О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi одан Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Агенттіктің жалпы штат саны 595 бірлік болып бекітілсін.
Тармақ 4
4. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 7
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2, 3-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 1 қарашадағы № 203 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттік республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жазылған рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шоттары бар.
Тармақ 4
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Агенттік, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Басқармасының қаулыларымен, Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Агенттіктің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 8
8. Агенттіктің орналасқан жері: А15С9Т5, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттік өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қаржы нарығын реттеу мен дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;
Тармақша 1-1
1-1) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған тең құқылы жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;
Тармақша 3
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырағыш салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
Тармақша 4
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін және ол үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өзінің құзыреті шеңберінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау; кез келген жеке және заңды тұлғалардан, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және өтеусіз алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулерді және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, аудиторлық ұйымдарды, бағалаушыларды және қаржылық технологиялар саласындағы мамандарды тарта отырып жүргізу; тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыру, техникалық бақылау құралдарының, бақылау және тіркеу аспаптарының, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нысанасына жататын фото-, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалану; бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында Агенттік өз жұмыскерлерінің қатарынан тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға жіберу; Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасын және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті бұзу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау; банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, микроқаржы ұйымдарына, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалану; микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты тексеру жүргізуді тапсыру; Агенттіктің ішкі қызметін реттейтін нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау; Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер және кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялау; жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау; Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа цифрлық қаржы активін қоса алғанда бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болатын, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнаулы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларды, кәсіптік ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу, сондай-ақ: банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін; банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту тәртібін, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ерікті түрде қайта айналдыру, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру шарттарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару тәртібін, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібін; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды; Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар беру не аталған рұқсаттарды беруден бас тарту тәртібін айқындау;
Тармақша 2-1
2-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібін белгілеу, мемлекеттің, ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкілетті органның қатысуымен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізу ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру не келісім беруден бас тарту, келісімді кері қайтарып алу, сондай-ақ: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін; халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін;
Тармақша 3-1
3-1) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) берілген қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізу»;
Тармақша 4
4) құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асыру, құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау тәртібін айқындау, оның ішінде: банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру тәртібін; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензиялар беру тәртібін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін; сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібін; сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібін, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды; бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және олардан айыру тәртібін; микроқаржылық қызметті лицензиялау тәртібін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін айқындау;
Тармақша 5
5) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстанның Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 5-1
5-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 5-2
5-2) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктердің ірі қатысушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, қаржы ұйымдарының және Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге де тұлғалардың қызметін тексеру;
Тармақша 7
7) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы Агенттікке өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексеру;
Тармақша 8
8) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолдану;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялау;
Тармақша 12
12) Агенттiктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектiлерiмен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерiмен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерiн құру, оларды пайдалану және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгiлеу;
Тармақша 12-1
12-1) Агенттікті цифрлық трансформациялауды жүргізу;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 13-1
13-1) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жасанды интеллект жүйелерін пайдалануын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 15
15) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдістерін, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін айқындау;
Тармақша 16
16) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру және келісім беруден бас тарту, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 16-1
16-1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға және иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру және беруден бас тарту, сондай-ақ: банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға және иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, оны кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібін; банктің стрестік активтерді басқару жөнінде еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібін айқындау;
Тармақша 16-2
16-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды келісу;
Тармақша 17
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 18
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерді орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындау;
Тармақша 19
19) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 20
20) актуарийлік қорытынды және оның мазмұнына талаптар негізінде аннуитет шарттарын қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту тәртібі мен талаптарын айқындау;
Тармақша 21
21) жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздарды беру және сатып алу сомасын есептеу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру жөніндегі қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптарын айқындау;
Тармақша 22
22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындау;
Тармақша 23
23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің, өзара сақтандыру қоғамдарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 26
26) міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру тәртібін айқындау;
Тармақша 27
27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;
Тармақша 27-1
27-1) сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 28
28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру тәртібін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиядан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 29
29) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілеу, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 29-1
29-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін айқындау;
Тармақша 30
30) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 31
31) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қою, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 33
33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындау;
Тармақша 33-1
33-1) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 33-2
33-2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындау;
Тармақша 33-3
33-3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындау;
Тармақша 34
34) мыналарға: ақпараттық процеске; қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге; дерекқордың сақталуына; үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, сақтандыру жөніндегі дерекқорды (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 35
35) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 36
36) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 37
37) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 38
38) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келісу;
Тармақша 39
39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушының, сақтандырушы мен сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібін айқындау, сондай-ақ сақтандыру ұйымы әріптестерінің электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 40
40) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
Тармақша 41
41) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 42
42) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 42-1
42-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 42-2
42-2) жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды белгілеу;
Тармақша 42-3
42-3) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау шарттарын, әдістемесін және тәртібін айқындау;
Тармақша 42-4
42-4) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді, сақтандыру ұйымын ерікті түрде, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 42-5
42-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту;
Тармақша 42-6
42-6) сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдау;
Тармақша 42-7
42-7) сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларацияның нысанын және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 42-8
42-8) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
Тармақша 42-9
42-9) сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау, сақтандыру омбудсманы өз қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайда, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 42-10
42-10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау, ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілеу;
Тармақша 42-11
42-11) сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілені тануға арналған нормативті белгілеу;
Тармақша 42-12
42-12) актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын белгілеу;
Тармақша 42-13
42-13) актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 42-14
42-14) міндетті актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 42-15
42-15) актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 42-16
42-16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижелерін жіберу тәртібін және мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 42-17
42-17) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуге тестілеуді өткізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 42-18
42-18) сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды; сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 42-19
42-19) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 42-20
42-20) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 42-21
42-21) сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұруы бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 42-22
42-22) архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органымен келісу бойынша міндетті түрде сақтауға жататын құжаттардың тізбесін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың, сақтандыру агенттерінің оларды сақтау тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 42-23
42-23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәмілесі немесе мәмілелер жиынтығы құнының мөлшерін (соңғы он екі ай ішінде), мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттарын, жеке немесе заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты белгілерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастағы тұлғалар деп танылмайтын өзге де тұлғаларды белгілеу;
Тармақша 42-24
42-24) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына және оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне қойылатын талаптарды, оны келісу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
Тармақша 42-25
42-25) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақша 43
43) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оның ішінде: акционерлердің жалпы жиналысында және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінде қабылданатын, оларға қатысты вето құқығы белгіленген шешімдерді келісу тәртібі мен мерзімдерін; Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын; Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 44
44) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын бекіту;
Тармақша 45
45) активтерді инвестициялау тәртібін және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;
Тармақша 46
46) алып тасталды - ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 (12.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; 47) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту;
Тармақша 47-1
47-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төлеуі үшін бастапқы біржолғы жарнаның мөлшерін белгілеу;
Тармақша 48
48) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлеуіне жататын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының мөлшерлемелерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келісу;
Тармақша 49
49) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;
Тармақша 50
50) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының стратегиясын, оның тәуекелдерді басқару жөніндегі, ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының есепке алу саясатын келісу;
Тармақша 51
51) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 51-1
51-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілеу;
Тармақша 51-2
51-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекіткен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжаттарын, сондай-ақ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасында айқындалған мәселелер бойынша оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу; 51-3) білім беру жинақтау сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу және жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 51-4
51-4) сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктерін, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 51-5
51-5) сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 51-6
51-6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 51-7
51-7) өзара сақтандыру қоғамдарының активтерін инвестициялау тәртібін және мөлшерін, өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
Тармақша 54
54) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретінде тану;
Тармақша 55
55) бағалы қағаздар, оның ішінде туынды бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ олардың күшін жою шарттары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 55-1
55-1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру мен өтеудің қорытындылары туралы есептердi қарау, сондай-ақ олардың күшін жою, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібін белгілеу;
Тармақша 55-2
55-2) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар етудің нысандары мен мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 56
56) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және бекіту;
Тармақша 58
58) акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізу;
Тармақша 59
59) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу шарттары мен тәртiбiн айқындау;
Тармақша 59-1
59-1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібін айқындау;
Тармақша 59-2
59-2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуге арналған құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 59-3
59-3) жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 59-4
59-4) акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 59-5
59-5) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібін бекіту;
Тармақша 59-6
59-6) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 59-7
59-7) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 59-8
59-8) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 60
60) бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібін айқындау, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру және қайта бастау, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 61
61) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 62
62) өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;
Тармақша 63
63) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға қойылатын талаптарды белгілеу, мыналарды: бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін; бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру тәртібін; бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру тәртібін; бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін; инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін; орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін; бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін; қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 64
64) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртібін белгілеу;
Тармақша 65
65) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 66
66) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 66-1
66-1) қор биржасының ұйымдық құрылымына, қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 67
67) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның ішінде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 68
68) инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 69
69) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 69-1
69-1) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 69-2
69-2) орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 70
70) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес міндетті түрде жариялануға тиіс бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері мен оларға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 71
71) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындау;
Тармақша 72
72) бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ Агенттіктің бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялау;
Тармақша 73
73) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 74
74) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындау;
Тармақша 74-1
74-1) шетелдік кәсіби ұйымдардың тізбесін бекіту;
Тармақша 74-2
74-2) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарындағы және облигациялардың жекеше меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күші жойылғаны туралы ақпаратты ашып көрсету, сондай-ақ оны жария ету тәртібі мен шарттарын айқындау;
Тармақша 74-3
74-3) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 74-4
74-4) «жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамуға байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау;
Тармақша 74-5
74-5) орталық депозитарийдің эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды өтеуі туралы Агенттікті хабардар ету тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 74-6
74-6) дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібін айқындау, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;
Тармақша 74-6
74-6) дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібін белгілеу;
Тармақша 74-7
74-7) листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 74-8
74-8) эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 74-9
74-9) сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындау;
Тармақша 74-10
74-10) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі мен шарттарын айқындау, сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның сандық құрамын белгілеу;
Тармақша 74-11
74-11) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымның дербес шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындау;
Тармақша 74-12
74-12) төлем агентінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 74-13
74-13) облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, облигацияларды ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 74-14
74-14) білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;
Тармақша 74-15
74-15) қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 74-16
74-16) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 74-17
74-17) бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге де жабдықтарға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 74-18
74-18) эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайларын, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін белгілеу;
Тармақша 74-19
74-19) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді-көшірме беру және номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша өзінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты табыс ету тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 74-20
74-20) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициентін қолдау жөнінде қабылдайтын шараларды айқындау;
Тармақша 74-21
74-21) эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібін, эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 74-22
74-22) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру тәртібін айқындау;
Тармақша 74-23
74-23) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілеу;
Тармақша 74-24
74-24) эмитенттің қызметіне қатысты болатын және жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын ақпаратты жария ету тәртібін және шарттарын белгілеу;
Тармақша 74-25
74-25) эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) оларды басқару қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 74-26
74-26) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 74-27
74-27) бір тұлға және нысаналы капитал қорының үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жиынтық мөлшерін белгілеу;
Тармақша 74-28
74-28) «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ оларды басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидаларын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 74-29
74-29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) таратып жіберу туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
Тармақша 74-30
74-30) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерін бағалау әдістері дұрыс қолданылмаған немесе олардың құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға (фидуциарийлерге) орындалуы міндетті нұсқауларды жіберу;
Тармақша 74-31
74-31) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлікті, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, олардың айналымы (айналысы) және өтеу шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 74-32
74-32) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына және көрсетілген цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптарды, оның ішінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік, сондай-ақ тек білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерінің тізбесін белгілеу;
Тармақша 74-33
74-33) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктердің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау тәртібін бекіту;
Тармақша 74-34
74-34) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде болуға құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 74-35
74-35) цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде көрсету тәртібін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтардың кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 74-36
74-36) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін және цифрлық қаржы активтерінің нарығындағы қызметті қоса атқарудың шарттары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 74-37
74-37) цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 74-38
74-38) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда өзге де мүлік, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтері эмитенттері есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін бекіту;
Тармақша 74-39
74-39) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша цифрлық қаржы активтері нарығындағы әрекеттерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттарын бекіту;
Тармақша 74-40
74-40) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға және сақталуға тиіс өзге де мәліметтердің тізбесін, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мәліметтерді орталық депозитарийге беру тәртібін айқындау;
Тармақша 74-41
74-41) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібін бекіту;
Тармақша 74-42
74-42) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитарийге мәліметтер ұсыну тәртібін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитариймен өзара іс-қимыл жасауының өзге де мәселелерін айқындау;
Тармақша 74-43
74-43) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 74-44
74-44) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығару үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына рұқсат беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 74-45
74-45) «Астана» халықаралық қаржы орталығы айқындайтын және әзірлейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржаларының және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушыларының екінші деңгейдегі банктермен және Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін келісу;
Тармақша 75
75) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 76
76) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту, зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты сатып алу сомаларын бір сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитетінің шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібін айқындау;
Тармақша 76-1
76-1) қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін белгілеу;
Тармақша 77
77) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты барабар түрде айқындау;
Тармақша 78
78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 78-1
78-1) зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау тәртібін және мерзімдерін, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу тәртібін және көлемін белгілеу;
Тармақша 78-2
78-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 78-3
78-3) шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу тәртібін айқындау;
Тармақша 78-4
78-4) резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру тәртібін, оларды есептеу әдістемесі мен құрылымын айқындау;
Тармақша 78-5
78-5) зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 78-6
78-6) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын айқындау;
Тармақша 78-7
78-7) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібін және шарттарын белгілеу;
Тармақша 78-8
78-8) зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 78-9
78-9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 78-10
78-10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 79
79) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80
80) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін талаптарға сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізу және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 81
81) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 82
82) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу;
Тармақша 82-1
82-1) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту;
Тармақша 82-2
82-2) зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу тәртібін айқындау;
Тармақша 82-3
82-3) зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін белгілеу;
Тармақша 82-4
82-4) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін айқындау;
Тармақша 82-5
82-5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандырудың үлгілік шартын келісу;
Тармақша 82-6
82-6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын келісу;
Тармақша 83
83) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 84
84) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 84-1
84-1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 84-2
84-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасындағы, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасындағы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу кезінде ақпарат алмасу тәртібін айқындау;
Тармақша 84-3
84-3) сақтандыру ұйымының сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 85
85) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге де ақпарат аудитін жүргізуді талап ету;
Тармақша 86
86) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу; 86-1) қаржы нарығында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ең төмен талаптарды белгілеу;
Тармақша 87
87) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекіту;
Тармақша 88
88) қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекіту;
Тармақша 89
89) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары және жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 90
90) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 90-1
90-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
Тармақша 90-2
90-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қаржы нарығында биометриялық аутентификациялау жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 91
91) қаржылық қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
Тармақша 92
92) қаржы нарығында заңсыз қызметті болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 93
Тармақша 93-1
93-1) бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу;
Тармақша 94
94) банктердің резервтік капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгілеу; 95) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру тәртібін айқындау;
Тармақша 95-1
95-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 95-2
95-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, айыру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 96
96) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындау және оларды қолдану туралы шешім қабылдау;
Тармақша 96-1
96-1) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу тәртібін айқындау;
Тармақша 97
97) Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 98
98) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 99
99) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың Агенттіктің талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді белгілеу;
Тармақша 100
100) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолдану, сондай-ақ: қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін; бағалы қағаздар нарығы субъектісіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі мен шарттарын; уәжді пайымдауды қалыптастыру мен пайдалану тәртібін айқындау;
Тармақша 100-1
Тармақша 100-2
100-2) бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындау;
Тармақша 101
101) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 102
102) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мыналарды: банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындауды; мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібін және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындауды; есептер мен қосымша ақпараттың нысандарын, оларды ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары тарату комиссияларының беру мерзімдері мен кезеңділігін белгілеуді; есептер мен қосымша ақпараттың нысандарын, оларды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарату комиссияларының беру мерзімдері мен кезеңділігін белгілеуді қоса алғанда, қаржы ұйымдарын таратуды жүзеге асыру, бейрезидент-банктер филиалдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін, аталған субъектілердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 102-1
102-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратуды жүргізу, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидаларын айқындау;
Тармақша 103
103) алып тасталды - ҚР Президентінің 02.03.2024 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
Тармақша 104
104) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) брокерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану, оның ішінде Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдалану;
Тармақша 105
105) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асыру;
Тармақша 106
106) банктердің екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 107
107) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 107-1
107-1) қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану тәртібін айқындау;
Тармақша 107-2
107-2) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 108
108) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
Тармақша 109
109) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 109-1
109-1) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимін келісу;
Тармақша 109-2
109-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту;
Тармақша 109-3
109-3) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау тәртібін бекіту;
Тармақша 110
Тармақша 110-1
110-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасау тәртібін айқындау;
Тармақша 110-2
110-2) әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесі мен оларды сатып алу тәртібін айқындау;
Тармақша 110-3
110-3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 110-4
110-4) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкте, ислам банкінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 110-5
110-5) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақша 111
111) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болу қажеттілігі талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингті, осы рейтингті беретін рейтингтік агенттіктердің тізбесін белгілеу;
Тармақша 112
Тармақша 112-1
112-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары жиынтық үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимиттерін айқындау;
Тармақша 113
Тармақша 114
Тармақша 115
Тармақша 116
Тармақша 117
Тармақша 118
118) банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иеленуіне рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібін айқындау;
Тармақша 119
119) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 120
Тармақша 121
Тармақша 122
122) банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын өзге де қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу;
Тармақша 122-1
122-1) шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін айқындау; 122-2) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеу (бекіту), сондай-ақ лизинг берушілердің исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жағдайларын айқындау;
Тармақша 123
Тармақша 124
Тармақша 125
125) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 126
Тармақша 126-1
126-1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініштің нысанын бекіту;
Тармақша 127
Тармақша 127-1
127-1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын және мәліметтер нысандарын айқындау;
Тармақша 127-2
127-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындау;
Тармақша 128
128) банктік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру тәртібін айқындау;
Тармақша 128-1
128-1) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы тәртібін айқындау;
Тармақша 129
Тармақша 130
Тармақша 130-1
130-1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібін айқындау;
Тармақша 131
Тармақша 131-1
131-1) банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 132
132) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, олардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына беру жөнінде қызметтер көрсету тәртібін айқындау;
Тармақша 133
Тармақша 134
134) қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін белгілеу;
Тармақша 135
Тармақша 136
137) банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібін, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банк пен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлау тәртібін айқындау;
Тармақша 138
Тармақша 139
139) жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты және банктік салым шарты бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын айқындау;
Тармақша 140
Тармақша 142
142) қарыздар мен салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібін айқындау;
Тармақша 143
143) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындау;
Тармақша 143-2
143-3) банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібін айқындау; 143-4) банк омбудсманының ішкі қағидаларын, банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін келісу;
Тармақша 143-5
Тармақша 143-6
Тармақша 143-7
Тармақша 143-8
Тармақша 143-9
143-9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың және (немесе) микрокредиттің бар-жоғы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындау; 143-10) қатысушыларды қосу талаптарын, қолжетімділік деңгейлерін, дербес деректерді айырбастауды және қорғауды қоса алғанда, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары және тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша қарыз алушы жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеу платформасының жұмыс істеу тәртібін айқындау;
Тармақша 143-11
143-11) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 144
144) банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібін айқындау;
Тармақша 145
145) банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен байланысты тұлғаларды ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану тәртібін айқындау;
Тармақша 146
146) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;
Тармақша 146-1
146-1) банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту; 146-2) бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау тәртібін айқындау;
Тармақша 147
147) банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін белгілеу;
Тармақша 147-1
Тармақша 148
Тармақша 149
149) қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны Агенттіктің мақұлдау тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 150
150) әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу;
Тармақша 150-1
150-1) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту талаптарын айқындау;
Тармақша 151
Тармақша 151-1
151-1) Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу;
Тармақша 152
152) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;
Тармақша 153
153) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу;
Тармақша 154
154) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;
Тармақша 154-1
154-1) заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары немесе сақтандыру холдингтері сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 154-2
154-2) сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін белгілеу;
Тармақша 154-3
154-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу;
Тармақша 155
155) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;
Тармақша 155-1
155-1) заңды тұлғалардың исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу;
Тармақша 155-2
155-2) исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын белгілеу;
Тармақша 155-3
155-3) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидаларын белгілеу;
Тармақша 155-4
155-4) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу тәртібін айқындау;
Тармақша 156
156) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу;
Тармақша 157
157) Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібінің және олардың ең төменгі мөлшерінің нормативтік мәндерін белгілеу;
Тармақша 158
158) лицензиаттың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің түрлерін, қаржылық тұрақтылықтың өзге де нормалары мен лимиттерін, бағалы қағаздар нарығындағы әрбір қызмет түріне қатысты олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемелерін белгілеу;
Тармақша 159
159) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу;
Тармақша 160
Тармақша 161
161) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті, банк операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті тағайындау және оның қызметінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау, оның қызметінің тәртібін және өкілеттіктерін, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің, банк операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін есептіліктің және өзге де ақпараттың тізбесін, нысандарын, оларды беру мерзімдері мен тәртібін айқындау;
Тармақша 162
Тармақша 163
163) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 163-1
163-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған ақпаратты, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 164
164) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту, онда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алу шарттары да, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алуы туралы мәліметтер мен ақпараттың нысандарын, тізбесін және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тәртібі айқындалады;
Тармақша 165
165) акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін айқындау;
Тармақша 165-1
165-1) қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды белгілеу;
Тармақша 166
166) банк және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін айқындау; 166-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген, нысандарын, тізбесін, ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті ұсыну қағидаларын келісу; 166-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібін айқындайтын, қаржы ұйымдарының және олардың ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, кредиттік бюролардың және коллекторлық агенттіктердің есептілікті ұсыну қағидаларын келісу;
Тармақша 167
167) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуы тиіс негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 168
168) банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық көлемде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу тәртібін, көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін, сондай-ақ осы операцияны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісу тәртібін айқындау;
Тармақша 169
169) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 170
170) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 170-1
170-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына нақты уақыт режимінде ден қою, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 171
Тармақша 172
Тармақша 173
Тармақша 174
Тармақша 175
Тармақша 176
Тармақша 176-1
176-1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау және оларға исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру, сондай-ақ ислам банкін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру тәртібін белгілеу;
Тармақша 176-2
176-2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржылық-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін белгілеу;
Тармақша 176-3
176-3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 176-4
176-4) банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және жаңарту тәртібін белгілеу;
Тармақша 176-5
176-5) банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу тәртібін, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын, олардың жүзеге асырылуының үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ жасалу салдарынан банк залалға ұшырайтын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін айқындау;
Тармақша 176-6
176-6) банкті реттеу құралдарын қолдану тәртібін айқындау;
Тармақша 176-7
176-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналардың мөлшерін, оларды енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 176-8
176-8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін айқындау;
Тармақша 177
177) ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 178
178) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 179
179) алып тасталды - ҚР Президентінің 02.03.2024 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
Тармақша 180
180) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 181
181) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін белгілеу;
Тармақша 182-1
182-1) микроқаржы ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 182
182) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердi және сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін белгілеу;
Тармақша 183
183) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін айқындау;
Тармақша 184
184) электрондық тәсілмен микрокредиттер беру тәртібін айқындау;
Тармақша 185
Тармақша 186
Тармақша 187
187) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау;
Тармақша 188
Тармақша 189
Тармақша 189-1
Тармақша 189-2
189-2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 190
190) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 191
191) ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті ішкі істер органының келісімі бойынша айқындау;
Тармақша 191-1
191-1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімдерін жүргізу;
Тармақша 191-2
191-2) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 191-3
191-3) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну Қағидаларын белгілеу;
Тармақша 192
192) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 193
193) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 194
194) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну тәртібін айқындау;
Тармақша 195
195) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;
Тармақша 196
196) есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 197
197) коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 197-1
197-1) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға Агенттікпен келісу арқылы салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсыну;
Тармақша 197-2
197-2) коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу тәртібін айқындау;
Тармақша 198
198) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын бекіту;
Тармақша 199
199) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi басқа тұлғаларға беруге келiсiмiн ресімдеу тәртібін айқындау;
Тармақша 200
200) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 200-1
200-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау;
Тармақша 200-2
200-2) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мәліметтер тізбесін айқындау;
Тармақша 201
201) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 202
202) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру тәртібін айқындау;
Тармақша 203
203) кредиттік бюролардың, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 204
204) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес кредиттік бюролардың ақпаратты берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 204-1
204-1) трансшекаралық алмасу туралы шарттың жобасын келісу; 204-2) кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін белгілеу;
Тармақша 205
205) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 206
206) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар іскерлік қатынастарды қашықтан орнатқан жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 207
207) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тексерілетін салық төлеушіге қатысты оның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысанын, оны ұсыну тәртібі мен мерзімін белгілейтін өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту;
Тармақша 207-1
207-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;
Тармақша 207-2
207-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есептеулер жүргізу қағидаларын келісу;
Тармақша 207-3
207-3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша есептіліктің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігінің ұсыну мерзімдері мен тәртібін келісу;
Тармақша 208
208) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 209
209) инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау;
Тармақша 210
210) қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібін және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін айқындау;
Тармақша 211
211) бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерін белгілеу;
Тармақша 211-1
211-1) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
Тармақша 211-2
211-2) акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, сондай-ақ оларды тіркеуге ұсыну тәртібін белгілеу;
Тармақша 212
212) инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау тәртібін, талаптарын және әдістемесін белгілеу;
Тармақша 212-1
212-1) активтер мен міндеттемелердің құны мен құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және пайдың кірістілігі туралы ақпараттың нысандарын, акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның оны беру тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 213
213) жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезінде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;
Тармақша 213-1
213-1) банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) тәртібін айқындау;
Тармақша 214
214) мыналар: кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының; кастодиан-банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысанын бекіту;
Тармақша 214-1
214-1) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысанын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы мен кастодиан-банк арасында жасалатын кастодиандық шарттың үлгілік нысанын белгілеу;
Тармақша 215
215) кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 216
216) сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету, сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің өтуі туралы алдын ала хабардар ету тәртібін белгілеу;
Тармақша 217
217) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу тәртібін бекіту;
Тармақша 218
218) мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды және көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін бекіту;
Тармақша 218-1
218-1) тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілеу;
Тармақша 219
219) түзету коэффициентін қолдану тәртібін айқындау;
Тармақша 220
220) аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібін бекіту;
Тармақша 221
221) аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 222
222) сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;
Тармақша 223
223) туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағын белгілеу;
Тармақша 224
224) ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу тәртібін белгілеу;
Тармақша 225
225) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін жаңа инвестициялық портфель басқарушысына беру тәртібін белгілеу;
Тармақша 226
226) арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру тәртібін белгілеу;
Тармақша 226-1
226-1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 226-2
226-2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ лизинг берушілердің ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жағдайларын айқындау;
Тармақша 226-3
226-3) екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мөлшерін және оларды есептеу тәртібін келісу;
Тармақша 226-4
226-4) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілейтін және салықтық әкімшілендіру үшін қажет: коллекторлық агенттіктер, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер, инвестициялық портфельді басқарушылар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органына ұсынатын мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін; тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы брокерлер салық органына ұсынатын мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін; бағалы қағаздарды ұстаушы-тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органына ұсынатын мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін; салық органы сұрау салуының және бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар салық органына ұсынатын мәліметтердің нысандарын; активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібін; сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын келісу;
Тармақша 227
227) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдарымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қоса алғанда, өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 228
228) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 229
229) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау шараларын іске асыру;
Тармақша 230
230) халықтың қаржылық сауаттылығын және халық үшін қаржылық қолжетімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 231
231) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 231-1
231-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларға талдау жүргізу және анықтау;
Тармақша 231-2
231-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз бойынша кепілге қабылдауы үшін қолайлы, банктердің нарықтық емес активтерін айқындау жөніндегі алдын ала рәсімді (кепіл препозициясы) және кепіл препозициясындағы нарықтық емес активтер мониторингін жүргізу;
Тармақша 232
232) коллекторлық агенттіктердің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерден борышкерлердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, коллекторлық қызметтің ашықтығын, берешекті өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділік пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 232-1
232-1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізу және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 232-2
232-2) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 233
233) қаржылық қызметтерді тұтынушылар, тексерілетін субъектілер үшін Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 233-1
233-1) қаржылық қызметтерді көрсету саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің орын алып отырған қатерлері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
Тармақша 234
234) Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 234-1
234-1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;
Тармақша 234-2
234-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысу;
Тармақша 235
235) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен: Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыздар, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру, сондай-ақ банк олар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, оларды қайта құрылымдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мәселелері бойынша; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен ақпараттық жүйелер құру арқылы автоматтандыру, оларды дамыту және сүйемелдеу мәселелері бойынша; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 235-1
235-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, реттелетін саладағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 235-2
235-2) «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 235-3
235-3) бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп келісу;
Тармақша 235-4
235-4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыру мерзімдері мен көлемдерін мемлекеттік қазынашылықпен келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп келісу;
Тармақша 235-5
235-5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті қалыптастыру және оның қалыптастырылу тәртібін айқындау;
Тармақша 236
236) Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Агенттіктің бірінші басшысының, алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Агенттіктің бірінші басшысының, алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Агенттікке басшылықты Төраға жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төрт орынбасары болады.
Тармақ 18
18. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Заңда және Агенттік Басқармасы үшін осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Агенттік қызметiнің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкiмдік шешімдер қабылдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Агенттік Төрағасы орынбасарларының лауазымына кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 3
3) Агенттіктен сайланған Агенттіктің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Агенттіктің құрылымы негізінде Агенттік бөлімшелерінің атаулары көрсетілген тізбесін және бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;
Тармақша 6
6) Агенттіктің лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, ерекшеленген қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 7
7) Агенттіктен сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесін тағайындайды және босатады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Агенттіктің атынан республикада және шетелдерде өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Агенттіктің нормативтік құқықтық актілері, Агенттік Басқармасының қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Агенттік қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Агенттік Басқармасының қаулыларына қол қояды;
Тармақша 10
10) Агенттік Басқармасының отырыстарын жүргізеді;
Тармақша 11
11) Агенттік Төрағасының орынбасарлары мен Агенттік Аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының, Агенттік Аппараты басшысының және Агенттік бөлімшелері басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;
Тармақша 11-1
11-1) Қазақстан Республикасының Президентінің не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісуі бойынша Агенттіктің стратегиялық жоспарын бекітеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Агенттіктің жалпы штат саны негізінде Агенттіктің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 13
13) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені қоспағанда, Агенттіктің бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 14
14) ішкі аудит бөлімшесінің есептерін қоспағанда, Агенттік бөлімшелерінің атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдайды;
Тармақша 15
15) Агенттіктің атынан шарттар (келісімдер, келісімшарттар) жасасады;
Тармақша 16
16) Агенттіктің атынан сенімхаттар береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;
Тармақша 17
17) Агенттік бөлімшелерінің ішкі аудитінің нәтижелерін қарайды;
Тармақша 18
18) Агенттіктің ішкі қызметі, оның ішінде Агенттікке бекітіліп берілген мүлікті пайдаланумен, еңбек қатынастарымен және еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастармен байланысты мәселелер бойынша және Агенттік Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер бойынша актілерді бекітеді;
Тармақша 18-1
18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Агенттіктің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін, шоттардың үлгілік жоспарын және қаржылық есептілік нысандарын бекітеді;
Тармақша 18-2
18-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 19
19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады;
Тармақша 20
20) Агенттік қызметкерлерін жұмысқа қабылдаған және лауазымын өсірген кезде гендерлік баланстың сақталуын қамтамасыз етеді; Агенттік Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Агенттік Төрағасы өз орынбасарларының және Агенттік Аппараты басшысының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
Тармақ 20
20. Агенттік Аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Агенттік Аппаратының басшысы басқарады.
Тармақ 21
21. Басқарма Агенттіктің жоғары алқалы органы болып табылады. Агенттік Басқармасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
Тармақша 2
2) Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 3
3) мыналарға: банктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға; банктердің еншілес ұйымды құруына және иеленуіне; банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне; ұйым капиталына банктің қомақты қатысуына; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) не рұқсатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) мыналарға: банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға, айналдыруға) немесе банктерді ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға; ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға; исламдық арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға; микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) мыналарға: банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (келісім беруден бас тарту) және келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) мыналарға: банктік, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға берілген лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау не олардан айыру туралы шешімдерді қоспағанда); сақтандыру нарығында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына; ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруға; бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау не лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 8
8) Агенттіктің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 10
10) жүйелік маңызы бар банк болып табылмайтын банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 10-1
10-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) банкті реттеу режимін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12
12) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12-1
12-1) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 13
13) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын күшейтілген қадағалау режимін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 13-1
13-1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 13-2
13-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналары есебінен өтеу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 16
16) реттеудің айырықша режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 (12.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
Тармақша 19
19) тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 21
21) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар ретінде тану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 21-1
21-1) әрекеттерді бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау жөніндегі сараптама комитеті туралы ережені бекітеді;
Тармақша 22
22) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы акт беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 23
23) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актінің қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 25
25) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді Агенттіктің сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26
26) Агенттіктің регламентін бекітеді;
Тармақша 27
27) Басқарманың регламентін бекітеді;
Тармақша 27-1
27-1) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені бекітеді;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша белгіленген, Агенттік Төрағасы мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақыларының мөлшерін бекітеді;
Тармақша 30
30) Агенттік қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шарттарын тоқтату қағидаларын бекітеді;
Тармақша 31
31) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және уәкілетті орган туралы Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
Тармақша 32
32) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 32-1
32-1) Агенттіктің ішкі аудитінің стандарттарын бекітеді;
Тармақша 32-2
32-2) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
Тармақша 33
33) Агенттік Басқармасының құзыретіне жатқызылған, Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Агенттік Басқармасы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және осы Ережеде айқындалған, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Агенттіктің мүлкі
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 22
22. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін. Агенттік мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Агенттік Қазақстан Республикасының атынан Агенттіктің құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзіне бекітілген, өз балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Тармақ 1
1. Департаменттер.
Тармақ 2
2. Басқармалар. _________________________
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2078 адам болып бекітілсін.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»; 13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге қорлар мен ұйымдардың активтерін басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін ақы алмайды.»; 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «15. Міндеттері: 1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; 2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 5) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер. 16. Функциялары: Қазақстан Ұлттық Банкі: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді; 2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады; 3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады; 4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады; 5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады; 7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді; 8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады; 9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді; 10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады; 12) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады; 14) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп, олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыз беруі, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру мәселелері бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қолжетімділік арқылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады; 16) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің функцияларына жататын мәселелер бойынша ұсыныстар қалыптастырады; 17) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында: қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторингтеу жүргізеді; макропруденциялық саясатты қалыптастырады; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздар береді; Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді; 18) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар береді; 19) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады; 20) статистикалық әдіснама әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды; 21) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады; 22) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады; 23) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер мен төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады; 24) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және өзге де адамдарды реттеуді, сондай-ақ Ұлттық Банк туралы заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 25) мыналарға: өз қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына; айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауына лицензия береді, (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады және лицензиясынан айырады; 26) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды; 27) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 28) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефицарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 29) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруге қатысады; 30) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады; 31) төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында төлем ұйымдарына және (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді; 32) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша оның мемлекетттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді; 33) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды; 34) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттарға мониторингтеуді жүзеге асырады; 35) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын ішкі валюта нарығында пайдалану бағыттарына мониторингтеуді жүзеге асырады; 36) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады; 37) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 38) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады; 39) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасайтын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар мерзімді баспа басылымдарында жарияланады; 40) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады; 41) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиан функцияларын жүзеге асырады; 42) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады; 43) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады; 44) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады; 45) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, күшін жояды және оның пайдаланылуын айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және күшін жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді; 46) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады; 47) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді; 48) Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті иеліктен шығару және пайдалануға беру тәртібін айқындайды; 49) Қазақстан Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеуді, бекітуді, оларды іске асыруды мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды; 50) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындайды; 51) Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 52) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; 53) Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық және операциялық тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын және өзектілендіруді қамтамасыз етеді; 54) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттер орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі; 55) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 17. Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттері: Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағындағы қаржы ұйымдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қабылдауға; 2) кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға және өтеусіз алуға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізуге; 4) Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметін, сондай-ақ ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдауға; 5) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері: 1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді қамтамасыз ету; 2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 3) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығының статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру; 4) Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне және ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамдарға ішкі аудитті және қызметін тексеруді жүзеге асыру; 5) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттер.»; 21-тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Басқарма мен Директорлар кеңесі (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабында көзделген функциялардан басқа: 1) Қазақстан Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға не азайтуға, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуға не иеліктен шығаруға келісім береді; 2) Қазақстан Ұлттық Банкі берген қарыздар бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкінің алдындағы берешегін қайта құрылымдау шарттарын айқындайды; 3) Қазақстан Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздар бойынша талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мәселелері бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды; 4) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жалпы штат санын бекітеді; 5) жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін, бөлінбеген таза кіріс мөлшерін белгілейді; 6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы мөлшерін жыл сайын бекітеді; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері (жалғыз акционері) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 8) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасайтын сенімгерлік басқару туралы шарттар негізінде активтерді сенімгерлік басқаруға қабылдау туралы шешім қабылдайды; 9) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді; 10) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатқызылған, Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Ережеде айқындалған Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және сол бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі. Басқарма отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргізеді. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.»; 24-тармақтың бесінші бөлігінде: 7) тармақша алып тасталсын; 12) тармақшада: алтыншы абзац алып тасталсын; он екінші абзацта «бекітеді» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілетін активтердің құнына дисконт мөлшерлерін бекітеді.»; 13) тармақша алып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі».
Тармақ 4
4. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат): жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада: Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде: «Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы» блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы» блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі».
Тармақ 5
5. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында: 15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.».
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 34-35, 248-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, ант қабылдаған мемлекеттік саяси қызметші оны тиісті мемлекеттік органның ұжымына лауазымды адам таныстырған кезде ант береді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің антын Қазақстан Республикасының Президенті өзі қабылдайды. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палаталарының отырыстарында ант береді. Қазақстан Республикасы Президентінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Парламенттің депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне ол айқындайтын тәртіпте ант бере алады. Мәслихат немесе оның келісімі бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар тиісті мәслихаттың отырысында ант береді.».