О предоставлении права временного землепользования Күшін жойған
Басқа 0
Уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
"Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына сәйкес:
Тармақ 1
1. Заречный селолық округі пайдаланатын жерден жалпы көлемі 12,8 гектар жер учаскесі уақытша алынсын, оның ішінде 7,0 га – табиғи жайылым, 5,8 га – басқасы.
Тармақ 2
2. Алынған жер учаскесі жерге орналастыру ісіне сәйкес өз мұқтаждығына қиыршық тас карьерін пайдалану үшін 3 (үш) жылдық мерзімге жалға алу құқығымен "Заречное" акционерлік қоғамына берілсін.
Тармақ 3
3. "Заречное" АҚ:
Тармақша 1
1) Целиноград ауданының әкімінен жалға алу құқығын сатып алсын;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіп бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтесін;
Тармақша 3
3) карьерді пайдалану кезінде табиғатты қорғау және басқа талаптарды қатаң түрде орындасын;
Тармақша 4
4) пайдалану мерзімі аяқталған соң жер учаскесін қалпына келтірсін.
Тармақ 4
4. Жер ресурстарын басқару жөніндегі Ақмола облыстық комитеті (В.А.Медынский) жерді есепке алу құжаттарына өзгертулер енгізсін.