Об установлении границ охранной зоны и определения режима использования земель магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» зандарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай-ақ, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес газ құбыры осінің әрбір жағынан елу метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғаз құбыры осінің әрбір жағынан жиырма бес метрден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.
Тармақ 3
3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бейнеу ауданының әкіміне құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағына кіретін жерлер
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы «31» қазандағы № 232 қаулысына 1-қосымша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағына кіретін жерлер № Аудан ның ата­уы Жер санаты Ауыл­дың ата­уы Ма­гис траль дық газ құ­бы­ры ның кү­зет ай­ма­ғы ның кө­ле­мі, гек­тар Оның ішінде: ауыл ша­руа шы­лы­ғы ал­қап та­ры­ның кө­ле­мі, гек­тар оның ішінде: бас­қа да ал­қап тар егістік көп жыл­дық ек­пе­лер ш а б ы н д ы қ жайы лым б а р л ы ғ ы су­ар ма­лы егі­стік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 Бейнеу ауданы ауыл шаруа шылығы мақса тындағы жер 37,5672 37,5672 37,5672 елді мекен дердің жері Бейнеу ауылы 152,2620 151,8883 151,8883 0,3737 Тұрыш ауылы 102,2526 101,5322 101,5322 0,7204 өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашы лығына арналмаған өзге де жер 2,8097 2,8097 босалқы жер 440,7919 439,8562 439,8562 0,9357 Барлығы 735,6834 730,8439 730,8439 4,8395
Басқа 0. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы «31» қазандағы № 232 қаулысына 2-қосымша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі Магистральдық газ құбырының күзет аймағында:
Тармақша 1
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей орнатуға;
Тармақша 2
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
Тармақша 3
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
Тармақша 4
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
Тармақша 7
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
Тармақша 8
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.