О повышении окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, здравоохранения, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс атқарып жүрген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мекемелері мамандарының жалақылары мен тарифтік ставкаларын көтеру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 13.07.2007 № 470 шешімімен. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, және «Қазақстан Республикасында ауылды (селоны) және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты шешті:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс атқарып жүрген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мекемелері мамандарының жалақылары мен тарифтік ставкаларын 2003 жылғы 1 қаңтардың 25 процентке көтерілетіні белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2003 жылға арналған облыстық бюджет және қалалар мен аудандардың бюджеттерін қалыптастыру уақытында көрсетілген шығыстар алдын-ала қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа және облыстық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.