Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности по Иргизскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 және 139-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 96 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 тіркелген, 2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы ____________К. Қосаяқов «____» __________ 2019 жыл
Басқа 8
Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы «18» желтоқсан № 282 қаулысына қосымша Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі № Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары 1 Аудан­дық ма­ңы­зы бар КММ және МҚК бас­шы­сы 2 ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі жо­ға­ры, бі­рін­ші, екін­ші са­нат­ты ма­ма­ны: әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі кон­суль­тант, әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман, қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, ең­бек те­ра­пи­я­сы жө­нін­де­гі нұс­қа­у­шы, мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (бұ­қа­ра­лық жұ­мыс жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру­шы) 3 ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ма­ны: әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі кон­суль­тант, әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман, қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі ас­си­стент 4 ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі жо­ға­ры, бі­рін­ші, екін­ші са­нат­ты ма­ма­ны: қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, ем­дік дене шы­нық­ты­ру жө­нін­де­гі ма­ман 5 ММ және МКҚ бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ма­ны: қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер 6 Пси­хо­лог 7 Мей­ір­би­ке 8 Мас­са­жист Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары 1 Аудан­дық ма­ңы­зы бар ММ және МҚК бас­шы­сы (ди­рек­то­ры) 2 Ауыл­дық ма­ңы­зы бар ММ және МҚК бас­шы­сы (ди­рек­то­ры) 3 Аудан­дық ма­ңы­зы бар ММ және МҚК көр­кем­дік же­тек­ші­сі 4 Аудан­дық ма­ңы­зы бар ММ және МҚК сек­тор бас­шы­сы 5 Аудан­дық ма­ңы­зы бар ММ және МҚК кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі (бас­шы­сы) 6 ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі бі­рін­ші са­нат­та­ғы ма­ман­дар: бар­лық ата­уда­ғы әді­сте­ме­ші (негіз­гі қыз­мет­тер), ұжым (үй­ір­ме) бас­шы­сы 7 ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиогроф, кітапханашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, режиссер, хореограф, музыкалық әрлеуші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер) 8 ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі екін­ші са­нат­та­ғы ма­ман­дар: биб­лио­гроф, кі­та­п­ха­на­шы, бар­лық ата­уда­ғы әді­сте­ме­ші (негіз­гі қыз­мет­тер), ұжым (үй­ір­ме) бас­шы­сы 9 ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ман­дар: кі­та­п­ха­на­шы, мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (негіз­гі қыз­мет­тер), бар­лық ата­уда­ғы су­рет­ші­лер (негіз­гі қыз­мет­кер) Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы: ММ – мемлекеттік мекеме МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын