О порядке установления соответствия кандидата в Президенты Республики Казахстан требованиям, предъявляемым к нему Конституцией Республики Казахстан и Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу конституционного закона, "О выборах в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының оған қоятын талаптарына сәйкестігін анықтау тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 54-бабының 2-тармағына, 59-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІі:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының оған қоятын талаптарына сәйкестігі Орталық сайлау комиссиясының мәжілісінде мынадай тәртіппен анықталсын:
Тармақша 1
1) кандидат ұсынған Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі (түпнұсқасы дереу қайтарылады) негізінде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматтығы және қажетті жасы;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы құрған тілші ғалымдар мен басқа мамандардан тұратын бес адамдық лингвистикалық комиссияның қорытындысының негізінде кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі;
Тармақша 3
3) Орталық сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша тиісті органдардан алынған құжаттар негізінде Қазақстанда кемінде он бес жыл тұру фактісі;
Тармақша 4
4) Орталық сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасынан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен, және басқа тиісті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер бойынша тіркелуден бұрынғы бір жыл ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылмағандығы, толық өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы жоқтығы. Орталық сайлау комиссиясының сұрау салуымен алынған мәліметтер негізінде тіркеу алдындағы жыл ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін тәртіптік жазаларының жоқтығы;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жері немесе жұмыс орынындағы дәрігерлік мекемеден алынған дәрігерлік анықтама негізіндегі психикалық денсаулық жағдайы.