Об утверждении правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары города Алматы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы «____» _____ № ___ қаулысымен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 17-10 тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Алматы қаласының аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
Тармақша 2
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту -азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
Тармақша 3
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану - тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
Тармақша 4
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына, оның ішінде жауапты жеткізушіде (кәсіпкерлік субъектісінде) азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарлары - тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген адамның физиологиялық мұқтаждықтары есебінен қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
Тармақша 6
6) мамандандырылған ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 «Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген «Алматы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 7
7) сатып алу интервенциялары – Алматы қаласының аумағында бағалар төмендеген кезде азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 8
8) тауар интервенциялары - бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 9123 болып тіркелген) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Алматы қаласының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және көлемін, олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес, қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
Тармақша 4
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.
Тармақ 8
8. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы (бұдан әрі – Жұмыс органы) қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымнан қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 11
11. Жұмыс органы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:
Тармақша 1
1) тұрақтандыру қорының қызметі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.
Тарау 3. 3. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
3. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
Тармақ 13
13. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі оны қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
Тармақ 15
15. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.
Тармақ 16
16. Мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 10% немесе одан төмен бағаларды ұстауды есепке ала отырып қалыптастырылады.
Тармақ 17
17. Комиссия Алматы қаласының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 18
18. Алматы қаласының әкімдігі комиссияның ұсынысы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
Тармақ 19
19. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын тікелей тауар өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алу жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 21
21. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер мен басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, қорларының, бағаларының болуы) тұрақты талдау жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интервенциялары туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 22
22. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Мамандандырылған ұйым әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері ұлғайған жағдайда 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 24
24. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Алматы қаласының әкімдігі бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
Тармақ 28
28. Жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Тарау 4. 4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
Тармақ 29
29. Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бекітілген төмендетілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 31
31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды.
Тармақ 32
32. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін анықтағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
Тармақ 33
33. Кәсіпкерлік субъектісі міндетті түрде мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.
Тармақ 34
34. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартымен белгіленеді.
Тармақ 35
35. Қаржыландыру көзі Алматы қаласының әкімдігі бөлетін ақшалай қаражат болып табылады.
Тармақ 36
36. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
Тармақ 37
37. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.