О предоставлении права временного землепользования Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына сәйкес:
Тармақ 1
1. ҚР ІІМ Түзету қызметі бас басқармасының УЛ 154/4 мекемесі пайдаланатын жерден жалпы көлемі 14,0 гектар табиғи жайылым уақытша алынсын, оның ішінде карьер жасау үшін 13,3 га, кіріс автожолын салу үшін 0,7 га.
Тармақ 2
2. Алынған жер учаскесі жерге орналастыру ісіне сәйкес құм карьерін пайдалану үшін 5 жылдық мерзімге жалға алу құқығымен "Ақмоласнабстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілсін.
Тармақ 3
3. "Акмоласнабстрой" ЖШС:
Тармақша 1
1) Целиноград ауданының әкімінен жалға алу құқығын сатып алсын;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіп бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтесін;
Тармақша 3
3) карьерді пайдалану кезінде табиғатты қорғау және басқа талаптарды қатаң түрде орындасын;
Тармақша 4
4) пайдалану мерзімі аяқталған соң жер учаскесін қалпына келтірсін.
Тармақ 4
4. Жер ресурстарын басқару жөніндегі Ақмола облыстық комитеті (В.А.Медынский) жерді есепке алу құжаттарына өзгертулер енгізсін.