Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Павлодарской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» № 417 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 08 қарашадағы № 418/35 шешіміне қосымша
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі - ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін Павлодар облысында келесі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек түрінде бастапқы жарна сомасының 100 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау түрінде бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі: 1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 2
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
Тармақша 3
3) толық емес отбасылар; 4) Ипотекалық бағдарламасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы қажетті мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер; 5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 6
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Тармақша 7
7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.