Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын іске асыру жөніндегі Ақкиізтоғай селолық округінің жұмысы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын іске асыру жөніндегі Ақкиізтоғай селолық округінің жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық әкімиятының 13.12.2004 № 353 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын және ос ызаңды жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы желтоқсанның 24-дегі № 1685 қаулысын орындау мақсатында Ақкиізтоғай селолық округі әкімі біршама жұмыстар атқарған.
Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде өтініш берушілердің материалдық жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізетін учаскелік комиссия құрылған. Жыл басынан бері учаскелік комиссия 14 отырыс өткізіп, көмек сұраушылардың тіркеу кітабы Заң талаптарына сай жүргізілуде.
Округ бойынша 2002 жылдың 1-ші тоқсанында 116 отбасынан арыз түсіп, оның 76 қанағаттандырылып, 1411213 теңге төленген. 40 отбасына отбасының жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен жоғары болуы себепті атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған. 2 тоқсанда 91 өтініш түсіп, 86-сы қанағаттандырылған, оған 1778316 теңге бюджет қаражаты жұмсалған.
Алайда, Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын орындау барысында орын алып отырған кемшіліктер де бар. Учаскелік коммиссия өтініш берушілердің жанұя жағдайларына зерделеу жұмыстарын жүргізуде осы мәселеге жете мән бермей, ат үсті қарау фактілері орын алуда. Бірінші тоқсанда мал басына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған кейбір отбасылары, 2 тоқсанда малодарын ата-анасының аттарына жаздырып атаулы әлеуметтік көмек алуға қол жеткізген. Сондай-ақ, бір үйде тұратын аталы-балалы отбасыларына екі бөлек жеткізген. Сондай-ақ, бір үйде тұратын аталы-балалы отбасыларына екі бөлек квартиралық карточка ашылып,атаулы әлеуметтік көмек алуда. Табыс көздерін атаулы әлеуметтік көмек алу үшін әдейі төмендетіп көрсетіп құжаттар тапсырған жанұялар жағдайын зерделеу актілерін жасау, оларды уәкілетті органға тапсыру мерзімдерін сақтамау фактілеріде кездесуде. Кедейшілікпен күресте жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жұмыстары жеткіліксіз түрде жүргізілуде. Село бойынша тек қана 11 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.
Жоғардағы айтылған жағдайларды ескере келе аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкиізтоғай селолық округі әкімінің Қазақстан республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асырудағы атқарып отырған жұмысы туралы хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Ақкиізтоғай селолық округі әкімі Ә. Нәриков осы қаулыда атап көрсетілген кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау шараларын алсын.
Тармақ 3
3. Қалалық, поселкелік, селолық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар жұмыстарын жетілдіріп, олардың аталған мәселеде жауапкершіліктерін арттыру шараларын алсын, қажет болған жағдайда комиссия құрамын қайтадан жасақтасын;
Тармақша 2
2) кедейшілік пен жұмыссыздықпен күресті күшейту мақсатында жұмыссыздыққа тіркеу жұмысына басты назар аударып, «халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 2 бабына сәйкес жұмыспен қамтылған халық түрлерін анықтағаннан кейін ғана уәкілетті органға ұсыныс жасау тапсырылсын;
Тармақша 3
3) тұрғындар арасында атаулы әлеуметтік көмек жөнінде түсінік жұмыстарын жолға қою, көмек алушылар жөнінде жариялылықты арттырсын;
Тармақша 4
4) өтініш берушілердің хал-ахауалдарын зерделеу жұмыстарын заңда көрсетілген мерзімде орындап отыруға басты назар аударсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ермекұлына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қаулы облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен кейін күшіне енеді.