Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации услуг государственными учреждениями органов внутренних дел Республики Казахстан по оказанию медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования и расходования ими денег от реализации услуг Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және олардың көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және олардың көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Қ.Ә. Сұлтанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және олардың көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы «___» ________
№ ____
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және олардың көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және олардың көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – ІІО ММ) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсетуді іске асыру бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және ІІО ММ көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларға сәйкес ІІО ММ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, құқық қорғау зейнеткерлеріне және өзге де адамдарға медициналық көмек көрсетеді.
Тармақ 3
3. ІІО ММ-де медициналық қызметтердің ақылы түрлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) сәйкес Қор мен ІІО ММ арасында жасалған медициналық қызметтерді сатып алу келісім шарттар негізінде ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтің ақылы түрлерін көрсету тәртібі
2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтің ақылы түрлерін көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. ІІО ММ медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, клиникалық хаттамаларды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ - 41 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлері мынадай жағдайларда көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде;
Тармақша 2
2) тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін «бір күннің» терапиясы және хирургиясы жағдайларында;
Тармақша 3
3) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайларда.
Тармақ 6
6. ІІО ММ қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерінің бөлігін орындау үшін деректер базасына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерімен бірлесіп орындаушылықтың азаматтық-құқықтық шартын жасасады, сондай-ақ Сатып алу қағидаларына сәйкес бірлесіп орындаушы ретінде тартылады.
Тармақ 7
7. ІІО ММ қызметтерді сатып алу келісім шартын орындау кезінде деректерді ақпараттық жүйелерге және денсаулық сақтау жүйесінің электрондық ақпараттық ресурстарына енгізуді және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, оларды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. ІІО ММ бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
3-тарау. Медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
Тармақ 9
9. Медициналық қызметтердің ақылы түрін көрсеткені үшін ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтер бойынша Ақы төлеу қағидаларына сәйкес Қор жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Медициналық қызметтердің ақылы түрлері үшін төлем құжаттарының, есептердің және нысандардың қалыптастырылуы, сондай-ақ оларды Қорға ұсыну Ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Бірлесіп орындау келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындайтын ІІО ММ көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуді бірлесіп орындау келісімшарты жасалған денсаулық сақтау субъектілері Қормен жасалған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу келісімшарты шеңберінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Медициналық қызметтердің ақылы түрлерін іске асырудан түсетін ақшаларды жұмсау тәртібі
4-тарау. Медициналық қызметтердің ақылы түрлерін іске асырудан түсетін ақшаларды жұмсау тәртібі
Тармақ 12
12. ІІО ММ-мен медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін өткізуден түсетін өздерінің иелігінде қалатын ақша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы қағидалары) сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын қолма-қол ақшаның бақылау шотына есепке жатқызылады.
Тармақ 13
13. ІІО ММ көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынатын өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операциялар жүргізу үшін Бюджеттің атқарылуы қағидаларымен айқындалған тәртіпте жыл сайын медициналық ақылы қызметтердің түрлерін өткізуден алынатын ақшаның түсу және жұмсау жоспарын жасайды.
Медициналық ақылы қызметтердің түрлерін өткізуден алынатын ақшаның түсу және жұмсау жоспарына өзгерістерді құру, бекіту және енгізу Бюджеттің атқарылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. ІІО ММ-ның медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрық) бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесінің 4-тармағымен анықталған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету қызметіне байланысты:
Тармақша 1
1) клиникалық хаттамаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, шығыс материалдарын және тиісті жылға арналған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізіміне сәйкес, сондай-ақ дәрі қобдишаларды, арнайы емдік өнімдерді сатып алуға (қамтамасыз ету);
Тармақша 2
2) «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациенттерді тамақтандыруға және жұмсақ мүккәмалмен жарақтандыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
Тармақша 4
4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;
Тармақша 5
5) өзге шығыстарды, оның ішінде «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғандағы байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, басқа тауарлар мен ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетуге қоса қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеуге;
Тармақша 6
6) № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрықпен бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге (медициналық қызметтер кешеніне) арналған тарифтерді қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарында көзделген жағдайларда негізгі құралдарды жаңартуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес ІІО ММ қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы белгілеуге арналған шығындар шеңберінде жұмсалады.».
ІІО ММ өздерінің иелігінде қалатын медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Медициналық қызметтердің ақылы түрлерін өткізуден түсетін ақшаның түсуі және жұмсалуы жоспарын жасау және орындалуы туралы ұсыну Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. ІІО ММ медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрін бухгалтерлік есепке алуды «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген).
Тармақ 17
17. Ақылы медициналық қызмет көрсетуден түсетін ақылы медициналық көмек көрсетуді іске асыру бойынша қаражатқа салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.