Об утверждении норм образования и накопления, тарифов на сбор, вывоз и утилизацию коммунальных и твердых бытовых отходов по городу Текели Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы 2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Текелі қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № 41-240 шешіміне 1-қосымша Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды түзілу және жинақтау нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Болжауларды жинақтау ставкасы (жыл)* 1 Жайлы үйлер жайлы емес 1 тұрғын 1 тұрғын 1,30 1,80 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 0,74 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,95 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,63 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,96 6 Емханалар 1 адам 0,02 7 Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,68 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,22 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын 1,55 10 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,02 11 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,04 12 Азық-түлік дүкендері Сауда алаңы 1 м2 1,00 13 Машиналардан сату Сауда орны 1 м2 1,00 14 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2 0,71 15 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,48 16 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,06 17 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,16 18 Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 0,60 19 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,36 20 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,27 21 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,71 22 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 6,76 23 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 1,92 24 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,09 25 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,17 26 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,38 27 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,27 28 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 0,27 29 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,55 30 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,53 31 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 1,43
Басқа 6
Текелі қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № 41-240 шешіміне 2-қосымша Текелі қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және кәдеге жарату арналған тарифтері. Атауы Түзілу нормасы, м3 1 м3 тарифі Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және кәдеге жарату қызметінің құны, айына, (теңге) Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар (1м3) - 1500 - Жеке тұлғалар Жайлы үйлер (1 тұрғынға) 1,30 - 165 Жайлы емес үйлер контейнерлері бар 0,75м3 - 1125 Жайлы емес үйлер контейнерлері жок (1 тұрғынға) 1,80 228