Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации услуг государственными учреждениями Вооруженных Сил по оказанию медицинских услуг (помощи) в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования и расходования ими денег от реализации услуг Күшін жойған
Басқа 0
Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
___________________________
2019 жылғы « ____ » ________
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
___________________________
2019 жылғы « ____ » ________
Басқа 0. Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «___» _________ № ___ бұйрығымен
бекітілген
Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық қызметтің (көмектің) кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-медициналық мекемелерінің (бұдан әрі – әскери-медициналық мекемелер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларға сәйкес әскери-медициналық мекемелер тегін медициналық қызметтің (көмектің) кепілдік берілген көлемінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесі шегінде медициналық қызметті (көмекті) (бұдан әрі – ақылы медициналық қызмет түрі):
Тармақша 1
1) әскери қызметтегі шекті жасқа толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауыруға шалдыққан, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан да көп адамдарға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне;
Тармақша 5
5) Қарулы Күштердің азаматтық персоналына;
Тармақша 6
6) басқа да медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға көрсетеді.
Тармақ 3
3. Әскери-медициналық мекемелерде медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) мен әскери-медициналық мекемелер арасында жасалған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары негізінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсететін әскери-медициналық мекемелерге қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы
түрлерін көрсету тәртібі
2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы
түрлерін көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Әскери-медициналық мекемеде медициналық қызмет (көмек) көрсету денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Әскери-медициналық мекемелер медициналық қызмет (көмек) көрсету кезінде денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылған медициналық көрсетілетін қызмет сапасы жөніндегі комиссия қабылдайтын клиникалық хаттаманы, сондай-ақ «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр) пайдаланады.
Тармақ 6
6. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлері медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға мынадай түрлер бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
Тармақша 2
2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
Тармақша 3
3) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
Тармақша 4
4) медициналық оңалту.
Тармақ 7
7. Медициналық қызмет (көмек) медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға мынадай жағдайда ұсынылады:
Тармақша 1
1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде;
Тармақша 2
2) тәулік бойы медициналық бақылау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақтандырумен бірге жатын орын беру көзделетін стационарлық жағдайда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәулік ішінде тәулік бойы бақылау көзделетін «бір күннің» терапиясы және хирургиясы жағдайында;
Тармақша 3
3) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қажет етілмейтін және жатын орын берілетін күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайда.
Тармақ 8
8. Әскери-медициналық мекеме қолданыстағы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес алғашқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Әскери-медициналық мекеменің медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасалған шарттар шеңберінде құжаттаманы толтыруы және ұсынуы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Әскери-медициналық мекеме көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін деректер базасына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерімен сатып алу қағидаларына сәйкес бірлесіп орындаудың азаматтық-құқықтық шартын жасайды, сондай-ақ бірлесіп орындаушы ретінде тартылады.
Тарау 3. 3-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
3-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеу тәртібі
Тармақ 11
11. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеуді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) Қор жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеу «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Көрсетілген медициналық қызметтердің ақылы түрлері үшін төлем құжаттарын, есептерін және нысандарын қалыптастыру, сондай-ақ оларды Қорға ұсыну Ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Бірлесіп орындау шарты бойынша міндеттемелерді орындайтын әскери-медициналық мекемеге көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеуді денсаулық сақтау субъектісі жүзеге асырады, онымен Қормен жасалған медициналық көрсетілетін қызметті өткізу алу шарты шеңберінде бірлесіп орындау шарты жасалды.
Медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыға бірлесіп орындаушылар медициналық қызмет (көмек) көрсеткен кезде көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеуді әскери-медициналық мекеме жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібі
4-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібі
Тармақ 15
15. Әскери-медициналық мекемелердің медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін өткізуінен түсетін өздерінің иелігінде қалатын ақша «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы қағидалары) сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын қолма-қол ақшаның бақылау шотына есепке жатқызылады.
Тармақ 16
16. Әскери-медициналық мекемелер көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынатын өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операция жүргізу үшін Бюджеттің атқарылуы қағидаларында айқындалған тәртіппен жыл сайын медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін өткізуден алынатын ақшаның түсу және жұмсау жоспарын жасайды.
Тармақ 17
17. Әскери-медициналық мекеменің медициналық қызметтің ақылы түрін көрсетуден алынған ақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрық) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметке тарифті қалыптастыру әдістемесінде айқындалған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету жөніндегі қызметке байланысты шығын шеңберінде:
Тармақша 1
1) клиникалық хаттамаға және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тиісті жылға бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйым тізбесіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымды, шығыс материалын, сондай-ақ дәріқобдишаны, арнайы емдік өнімді сатып алуға (қамтамасыз етуге);
Тармақша 2
2) «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациентті тамақтандыруға және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтауға;
Тармақша 3
3) Еңбек кодексіне сәйкес кадр біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
Тармақша 4
4) коммуналдық қызметке: жылуға, электр энергиясына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;
Тармақша 5
5) өзге де шығысқа, оның ішінде «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғанда, байланыс қызметіне, іссапар шығысына, ағымдағы жөндеуге, үй-жайды жалға алуға, кеңсе және шаруашылық тауарды, жанар-жағармай материалын, ақпарат жүйесіне қызмет көрсетуді қоса алғанда, өзге де тауар мен көрсетілетін қызметті сатып алуға (қамтамасыз етуге), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге, банк қызметіне ақы төлеуге;
Тармақша 6
6) № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрықпен бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметке тарифті қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көрсетілетін қызметке (медициналық көрсетілетін қызмет кешені) тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарында көзделген жағдайда негізгі құралды жаңартуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес әскери-медициналық мекеменің жеке құрамына сараланған қосымша ақы белгілеуге жұмсалады.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбын төлеу әскери-медициналық мекеменің медициналық қызметтің ақылы түрін көрсетуден алған ақшасы есебінен жүргізіледі.
Әскери-медициналық мекеменің иелігінде қалатын медициналық қызметтің ақылы түрін көрсетуден алған ақшасы есебінен тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін өткізуден түсетін ақшаның түсу және жұмсалу жоспарларының орындалуы туралы есепті жасау және ұсыну «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Әскери-медициналық мекемелер медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін бухгалтерлік есепке алуды «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 6443 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түскен қаражатқа салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.