Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Кокшетау Күшін жойған
Басқа 0
Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін:
Тармақша 1
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:
ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
Тармақ 3
3. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/3146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6045 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары С.С. Шабаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық мәслихаты