О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоемов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен. Қазақстан Республикасы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 14 бабына және облыстық тендерлік комиссияның 2002 жылғы 27 қыркүйектегі балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) табиғат пайдаланушыларға бекіту жөніндегі № 19 шешімі негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кешенді балық шаруашылығы үшін пайдалануға бекітілсін: Таран ауданының аумағы 118,6 га Большое Немецкое көлі Г.Б. Баталов атындағы ЖШС-іне; Әулиекөл ауданының аумағы 600 га Сұлукөл көлі "Диев агрофирмасы" ЖШС-іне; Әулиекөл ауданының аумағы 220 га Океан көлі "Азамат" шаруа қожалығына; Ұзынкөл ауданының аумағы 1727 га Жарқайың көлі жеке кәсіпкер И.В. Каптелге; Қостанай ауданының аумағы 28,1 га Попово көлі жеке кәсіпкер Р.П. Швакке; Меңдіқара ауданының аумағы 120,5 га Каменск-Уральский тоғаны "Восток-1" ЖШС-іне; Федоров ауданының аумағы 129 га Тоғызбай көлі Қазақстан Республикасының азаматы Н.Н. Боровикке.
Тармақ 2
2. Ұзынкөл ауданының аумағы 2500 га Шошқалы сайының бөлігі аң және балық шаруашылығын жүргізу құқығы беріле отырып, кешенді пайдалануы үшін "Владимиров агрофирмасы" ЖШС-іне бекітілсін.