О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения района Т .Рыскулова Күшін жойған
Басқа 0
Т.Рысқұлов ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер cалығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшермелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. «Т.Рысқұлов ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшермелерін жоғарылату туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы №37-9 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2854 болып тіркелген, «Құлан таңы» - «Огни Кулана» газетінің 2015 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.