О водоохранных зонах и полосах Күшін жойған
Басқа 0
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2004 № 97 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 31 наурыздағы Су кодексiне және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 Қаңтардағы N 102 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес жер бетiндегi су тоғандарының қолайлы су режимiн сақтау, олардың экологиялық тұрақтылығын және қажеттi санитарлық ахуалды ұстап тұру мақсатында және Орал-Каспий тоғанды су шаруашылығы басқармасының ұсынысы негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында өзендерге, суару-суландыру арналарына, көлдер мен су айдындарына iргелес жатқан аумақтар жер пайдаланушылардың жерлерiн алусыз №1 жалғамаға сәйкес су қорғау аймағы мен белдеулерi болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде №2 жалғамаға сәйкес шаруашылық жүргiзуге тиым салатын жағдайлар тiзiмi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шекарасын ауыстыру және жобалық құжаттарға сәйкес жер есебi құжаттарына өзгертулер енгiзу үшiн қажеттi бюджеттiк қаржы ресурстарын кезеңдi бөлу жолдарын қарастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шекараларын анықтау, оларды белгiлермен, аншлагтармен безендiру және жер есебi құжаттарына өзгертулер енгiзу бойынша қажеттi жұмыстар жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк су ресурстарын басқару және басқа да арнайы уәкiлеттi органдармен келiсiп алу арқылы және өзендердiң бiтелiп қалуын, ластануы мен тартылуын болдырмайтын тиiстi пайдалану режимiн сақтау шартында заңда белгiленген тәртiппен көлiк жүру мақсатында және басқа арнайы мұқтаждар үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiндегi аумақты бөлу мен пайдалануды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi, кәсiпорындардың, мекемелердiң, басқа да шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк түрiне қарамастан су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде пайдаланып отырған жерлерiн тиiстi санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылыққа пайдалану режимiн сақтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстың қоршаған ортаны қорғауға уәкiлеттi органдар, облыстық iшкi iстер басқармасы су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану режимi сақталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.
Басқа 10. Батыс Қазақстан облысының суаттарына
орналасқан су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені
Облыс әкімдігінің
2002 жылғы 18 қазандағы
N 189 қаулысына N 1 жалғама
Батыс Қазақстан облысының суаттарына
орналасқан су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені
Тармақ 1
1. Өзендердiң су қорғау аймақтарының енi (әр жағалаудан су жайылатын орташа деңгейiн, тiк жарларын есептегенде):
Түрi
Атауы
Енi (м)
Өзендер
Жайық
Шаған, Елек, Қара өзен, Сары өзен
Облыстың басқа өзендерi
1000
700
500
Қолданыстағы тәртiп бойынша ормандар қорғалатын категорияға жататындықтан су қорғау аймағы жағалауындағы орман алқаптары да қорғалады.
Тармақ 2
2. Суару-суландыру каналдарының су қорғау аймағының енi (әр жағалау бойынша су деңгейi қалыпты болған жағдайда) - 300 м.
Тармақ 3
3. Су құйылатын қоймалар мен көлдердiң су қорғау аймағының енi:
Түрi
Атауы
Енi
Су бетi 2 шаршы метрден асатын су құйылатын қоймалар мен көлдер
Шалқар, Балықты Сокрыл, Балықты, Сұлукөл, Ақмамық, Жалтыркөл, Бесоба, Бiрқазан, Сорайды, Жиенбет, Тұздыкөл, Батпақкөл, Соркөл, Үлкенсор, Аралсор, Қоскөл, Есен-Темiр, Төлен-көл, Айдын, Боткөл, Жанғабылсор, Қаңбақты, Қамыс-Самар көлдерi
500
Су бетi 2 шаршы метрге дейiнгi су құйылатын қоймалар мен көлдер
Басқа өзендер, ескi арналар, шағын су қоймалары, тоғандар мен апандар
300
Су құйылатын қоймалар мен көлдердiң су қорғау аймақтарының iшкi шекарасы су деңгейi қалыпты болған жағдайда су қайтатын арналармен өтедi.
Тармақ 4
4. Арналы су қоймаларының су қорғау аймағы олар орналасқан өзендердiң тәртiбiмен белгiленедi.
Түрi
Атауы
Енi (м)
Арналы су қоймалары
Шаған, 1-шi Казталовка, 2-шi Казталовка, Мамаев, Сокрыл, Сарышығанақ, Айдархан
700
Облыстың басқа да арналы су қоймалары
500
Арналы су қоймаларының су қорғау аймағының iшкi шекарасы су деңгейi қалыпты болған жағдайда су қайтатын арналармен өтедi.
Тармақ 5
5. Су қорғау белдеулерiнiң ең аз енi өзен алабының түрiне, сол маңдағы баурайлардың құламалығына, жағалауларды өңдеу болжамына және ауыл шаруашылығы жерлерiнiң құрамына қарай айқындалады.
Өзен жағалауына жақын жарамды жерлердiң түрi
Еңiстердiң құламалығына қарай су қорғау белдеулерiнiң енi (м)
Жағадан еңiстiгi (нолдiк еңiс)
Жағаға қарай еңiс
3 градусқа дейiн
3 градустан астам
Жырытынды жайылымдар,
шабындықтар
Тоғай, бұта
Басқалары
35
30
25
35
55
50
35
55
100
75
65
100
Бағалы ауыл шаруашылығы жерлерiнде су қорғау белдеулерiнiң енi өзен жағалауларында тал-теректi белдеулер немесе жаға бекiтетiн қорғаныс құрылғылары болған жағдайда 10 метрге кiшiрейтiледi.
Тармақ 6
6. Елдi мекендер мен Орал қаласының маңында су қорғау белдеулерiнiң қашықтығы жаға бекiту құрылғыларынан 50 метрге, болмаған жағдайда көп жылғы орташа су деңгейiнде орнатылады.
Қолданыстағы қызмет үлесi, жеке және заңды тұлғалардың үй маңындағы, саяжайлық және бақшалық учаскелерi жердi пайдалану құқына және су қорғау режимiн сақтауға мемлекеттiк пакетi болған жағдайда су қорғау белдеуi шеңберiнде қалады. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнен жаңадан жер беру басқарудың мемлекеттiк органдарымен - су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстары, орман және биоресурстар, мемлекеттiк санэпиднадзор, балық қорын қорғау және жануарлар мен өсiмдiк әлемiн мемлекеттiк бақылау жөнiндегi басқармалармен келiсiм арқылы жүргiзiледi.
Басқа 17. Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық
қызметтерін жүзеге асыруға тыйым салынатын жағдайлар тізбесі
Облыс әкімдігінің
2002 жылғы 18 қазандағы
N 189 қаулысына N 2 жалғама
Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық
қызметтерін жүзеге асыруға тыйым салынатын жағдайлар тізбесі
Су қорғау аймағы шегiнде тыйым салынады:
су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiн бiтелу мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, жаңа және жаңғыртылған объектiлердi iске қосуға;
тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсiп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетiн құрылғыларды, өлген малдар көмiлетiн ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен құрылысын салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
құрылыс, су түбiн тереңдету және құрылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткiзу, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк табиғатты қорғау, су ресурстарын басқару, жергiлiктi әкiмшiлiктермен және басқа арнайы уәкiлеттi органдармен келiсiлген бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жобасы жоқ жұмыстар жүргiзуе;
мемлекеттiк табиғат қорғау органдарының, су ресурстары басқармасының, жергiлiктi әкiмшiлiк және басқа да өкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз су көздерiндегi су жиегiнен 200 метрге дейiнгi орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егiлген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлдерiн қолдануға;
органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
шамадан тыс мал жаюға;
малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметiн жүргiзуге.
Су қорғау белдеулерi шегiнде тыйым салынады:
жер жыртуға, мал бағуға, тал-теректердi кесуге;
органикалық және минералды тыңайтқыштар, пестицидтер қолдануға;
палаталы қалашықтар, автотұрақтар, малдың жазғы лагерлерiн жасауға;
су ұстайтын, су реттейтiн, қорғаныс және басқа да арнайы мақсаттарға арналған құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;
жеке тұрғын үй үшiн жер учаскесiн бөлуге;
саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшiн жер беруге;
Орал қаласы мен елдi мекендерде су өткiзбейтiн күресiндермен жабдықталмаған жеке тұрғын үй аулаларын пайдалануға;
Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде суаттардың ластануына жол бермейтiн құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға.