О полномочиях наблюдателей иностранных государств и международных организаций, общественных объединений, доверенных лиц кандидатов в Президенты, а также представителей средств массовой информации на выборах Президента Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының, Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы ереже бекітілсін (N 1 Қосымша).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының, Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері туралы ереже бекітілсін (N 2 Қосымша).
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы ЕРЕЖЕ
3. Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушыларымен, Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүргізетін жұмысында осы Ережелерді басшылыққа алсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1998 жылғы 10 қазандағы N 44/129
қаулысымен N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы ЕРЕЖЕ
І. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу тәртібі
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тіркеледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша өз отырысында тиісті шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкілеттік мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
Тармақ 4. ІІ. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары байқаушыларының өкілеттіктері
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға белгіленген үлгідегі куәліктер береді.
ІІ. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары байқаушыларының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Байқаушылардың:
- әрбір учаскедегі дауыс беруге арналған учаскенің ашылуына қатысуға;
- сайлау күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесінде болуға;
- сайлау күні сайлау комиссиясының отырыстарына қатысуға;
- дауыс санау барысын, сондай-ақ сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелерін анықтауды бақылауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 40 және 42-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3. ІІІ. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары байқаушыларының қызметін қамтамасыз ету
3. Байқаушылар Қазақстан Республикасы заңдарын немесе халықаралық құқықтың көпшілік таныған қалыптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы олардың тіркеуін кері қайтарып алуға құқылы.
ІІІ. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары байқаушыларының қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы аумағында болған кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамқорлығында (қорғауында) болады.
Тармақ 2
2. Байқаушылар қызметін материалдық-қаржылық қамтамасыз ету байқаушылар жіберген тараптардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері туралы ЕРЕЖЕ
3. Байқаушылардың өз міндеттерін орындауы кезеңінде тиісті сайлау комиссиялары мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі оларға қажетті көмек көрсетіп отырады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1998 жылғы 10 қазандағы N 44/129
қаулысымен N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері туралы ЕРЕЖЕ
І. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларын тіркеу тәртібі
Тармақ 1
1. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары қоғамдық бірлестіктердің республикалық және аумақтық бірлестіктерінің ұсынуы бойынша облыстық, Алматы және Астана қалаларының сайлау комиссиялары жанында тіркеледі.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларын тіркеу туралы шешім аумақтық комиссиялардың отырыстарында қабылданады.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкілеттік мерзімін облыстық, Алматы және Астана қалаларының сайлау комиссиялары белгілейді.
Тармақ 4
4. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне белгіленген үлгідегі куәліктер береді.
Тармақ 5. ІІ. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары мен Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарының өкілеттіктері
5. Дауыс беруге арналған әрбір сайлау учаскесінде әрбір қоғамдық бірлестіктен бір-бірден ғана байқаушы қатыса алады.
ІІ. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары мен Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының және Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары:
- дауыс беруге арналған учаскелердің ашылуы кезінде әр учаскеде қатысуға;
- сайлау күні сайлау дауыс беруге арналған учаскеде болуға;
- сайлау күні сайлау комиссияларының отырыстарына қатысуға;
- дауыс беру нәтижелерін анықтауды байқауға құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 40 және 42-баптарына сәйкес қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының және Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарының сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3. ІІІ. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы
3. Қоғамдық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы заңдарын бұзған жағдайда тиісті сайлау комиссиялары оларды тіркеуді кері қайтарып алуға құқылы.
ІІІ. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне куәлігі және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлау өткізуге байланысты шараларға қатысуға кепілдік беріледі.