Об утверждении положения "Почетный гражданин города Рудного» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Рудный қаласының құрметті азаматы" ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 25.06.2004 № 60 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі ереже бекітілсін (қосылып отыр).
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімінің аппаратына қала көліктерінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған тендерді өткізу кезінде Рудный қаласының құрметті азаматтарының жолақысына жеңілдік қарастыру жөнінде ұсыныс жасалсын.
Басқа 3. "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ЕРЕЖЕ
Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 30 қазандағы № 204 шешіміне қосымша "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ЕРЕЖЕ "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағы қалалық мәслихаттың шешімінің негізінде Рудный қаласының аумағында 20 жылдан астам уақыт түратын және қала өнеркәсібінің, құрылысының және абаттануының дамуына, оның сәулет келбетінің жақсаруына, халықтық білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына маңызды үлес қосқан, қарулы күштер қатарында және қүқық тәртібін қорғауда ерлік көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Атақты беру тәртібі "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағы жылына бір рет "Қала күніне" орай беріледі, бірақ жылына 3 адамнан аспауы керек. Мәслихатқа "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беруге арналған үсынысты еңбек үжымдары және қоғамдық бірлестіктері жіберуғе қүқылы. Ұсыныста қысқаша өмірбаян, сіңірген еңбектерінің және наградаларының тізбесі міндетті түрде берілуі керек. Ұсыныс мәслихатқа "Қала күніне" дейін 1 айдан кешіктірмей берілуі керек. Мәслихаттың білім беру, медицина, экология, мәдениет және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және қүқық тәртібін сақтау мәселелері жоніндегі комиссиясы екі апта ішінде қалалық мәслихаттың сессиясына қарастыруға беру жонінде қорытынды дайындауы керек. "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы хабарлау тәртібі "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағы берілген түлғаға мәслихаттың шешімі бар естелік хат, төс белгісі, "Рудный қаласының құрметті азаматы" дипломы және куәлігі беріледі "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі ақпарат Рудный тарихи-өлкетану мұражайындағы құрмет кітабына енгізіледі. "Рудный қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы мәслихаттың шешімі Рудный қаласының бүқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қаланың құрметті азаматтарына қаланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары кезексіз қызмет көрсетіледі.