын тартады.
Алушының мамандарын тарту алушының келісімімен жүзеге асырылады.
Қорғаныстық тапсырыс өнімінің шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін алушының мамандарын іссапарға жіберу алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қорғаныстық тапсырыс өнімдері сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін алушының мамандарын тарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган тиісті алушының атына сұрау салу жібереді.
Тармақ 103
103. Алушы сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына қорғаныстық тапсырыс өнімдері сапасының шарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін тағайындалған өз өкілдері туралы мәліметтерді жібереді.
Тармақ 104
104. Алушы қорғаныстық тапсырыс өнімі берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны шартта көзделген құжаттардың негізінде атауы, саны, сапасы және/немесе жиынтығы бойынша қабылдап алады.
Тармақ 105
105. Қорғаныстық тапсырыс өнімдерін қабылдап алумен байланысты міндеттемелерді орындау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган орындаушымен шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарттың бір данасын алушының атына жібереді.
Тармақ 106
106. Қорғаныстық тапсырыс өнімін қабылдап алушы алушының ведомствосы (пайдаланушы және/немесе сақтау қоймасы) болып табылған жағдайда мемлекеттік орган болып табылатын алушы шарттың көшірмесін тікелей алушының атына жолдайды және оның қорғаныстық тапсырыс өнімін қабылдап алу бөлігіндегі міндеттемелерді шарт талаптарына сәйкес орындауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 107
107. Алушыға қорғаныстық тапсырыс өнімдерін беру үшін орындаушы қорғаныстық тапсырыс өнімдері берілгенге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды және алушыны өнімдерді берудің жоспарланған күні туралы хабардар етеді.
Тармақ 108
108. Қорғаныстық тапсырыс өнімін берудің жоспарлы күні туралы орындаушының хабарламасы негізінде алушы мыналарды:
Тармақша 1
1) орындаушының, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның өкілдерін және әскери өкілдерді алушының аумағына кіргізуді;
Тармақша 2
2) техникалық тапсырма талаптарында және/немесе шарт талаптарында өзгеше айтылмаса, қорғаныстық тапсырыс өнімін қабылдап алу үшін қосымша жұмыстарды орындау (қосымша қызметтер көрсету) қажет болған жағдайда осы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау үшін орын дайындауды;
Тармақша 3
3) техникалық тапсырма талаптарында және/немесе шарт талаптарында өзгеше айтылмаса, шарт талаптарына сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімін қабылдап алу үшін қорғаныстық тапсырыс өнімін тексеруді (сынауды) жүзеге асыру қажет болған жағдайда тексеру (сынау) жүргізу үшін орын дайындауды;
Тармақша 4
4) техникалық тапсырма талаптарында және/немесе шарт талаптарында өзгеше айтылмаса, шарт талаптарына сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімін тиісті жабдықта (бақылау-тексеру аппаратурасында) тексеру көзделген жағдайда осы жабдықты (бақылау-тексеру аппаратурасын) дайындауды қамтамасыз етеді.
Бұл ретте алушының жабдығы (бақылау-тексеру аппаратурасы) ақаусыз болуы, оны қорғаныстық тапсырыс өнімін тексеру үшін қолдануға болатынын растайтын тиісті құжаттамасы болуға тиіс.
Тармақ 109
109. Қабылдап алу нәтижесі бойынша қорғаныстық тапсырыс өнімдері атауының, сапасының, санының және (немесе) жиынтығының шарт талаптарына сәйкес келмеу фактісі расталған кезде алушы бұл туралы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді, анықталған кемшіліктер туралы акт жасайды және оны орындаушыға береді.
Тармақ 110
110. Алушы анықтаған кемшіліктер туралы акт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындаушы кемшіліктерді жоюды қамтамасыз етеді.
Тармақ 111
111. Орындаушы он жұмыс күні өткеннен кейін кемшіліктерді жоймаған жағдайда, алушы өнімдерді орындаушыға қайтаруды жүзеге асырады және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына тиісті хабарлама жібереді.
Қорғаныстық тапсырыс өнімдерін жеткізуге және сақтауға байланысты әрі қарайғы шығыстарды қорғаныстық тапсырысты орындаушы көтереді.
Тармақ 112
112. Егер қабылдап алу нәтижелері бойынша қорғаныстық тапсырыс өнімі атауының, санының, сапасының және/немесе жиынтығының шарт талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, алушы қорғаныстық тапсырыс өнімін шарт талаптарында көзделген құжаттарға қол қою арқылы қабылдайды.
Тармақ 113
113. Алушының пайдасына жасалған тауарды беру шарты бойынша төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган алушының пайдасына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жауап хабархат жібереді.
Тармақ 114
114. Алушы тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алынған құндылықтарды есепке алу туралы хабархат жібереді.
Тармақ 115
115. Қорғаныстық тапсырысты орындау жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) арналған шарт негізінде жүзеге асырылған жағдайда алушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органнан шарттың бір данасы алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қару-жарақты, әскери техниканы және (немесе) өзге де мүлікті (бұдан әрі – ҚжӘТ) дайындауды және орындаушыға беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 116
116. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін ҚӘТ-ті қабылдап алу-беру нақты болуы және нақты жиынтықталуы бойынша жүзеге асырылады және алушы мен орындаушы өкілдерінің арасында қол қойылатын техникалық жай-күйі бойынша қабылдап алу-беру актісімен ресімделеді.
Тармақ 117
117. ҚӘТ-ті алушыдан жұмыстар орындалатын (қызметтерді көрсетілетін) жерге дейін тасымалдау, егер шартта өзгеше көзделмесе, алушының күші мен қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстар орындалғаннан (қызметтер көрсетілгеннен) кейін ҚӘТ-ті алушыға дейін тасымалдау, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындаушының күші мен қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда алушы тасымалдау процесінде ҚӘТ-ті алып жүруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 118
118. Жұмыстар орындалғаннан (қызметтер көрсетілгеннен) кейін жеткізілген қорғаныстық тапсырыс өнімінің, оның ішінде ҚӘТ-тің сапасына қатысты қабылдап алу кезінде анықтау мүмкін болмаған кінәраттарды алушы орындаушыға кепілдік мерзімі ішінде ұсынады.
Тармақ 119
119. Жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) нәтижесі бойынша ҚжӘТ -нің баланстық құнын ұлғайту қажет болған жағдайда алушы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне және ҚжӘТ-ні қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алынған құндылықтарды есепке алу туралы хабархат жібереді.
Тармақ 120
120. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) арналған шарт бойынша төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алушының атына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жауап хабархат жібереді.
Тармақ 121
121. Жұмыс шартына сәйкес алушының аумағында жұмыстар орындалған (қызметтер көрсетілген) жағдайда жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қабылдап алуды алушы шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 7. 7-тарау. Уәкілетті ұйымның қорғаныстық тапсырысты орындауы
7-тарау. Уәкілетті ұйымның қорғаныстық тапсырысты орындауы
Тармақ 122
122. Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт негізінде орындайды.
Тармақ 123
123. Алушымен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасалғаннан кейін уәкілетті ұйым шетелдік өндірушілер арасында қорғаныстық тапсырысты орналастыру рәсімін бастайды.
Тармақ 124
124. Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орналастыруды:
Тармақша 1
1) тікелей шарт (келісімшарт) жасасу арқылы;
Тармақша 2
2) баға ұсыныстарына сұрау салу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 125
125. Тікелей шарт (келісімшарт) жасасу арқылы қорғаныстық тапсырысты орналастыру:
Тармақша 1
1) егер сатып алынатын өнімді жалғыз шетелдік өндіруші өндірсе;
Тармақша 2
2) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен немесе қорғаныстық тапсырысты алушымен жасалған шарттың техникалық ерекшелігі нақты атауды, тауар белгілерін немесе сатып алынатын өнімдердің белгілі бір шетелдік өндірушіге тиесілілігін көрсететін кез келген басқа ақпаратты қамтыса;
Тармақша 3
3) қорғаныстық тапсырыс өнімі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 126
126. Осы Қағидалардың 125-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті ұйым мен орындаушылар арасында шарттар (келісімшарттар) жасау рәсімдері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен немесе алушымен шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
Тармақ 127
127. Осы Қағидалардың 125-тармағында көзделмеген қалған барлық жағдайларда уәкілетті ұйымның қорғаныстық тапсырысты орналастыруы баға ұсыныстарына сұрау салу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 128
128. Баға ұсыныстарына сұрау салу нарықты және бағаларды мониторингтеу нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым айқындаған шетелдік өндірушілердің және/немесе олардың ресми өкілдерінің атына жіберіледі.
Тармақ 129
129. Шет мемлекеттің заңнамасында қорғаныстық тапсырыс өніміне қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті арнайы ұйым айқындалған жағдайда уәкілетті ұйым сұрау салуды осы ұйымның атына жібере алады.
Тармақ 130
130. Нарық пен баға мониторингін уәкілетті ұйым ҚӘТ көрмелеріне бару арқылы БАҚ-тағы, интернет-ресурстардағы, фирмалық каталогтардағы жарнамалық материалдарды зерделеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 131
131. Орындаушыны таңдау мақсатында уәкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) қорғаныстық тапсырысты алушымен шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызмет бейіні қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келетін шетелдік өндірушілердің және (немесе) олардың ресми өкілдерінің атына баға ұсыныстарына сұрау салу жібереді.
Тармақ 132
132. Уәкілетті ұйымның сұрау салуы мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын және оларға техникалық тапсырманы;
Тармақша 2
2) тауар санын, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін;
Тармақша 3
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орнын;
Тармақша 4
4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілген мерзімін;
Тармақша 5
5) берілетін тауарларға (өнімге), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге талап етілетін кепілдік мерзімін;
Тармақша 6
6) ілеспе көрсетілетін қызметтер тізбесін;
Тармақша 7
7) төлеу шарттарын, соның ішінде аванстық төлем көлемін;
Тармақша 8
8) әскери және арнайы киім нысаны, айырым белгілері және жеке қорғану құралдары сатып алынған жағдайда тәжірибелік үлгілерді ұсыну қажеттігі туралы талапты;
Тармақша 9
9) өнім сапасының техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы талапты;
Тармақша 10
10) баға ұсыныстарын ұсыну мерзімдерінің басталуы мен аяқталуы туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 133
133. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі он бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Тармақ 134
134. Шетелдік өндірушілердің немесе олардың ресми өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен, сондай-ақ уәкілетті ұйымның тиісті сұрау салуынсыз келіп түскен баға ұсыныстары қаралмайды.
Тармақ 135
135. Уәкілетті ұйымның сұрау салуында тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулар, сондай-ақ өнімнің тиісті өндірушіге (орындаушыға) тиесілігін айқындайтын өзге де ақпарат болуы мүмкін.
Сұрау салуға қорғаныстық тапсырысты алушымен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен жасалған қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа техникалық ерекшелік қоса беріледі.
Тармақ 136
136. Уәкілетті ұйымның сұрау салуына жауап ретінде шетелдік өндірушілер және/немесе олардың ресми өкілдері қорғаныстық тапсырысты орындау мерзімдері және қорғаныстық тапсырысты орындаудың өзге де талаптары туралы мәліметтерді қамтитын бір ғана баға ұсынысын ұсынады.
Тармақ 137
137. Шетелдік өндірушілердің және/немесе олардың ресми өкілдерінің баға ұсынысын ұсынуы олардың уәкілетті ұйымның сұрау салуында және техникалық ерекшелікте көзделген талаптар мен шарттарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.
Тармақ 138
138. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімдері өткеннен кейін уәкілетті ұйым бес жұмыс күні ішінде баға ұсыныстарын салыстырады және қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады.
Тармақ 139
139. Уәкілетті ұйымның қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауы мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өнімнің шартқа техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) шетелдік өндіруші және/немесе оның ресми өкілі талаптарының (беру мерзімі, кепілдік мерзімі, аванстық төлем мөлшері, ілеспе қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) және т.б.) сұрау салудың және шарттың талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 3
3) шетелдік өндірушінің және/немесе оның ресми өкілінің баға ұсынысының уәкілетті ұйым үшін рентабельділік ескеріле отырып бөлінген сомаға сәйкестігі;
Тармақша 4
4) қорғаныстық тапсырысты тиісінше орындау үшін шетелдік өндірушілердің ресми өкілдерінде өздерінің қаржы және еңбек ресурстарының болуы.
Тармақ 140
140. Егер шетелдік өндірушілердің және/немесе оның ресми өкілдерінің баға ұсыныстарының бәрі осы Қағидалардың 139-тармағында көрсетілген тең өлшемшарттарға сай келген жағдайда, ең төмен баға ұсынысын ұсынған шетелдік өндіруші және/немесе оның ресми өкілі орындаушы деп танылады.
Тармақ 141
141. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше шетелдік өндіруші (олардың ресми өкілдері) ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды мынадай қосымша өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сатып алынатын өнім нарығында оң жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 2
2) шарттар (жеткізу мерзімі, кепілдік мерзімі, технологиялық шешімдер, пайдаланылатын материалдар, аванстық төлем мөлшері, ілеспе қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) және т.б.) қалған әлеуетті орындаушылардың шарттарымен салыстырғанда ең жақсы болып табылады.
Тармақ 142
142. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде сұрау салу талаптарына сәйкес келетін бір ғана баға ұсынысы ұсынылса, уәкілетті ұйым осы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті орындаушымен қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасады.
Тармақ 143
143. Әлеуетті орындаушының баға ұсынысы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер баға ұсынысы уәкілетті ұйымның рентабельділігін ескере отырып қорғаныстық тапсырыста көзделген сомадан асып кетсе;
Тармақша 2
2) егер әлеуетті орындаушының ұсынысы сұрау салу талаптарына сәйкес келмесе, қайтаруға жатады.
Тармақ 144
144. Баға ұсыныстарын салыстыру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым орындаушыны таңдайды және онымен қорғаныстық тапсырысты орындауға келісімшарт жасасады.
Тармақ 145
145. Уәкілетті ұйым мен баға ұсыныстарына сұрау салу арқылы айқындалған орындаушылар арасында келісімшарттар жасау рәсімдері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен немесе қорғаныстық тапсырысты алушымен шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.
Тармақ 146
146. Осы Қағидалардың 145-тармағында көзделген мерзімде шарт жасау мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның және (немесе) қорғаныстық тапсырысты алушының атына келісімшарт жасаудың кідіру себептері және болжамды мерзімдері туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 147
147. Уәкілетті ұйымның хабарламасы негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және (немесе) қорғаныстық тапсырысты алушы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) уәкілетті ұйым мен орындаушы арасындағы келісімшарт жасасу мерзімдерін ұзарту;
Тармақша 2
2) шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы шартқа техникалық ерекшелікті қайта қарау және уәкілетті ұйым мен орындаушы арасындағы шарт жасасу мерзімін ұзарту;
Тармақша 3
3) қорғаныстық тапсырыстан тиісті қорғаныстық тапсырыс өнімін алып тастау.
Тармақ 147-1
147-1. Егер қорғаныстық тапсырысты орындау нәтижесі бойынша қорғаныстық тапсырыс өнімдерінің нақты құны қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленгеннен төмен болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе алушы мен уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа бағаны төмендету бөлігінде өзгерістер енгізеді.
Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын төмендету бөлігінде өзгерістер енгізу және баға айырмасын қайтару мүмкін болмаса, үнемделген қаражатты республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей қайтарады.
Тарау 8. 8-тарау. Рекламация жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
8-тарау. Рекламация жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
Тармақ 148
148. Алушы қорғаныстық тапсырыс өнімінің жұмысқа қабілетсіздігінің және/немесе жарамсыздығының себептерін анықтау мақсатында алушының, орындаушының өкілдері мен әскери өкілдер (бар болса) қатысатын бірлескен комиссия (бұдан әрі – рекламация жөніндегі комиссия) құрады.
Тармақ 149
149. Рекламация жөніндегі комиссия:
Тармақша 1
1) бұйымды пайдалану кезінде пайдалану құжаттамасы талаптарының орындалуын (жұмыс режимі, қолданылатын жанар-жағармай материалдары, тексерулердің, регламенттік жұмыстардың уақтылы орындалуы және пайдалану құжаттамасының өзге де талаптары), формуляр мен паспортты жүргізу тәртібін тексереді;
Тармақша 2
2) егер бюллетеньдер шығарылған болса, олар бойынша пайдалану құжаттамасына (оның ішінде формуляр немесе паспорт) пысықтау жүргізілген-жүргізілмегенін, оларға өзгерістер енгізілген-енгізілмегенін анықтайды;
Тармақша 3
3) ақаудың сыртқы көрінісін анықтайды және істен шыққан жинақтаушы бұйымдарды анықтайды;
Тармақша 4
4) қорғаныстық тапсырыс өнімі ақауының сипатын және қажет болған жағдайда жинақтаушы бұйымның ақауын (өндірістік, конструктивтік, пайдалану), сондай-ақ оның туындау себептерін анықтау үшін зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда, егер оны алушының аумағында бір жақты айқындау мүмкін болмаса, ақаулардың нақты себептері мен сипатын анықтау үшін қорғаныстық тапсырыс өнімдерін одан әрі зерттеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 6
6) бұйымды тікелей алушының аумағында қалпына келтіру мүмкіндігін немесе орындаушының аумағындағы ақауларды жоюды (қорғаныстық тапсырыс өнімдерін жөндеуді) жүргізу қажеттігін анықтайды.
Тармақ 150
150. Қорғаныстық тапсырыс өнімдерін қарау нәтижелері бойынша рекламация жөніндегі комиссия рекламацияны қарау жөнінде қорытынды жасайды.
Рекламация жөніндегі комиссияның қорытындысы алушы мен орындаушы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 151
151. Қорғаныстық тапсырыс өнімін қарап-тексеру нәтижесі бойынша өнімнің орындаушының кінәсінен істен шыққандығы және/немесе жарамсыз екендігі анықталған жағдайда, сондай-ақ рекламацияны алушының аумағында қанағаттандыру мүмкін болған жағдайда немесе ақауды жою (өнімді жөндеу) үшін қорғаныстық тапсырыс өнімін алушы аумағының шегінен тыс жерге әкету қажет болғанда не ақаулы тапсырыстың орнына қорғаныстық тапсырыстың жаңа өнімін тиеп жөнелту қажет болған жағдайда орындаушы рекламация жөніндегі комиссияның қорытындысына қол қойылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде ақауды зауыттық жағдайда жояды (өнімді жөндейді) немесе қорғаныстық тапсырыстың жаңа өнімін тиеп жөнелтеді.
Тармақ 152
152. Ақауларды жою (өнімді жөндеу) үшін қорғаныстық тапсырыс өнімін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету не ақауларды жою (өнімді жөндеу) үшін қажетті жиынтықтаушы бөлшектерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайда орындаушы ақауларды зауыттық жағдайларда жояды (өнімді жөндеуді жүргізеді) не рекламация жөніндегі комиссияның қорытындысына қол қойылған кезден бастап бір жүз жиырма жұмыс күні ішінде қорғаныстық тапсырыстың жаңа өнімін жеткізеді.
Тармақ 153
153. Рекламацияны қанағаттандыру мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушыға қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленгендей жауаптылық жүктеледі.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытынды ережелер
9-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 154
154. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаражат алушыда болғанда алушы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыс іс-шараларының орындалуы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде мерзімнің бұзылуы туралы есепті және жыл сайын, 25 наурыздан кешіктірмей мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын орындамаудың барлық фактісі туралы жылдық есептерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Тармақ 155
155. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын орындамаудың барлық фактісі туралы жылдық есепті ұсынады.
Тармақ 156
156. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Тармақ 157
157. Уәкілетті органның 2020 жылғы 28 тамыздағы № 448-қбпү бұйрығымен бекітілген бұрын қолданыста болған тізілім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жаңа тізілім бекітілгеннен сәттен бастап өз күшін жояды.
Тармақ 158
158. Қажет болған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган, алушылар және арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау бойынша құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл процесін регламенттейтін (нақтылайтын) ведомствоішілік құжаттарды әзірлейді.
_____________________________
Басқа 1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға 20___ - 20 ___ жылдарға арналған өтінім
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
1-қосымша
Құпия (толтырылған соң)
Бекітемін
_________________________
(алушының бірінші басшысы
немесе өтінімге қол
қоюға уәкілетті адам)
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға 20___ - 20 ___ жылдарға арналған өтінім
Р/с №
Қорғаныстық тапсырыс өнімі
Өлшем бірлігі
Саны
Болжамды құны, мың теңге
Орындау мерзімі
Орындаушы
1
2
3
4
5
6
7
1-бөлім
Қару-жарақты, əскери, автомобиль және арнайы техниканы, арнайы құралдарды, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру (құрастыру), беру, жаңғырту.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
2-бөлім
Қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы жөндеу, оларға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсету, техникалық қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
3-бөлім
Техникалық құралдарды әзірлеу, жаңғырту, өндіру (құрастыру), беру, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
4-бөлім
Пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, техникалық және арнайы құралдарды құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
5-бөлім
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын өндіру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
6-бөлім
Ғылыми зерттеулер;
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
7-бөлім
Қорғаныс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, оларды салу және күрделі жөндеу.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
8-бөлім
Қаптаманы өндіру, әзірлеу және беру
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
9-бөлім
Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
10-бөлім
Қорғаныс мақсаттарында ғарыш жүйелері мен ғарыш объектілерін әзірлеу, жаңғырту, өндіру, беру, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау, техникалық пайдалану және кәдеге жарату.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
11-бөлім
Қорғаныс мақсаттарында ғарыштық және спутниктік навигациялық көрсетілетін қызметтер.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
12-бөлім
Автоматтандырылған басқару жүйелері кешендерін, сондай-ақ оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру, беру, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту, техникалық қолдап отыру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
__________________
Басқа 1-1
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру, орналастыру
және орындау қағидаларына
1-1-қосымша
______________________________________________________
(орган және бөлімше атауы)
Заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерін қабылдау журналы
Р/с №
Ұйым атауы
Үлгіні тапсыру күні мен уақыты
Үлгілер атауы
Дана саны
Өнім беруші/өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы
Қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
________________________________
Басқа 1-2
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру, орналастыру
және орындау қағидаларына
1-2-қосымша
__________________________________________________________________________________________
(органның және бөлімшенің атауы)
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауға жоспарлы калькуляцияны және/немесе құжаттарды қабылдау журналы
Р/с №
Ұйымның толық атауы
Іс-шара атауы
Құжаттаманы тапсырған ұйым өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Күні мен уақыты
Құжаттаманы тапсырған ұйымнан өкілдің қолы
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
________________________________
Басқа 2. 20__-20__жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
2-қосымша
Құпия (толтырылған соң)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
20__-20__жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс
Р/с №
Қорғаныстық тапсырыс өнімі
Өлшем бірлігі
Саны
Болжамды құны, мың теңге
Орындау мерзімі
Орындаушы
1
2
3
4
5
6
7
1-бөлім
Қару-жарақты, əскери, автомобиль және арнайы техниканы, арнайы құралдарды, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру (құрастыру), беру, жаңғырту.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
2-бөлім
Қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы жөндеу, оларға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсету, техникалық қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
3-бөлім
Техникалық құралдарды әзірлеу, жаңғырту, өндіру (құрастыру), беру, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
4-бөлім
Пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, техникалық және арнайы құралдарды құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
5-бөлім
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын өндіру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
6-бөлім
Ғылыми зерттеулер.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
7-бөлім
Қорғаныс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, оларды салу және күрделі жөндеу.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
8-бөлім
Қаптаманы өндіру, әзірлеу және беру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
9-бөлім
Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
10-бөлім
Қорғаныс мақсаттарында ғарыш жүйелері мен ғарыш объектілерін әзірлеу, жаңғырту, өндіру, беру, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау, техникалық пайдалану және кәдеге жарату.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
11-бөлім
Қорғаныс мақсаттарында ғарыштық және спутниктік навигациялық көрсетілетін қызметтер.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
12-бөлім
Автоматтандырылған басқару жүйелері кешендерін, сондай-ақ оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру, беру, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту, техникалық қолдап отыру.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Жиыны
__________________
Басқа 2-1. Орындаушыны таңдау хаттамасы
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру, орналастыру
және орындау қағидаларына
2-1-қосымша
Орындаушыны таңдау хаттамасы
______________________ қ. 202__ жылғы «___» _________
Мына құрамдағы комиссия: ________жылғы ___ №___ бұйрықпен тағайындалған ___________________________ __________________________________(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы көрсетіледі) _____________________________ орындаушыны таңдады.
Күн тәртібі:
Тармақша 1
1) ___________________мұқтажы үшін ______________________жеткізу бойынша әлеуетті орындаушылардың (бұдан әрі – әлеуетті орындаушы) өтінімдерін қарау;
Тармақша 2
2) ___________________жеткізу бойынша болжамды орындаушыны айқындау.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ______________________жеткізу жөніндегі мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өтінімін қалыптастыру үшін мынадай әлеуетті орындаушыларға:
Р/с №
Әлеуетті орындаушының атауы
Әлеуетті орындаушының мекенжайы
202__ жылғы «___» _______№_________ хат (сұрау салу) жіберілді.
2. _________________жеткізу бойынша құжаттар мен үлгілерді (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде) белгіленген мерзімде мынадай әлеуетті орындаушылар ұсынады:
Р/с
№
Әлеуетті орындаушының атауы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
Деректемелер
Құжат нөмірі
Үлгілерді алу күні мен уақыты
_________________________________________ сұрау салуға жауап белгіленген мерзімде ұсынылған жоқ.
(әлеуетті орындаушы (орындаушылар) атауы)
3. Әлеуетті орындаушылар тауардың мынадай құжаттары мен үлгілерін (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде) ұсынды:
Р/с №
Әлеуетті орындаушының атауы
Қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы
Ұсынылған құжаттар тізбесі
заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі не бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтама көшірмесі
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия және/немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталынан лицензия көшірмесі
мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді қоспағанда, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті міндетті растау рәсіміне жататын өнім өндірушілер үшін – өнімнің техникалық регламентте, стандарт ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаты немесе сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларация
ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бөлігінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, білікті мамандардың, сондай-ақ меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы туралы куәландыратын құжат
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы куәландыратын құжат
қаржылық аудит
Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляция
техникалық тапсырма
үлгілер (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын)
4. ____________________________________________________ өтінімдері қабылданбады.
(әлеуетті орындаушы (орындаушылар) атауы)
5. Сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынған
______________________________________________ өтінім қарауға жіберілді.
(әлеуетті орындаушы (орындаушылар) атауы)
6. Қарауға жіберілген әлеуетті орындаушылар бағасы:
Р/с №
Мүлік атауы
Болжамды баға
(теңге)
Әлеуетті орындаушылар ұсынған баға (теңге)
___________________
___________________
________________
Мынадай шешім қабылданды:
Тармақ 1
1. Қағидалардың _____-тармағына сәйкес сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынған ____________________________________________________ жеткізу бойынша болжамды орындаушы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. _____________________________________________ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға, орналастыруға және орындауға өтінім дайындасын.
Осы шешімге дауыс берді:
Жақтап –_ _ _ _ _ _ _ _ _ дауыс;
Қарсы – _ _ _ _ _ _ _ дауыс.
Қосымша:
Осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес үлгілерді қабылдауды есепке алу журналы (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде) ____________, ____ парақта.
Комиссия құрамы:
_______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
_______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
________________________
Басқа 3. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімі
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
3-қосымша
Қызмет бабында пайдалану үшін (толтырылған соң)
Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімі
Р/с №
Заңды тұлғаның атауы
Тіркелген жері
Өндіру/қызмет көрсету орны
Қызмет бағыты
Тізілімге енгізу туралы бұйрықтың күні мен нөмірі
Тізілімнен алып тастау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі
1
2
3
4
5
6
1
1-бөлім
Қару-жарақты, əскери, автомобиль және арнайы техниканы, арнайы құралдарды, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру (құрастыру), беру, жаңғырту.
2
2-бөлім
Қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы жөндеу, оларға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсету, техникалық қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау.
3
3-бөлім
Техникалық құралдарды әзірлеу, жаңғырту, өндіру (құрастыру), беру, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау.
4
4-бөлім
Пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, техникалық және арнайы құралдарды құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу.
5
5-бөлім
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын өндіру.
6
6-бөлім
Ғылыми зерттеулер.
7
7-бөлім
Қорғаныс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, оларды салу және күрделі жөндеу.
8
8-бөлім
Қаптаманы өндіру, әзірлеу және беру.
9
9-бөлім
Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру.
10
10-бөлім
Қорғаныс мақсаттарында ғарыш жүйелері мен ғарыш объектілерін әзірлеу, жаңғырту, өндіру, беру, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және қолдап отыру, техникалық куәландыру және диагностикалау, техникалық пайдалану және кәдеге жарату.
11
11-бөлім
Қорғаныс мақсаттарында ғарыштық және спутниктік навигациялық көрсетілетін қызметтер.
12
12-бөлім
Автоматтандырылған басқару жүйелері кешендерін, сондай-ақ оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру, беру, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту, техникалық қолдап отыру.
__________________
Басқа 4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларын (өнімін), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларын (өнімін) отандық өндірушілер және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізу туралы өтінім
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
4-қосымша
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларын (өнімін), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларын (өнімін) отандық өндірушілер және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізу туралы өтінім
Кімнен ___________________________________________________________
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________ бағыты бойынша
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1) ұйымдық-құқықтық нысаны __________________________________;
2) бірінші басшының Т.А.Ә. және байланыс телефондары ___________;
3) заңды мекенжайы ___________________________________________;
4) өндірістің мекенжайы _______________________________________;
5) электрондық мекенжайы_____________________________________;
6) БСН ______________________________________________________;
7) банк деректемелері__________________________________________;
Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
(заңды тұлғаның атауы және басшының немесе сенімхат негізінде
(сенімхат нөмірі және берілген күні) әрекет ететін заңды
тұлға өкілінің Т.А.Ә.)
20 __ жылғы "____" ____________
М.О. (бар болса)
__________________
Басқа 5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы есеп
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
5-қосымша
Құпия (толтырылған соң)
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы есеп
Р/с
№
Шарттың
күні және №
Шарттың мәні (қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы)
Өлшем бірлігі
Саны
Шарттың жалпы сомасы, теңге
20 __ жылғы
сома
20 __ жылғы
сома
20 __ жылғы
сома
Орындау мерзімі
Орындаушы
Ескертпе
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалмау фактілері туралы есеп
Р/с №
Шарттың күні және №
Шарттың мәні (қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы)
Өлшем бірлігі
Саны
Шарттың жалпы сомасы, теңге
20 __жылғы сома
20 __жылғы сома
20 __ жылғы сома
Іс жүзіндегі
Ор-ындау мерзімі
Ор-ындаушы
Орындалмау себептері (негіздемемен)
Орындалмау фактісі бойынша қабылданған шаралар
игерілген
игерілмеген
__________________