О продлении срока использования земельного участка Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзарту туралы
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 22.12.1995 жылғы Жарлығы мен жер қатынастарын реттейтін басқа заң актілеріне сәйкес және жер қойнауын әрі қарай пайдалануға лицензиясы бар екенін ескере отырып:
Тармақ 1
1. Қазіргі орнының шегінде қиыршық тасты топырақ шығару үшін "Восток-Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Маман-Специалист" акционерлік қоғамы пайдаланатын жердегі көлемі 2,56 гектар алаңдағы жер учаскесін пайдалану мерзімі 5 жылдық мерзімге ұзартылсын.
Тармақ 2
2. "Восток-Инвест" ЖШС:
Тармақша 1
1) тұрақты жер пайдаланушыдан - "Маман-Специалист" акционерлік қоғамынан жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алсын;
Тармақша 2
2) карьерді пайдалану кезінде табиғатты қорғау және басқа талаптарды қатаң түрде орындасын;
Тармақша 3
3) пайдалану мерзімі аяқталған соң жалға алу келісім-шартына сәйкес жер учаскесін қалпына келтірсін.