О ходе реализации мероприятий Года здоровья Күшін жойған
Басқа 0
Денсаулық жылына белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру барысы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 желтоқсандағы №751 "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 59 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 желтоқсандағы "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" Жарлығын жүзеге асыру туралы" қаулысын орындау мақсатында, сондай-ақ облыс активi жиналысында "Денсаулық жылына белгiленген iс-шараларды жүзеге асыру шаралары туралы" мәселе қарай келiп, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалардың, комитеттер мен департаменттердiң басшылары қолда бар мүмкiндiктердi түгелдей Денсаулық жылын ұйымдастырудың және өткiзудiң iс-шаралар жоспарын (мемлекеттiк комиссия отырысының 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 24-3 хаттамасы) және облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 44 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2002 жылды Денсаулық сақтау жылы деп жариялау туралы" Жарлығын Батыс Қазақстан облысында жүзеге асыру шаралары туралы" iс-шаралар жоспарын орындауға жұмылдырсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар, комитеттер мен департаменттер үстiмiздегi жылғы 20 қыркүйекке дейiн Денсаулық жылын өткiзу шараларын белгiлесiн және орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов), бiлiм басқармасы (Қасымбеков) және мемлекеттiк санэпиднадзор (Бирюков) мектеп жасындағы балалар мен әскерге шақырылатындар арасындағы ауру жастардың диспансерлiк байқаудан өтуiн және сауықтырылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. Жасалған жұмыс қорытындысы бойынша облыс әкiмiнiң орынбасарында кеңес өткiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен мемлекеттiк санэпиднадзор, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiнiң дәрiгерлiк және медициналық өнеркәсiбi дәрi-дәрмек комитетiнiң Батыс Қазақстан бөлiмi (Глотова) тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, оларды сапалы дәрiлермен қамтамасыз ету, емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту, ауылдық жерлерде медицина кадрларын тұрақтандыру мәселелерi бойынша шұғыл шаралар алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулездiң алдын алу және емдеу, аналар мен балалардың денсаулығын сақтау бағдарламасын орындауға қаржы табу жолдарын қарастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов) 2002 жылғы 1 қазанға дейiн қаржының дұрыс бөлiнуiне және оның тиiмдi пайдаланылуына талдау жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы бақылау басқармасы (Қуанышев) 2 ай мерзiм iшiнде денсаулық сақтау саласына, соның iшiнде компьютерлер сатып алуға жан-жақты тексеру жүргiзсiн.
Тармақ 8
8. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен мемлекеттiк санэпиднадзор, мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелердiң кәсiпорындардың басшылары облыс село тұрғындарының профилактикалық байқаудан өтуiнiң қорытындысына талдау жасасын. Аналар мен нәрестелердiң өлiмiн болдырмау шараларын алсын. Үстiмiздегi жылғы 10 қазанға дейiн аналар мен балаларды қорғаудың аймақтық бағдарламасын жасасын.
Тармақ 9
9. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және мемлекеттiк санэпиднадзор 2002 жылғы 20 қазанға дейiн барлық аудан орталықтары мен Орал қаласында балалар сүт асүйлерiн қалпына келтiру шараларын алсын.
Тармақ 10
10. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен мемлекеттiк санэпиднадзор, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облыстық аймақтық басқармасы (Хайретдинов), облыстық ауыл шаруашылық департаментi (Жакиев), облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және көлiк басқармасы (Имашев), облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Сүйербаев), облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (Сәтбаев) жұқпалы аурулардың алдын алу және азайту, алдын ала егуге тұрғындарды түгел тарту, мал ауруларының алдын алу, тұрғындарды сапалы ауызсумен, азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету, елдi мекендердi жайландыру, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарының ықпылын арттыру жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 11
11. Аудандардың әкiмдерi үстiмiздегi жылғы 1 қарашаға дейiн емдеу-сауықтыру ұйымдарына алдын алу дәрiлерiн тасымалдауда және сақтауда "салқындық легiнiң" қамтамасыз етiлуi мәселесiн шешетiн болсын.
Тармақ 12
12. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау, бiлiм басқармалары, мемлекеттiк санэпиднадзор, жастар iсi, туризм және спорт басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, Батыс Қазақстан облысының iшкi iстер басқармасы қоғамдық ұйымдармен, қорлармен және қозғалыстармен бiрлесе отырып облыстық мәслихаттың сессиясында 2002 жылғы 5 сәуiрде бекiтiлген N 20-9 "2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД эпидемиясына қарсы әрекеттер шараларының Жоспарын" жүзеге асыру шараларын күшейтсiн.
Тармақ 13
13. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, жергiлiктi атқарушы органдар бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен бiрлесе отырып Денсаулық жылы шеңберiнде атқарылып жатқан шаралардың кеңiнен көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа жүктелсiн.