О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат): 4-тармақта: 1) тармақшада «және сыртқы» деген сөздер алып тасталсын; 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді;»; 4) тармақша алып тасталсын; 5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде: 2-тармақта «Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерi,» деген сөздер алып тасталсын; 8-тармақта «және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен» деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.