Об утверждении Правил введения и отмены Национальным Банком Республики Казахстан особого режима регулирования, осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами и (или) платежными услугами, в рамках особого режима регулирования, критериев отбора Национальным Банком Республики Казахстан и Правил рассмотрения документов для заключения договора об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидаларын, Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Ереженің 19-тармағы екінші абзацының 49) тармақшасына және екінші бөлігінің 16-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай іріктеу өлшемшарттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Қазақстан Республикасының резидент-төлем ұйымы және (немесе) қаржы ұйымы болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының резидент-өзге заңды тұлғасы болып табылады;
Тармақша 2
2) жеке тұлға құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмады;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыруға (көрсетуге) жоспарлап отырған қызметі (көрсетілетін қызметі) төменде аталған талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді: көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарында бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді; көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарын дамытуға ықпал етеді және тұтынушылардың мүдделеріне сәйкес келеді; көрсетілетін төлем қызметтерінің және (немесе) цифрлық активтердің географиялық қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді; көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарында жаңа технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді (бизнес-процестерді) ендіруді көздейді; көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылар, цифрлық активтерді ұстаушылар мен көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарына қатысушылар үшін шығасылар мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ерекше реттеу режиміне қатысу үшін ұсынған бизнес-жоспар ерекше реттеу режимінің мақсаттарына сәйкес келеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 4
4. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы «___» _________ № ____ қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың (бұдан әрі – қатысушылар) ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібі айқындалады.
Тармақ 2
2. Ерекше реттеу режимі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-4-бабының 2-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін енгізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою тәртібі
2-тарау. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою тәртібі
Тармақ 3
3. Ерекше реттеу режимі Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда оның енгізілген күні, сондай-ақ қолданылу мерзімі көрсетіледі. Ерекше реттеу режимін енгізу немесе оның күшін жою туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.
Тармақ 4
4. Ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызмет Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгі нысан бойынша Ұлттық Банк пен қатысушы арасында жасалатын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша айқындалады, бірақ Заңның 51-4-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.
Тармақ 6
6. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың, цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты арнайы талаптарын (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсету (жүзеге асыру), шарттың қолданылу мерзімін, тұтынушылар санын, міндеттемелер көлемін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режиміне қатысушыларға қолданылу шектерін Ұлттық Банк айқындайды.
Тармақ 7
7. Ерекше реттеу режимінің:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысушылар цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті тоқтатқан кезде;
Тармақша 2
2) ерекше реттеу режиміне қатысушымен шарттың мерзімі аяқталған немесе Ұлттық Банк оны мерзімінен бұрын бұзған кезде күші жойылады. Ұлттық Банк Заңның 51-5-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда шартты біржақты тәртіппен бұзады;
Тармақша 3
3) төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылған кезде;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған кезде;
Тармақша 5
5) азаматтық заңнамада немесе шартта көзделген өзге жағдайларда күші жойылады.
Тармақ 8
8. Ерекше реттеу режимінің күші жойылған не ол енгізілген мерзім аяқталған кезде шарттың қолданылуы тоқтатылады және қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын қызметті тоқтатады. Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін қатысушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің тұтынушыларына ерекше реттеу режимі шеңберіндегі көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсетуді (жүзеге асыруды) тоқтату туралы хабарлайды және ерекше реттеу режимі шеңберінде тұтынушылармен жасалған көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсету (жүзеге асыру) туралы шартқа (бұдан әрі – тұтынушымен шарт), Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес өздерінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерін орындайды.
Тарау 3. 3-тарау. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі
3-тарау. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 9
9. Ұлттық Банк қатысушының шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелерді сақтауына мониторингті ай сайын жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Ерекше реттеу режимі шеңберіндегі цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қатысушы Қағидаларға қосымшада көзделген Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттың 9-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақталуын қамтамсыз етеді, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) тұтынушыларға Ұлттық Банктен тиісті ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген ерекше реттеу режимінің мерзімдері мен талаптары өзгергені туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын Ұлттық Банкке шарт талаптарына сәйкес көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсетудің (жүзеге асырудың) аралық нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 11
11. Қатысушы Ұлттық Банкке шарттың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігінің негіздерін көрсете отырып, Заңның 51-4-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен аспайдындай ұзарту туралы өтінішхатпен өтініш жасайды. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат Ұлттық Банкке шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей ұсынылады.
Тармақ 12
12. Ұлттық Банк шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарайды және қатысушыға мерзімін ұзарту не мерзімін ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 13
13. Шарттың қолданылу мерзімі ұзартуды есептегенде бес жылдан аспайды.
Басқа 1-1. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидаларына қосымша Нысан Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт ______________________________________________________________ ____________________________________________________________________, (заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері) бұдан әрі «Қатысушы» деп аталады, Жарғы (сенімхат) негізінде іс-әрекет жасайтын бірінші басшысы (уәкілетті тұлғаның)____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) арқылы бір жағынан, және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Ұлттық Банк» деп аталады, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төрағаның орынбасары ___________________________ _______________________ арқылы екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, Заңның 51-5-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлттық Банк Басқармасының 20__жылғы «__» __________ шешімі негізінде төмендегілер туралы осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Қатысушының _________________________________________ (Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсететін (жүзеге асыратын) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті сипаттау) жүзеге асыруы Шарттың мәні болып табылады.
Тармақ 2
2. Шарттың мақсаты үшін ерекше реттеу режимі деп цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру түсіндіріледі.
Тармақ 3
3. Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде Шарттың 1-тармағында цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті Ұлттық Банкке ұсынылатын және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Тұтынушылардың саны _________________________ аспайды.
Тармақ 5
5. Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде қабылдайтын міндеттемелерінің көлемі ____________________________ (цифрмен және ашып жазып) теңгеден аспайды.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Ұлттық Банк:
Тармақша 1
1) Қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде және уақтылы орындауды талап етуге;
Тармақша 2
2) Қатысушының Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына мониторинг жүзеге асыру үшін Қатысушыдан қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;
Тармақша 3
3) Заңның 51-5-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
Тармақша 4
4) Шарттың қолданылу мерзімін Қатысушының Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты негізінде ұзартуға құқылы.
Тармақ 7
7. Қатысушы:
Тармақша 1
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті Шартта белгіленген талаптармен жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банкке Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен және (немесе) Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатпен Шарттың 21-тармағында көрсетілген мерзімде жүгінуге құқылы.
Тармақ 8
8. Ұлттық Банк:
Тармақша 1
1) Қатысушының Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауға мониторинг жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қатысушы Шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны анықталған жағдайда, Қатысушыға анықталған бұзушылықтарды Заңның 51-5-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жою қажеттілігі туарлы жазбаша хабарлама жіберуге;
Тармақша 3
3) Қатысушының Шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішін және (немесе) оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатын қарауға және Шарттың 21-тармағында көрсетілген мерзімде қарау нәтижелерін жіберуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға міндетті.
Тармақ 9
9. Қатысушы:
Тармақша 1
1) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асырғанға дейін тұтынушыға мына: Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметі туралы; Қатысушының ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің ықтимал тәуекелдері туралы; ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру талаптары, цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібі, ерекше реттеу режимі шеңберінде тұтынушымен цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – тұтынушымен шарт) жасасу үшін Қатысушының ішкі қағидаларында айқындалған құны (мөлшерлемелері, тарифтері), қажетті құжаттардың тізбесі туралы; Қатысушының орналасқан жері, пошта және электрондық мекенжайлары, интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы ақпаратты жеткізуге;
Тармақша 2
2) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті Заңның 51-4-бабының 2-тармағына сәйкес ерекше реттеу режимін енгізу мақсатына, Шарттың талаптарына және Ұлттық Банкке ұсынылатын бизнес-жоспарға сәйкес ұсынуға;
Тармақша 3
3) өзінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерін тұтынушылармен жасасқан шарттарда белгіленген тәртіппен орындауға;
Тармақша 4
4) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін (жүзеге асырылатын) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 5
5) Ұлттық Банкке Шарттың қолданылу мерзімі ішінде ай сайын, айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметтің аралық нәтижелері туралы мына: тұтынушылармен жасасқан шарттардың саны (жеке және заңды тұлғалар бойынша); тұтынушылармен шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі; ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде анықталған кемшіліктер (бар болса); тұтынушылардың тарапынан болған шағымдардың сипаты (бар болса); ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде анықталған тәуекелдер туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 6
6) Ұлттық Банктен Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалмауы туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда, бұзушылықтарды және (немесе) себептерін, сондай-ақ оларды жасауға себепші болған жағдайларды Заңның 51-5-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен жоюға;
Тармақша 7
7) ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер мен ақпараттың жасырындылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) Қатысушының жарғылық капиталдағы үлесін жаңа меншік иесіне берген (иеліктен шығарған) жағдайда, жоспарланып отырған мәміле туралы Ұлттық Банкке оны жасағанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын хабарлауға;
Тармақша 9
9) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкке ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қорытындылары туралы, мына: Қатысушының төлем қызметінің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің сипаты; тартылған тұтынушылардың саны, көрсетілетін төлем қызметтерінің және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің көлемі, қабылданған міндеттемелері; ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру процесінде анықталған тәуекелдер, олардың тұтынушыларға және Қатысушының негізгі қызметіне әсері; цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі ұсыныстары туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты беруге;
Тармақша 10
10) Шарттың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда өз тұтынушыларына 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарлауға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға міндетті.
Тарау 3. 3. Тараптардың жауапкершілігі
3. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 10
10. Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
Тармақ 11
11. Қатысушы Шарт бойынша қызметін (көрсетілетін қызметін, өнімін) жүзеге асыру (ұсыну) кезінде және салдарынан туындаған барлық тәуекел үшін жауапты болады.
Тарау 4. 4. Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары
4. Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары
Тармақ 12
12. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша енгізіледі және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде ресімделеді.
Тармақ 13
13. Шарттың қолданылуы:
Тармақша 1
1) енгізілген мерзімі аяқталуына байланысты ерекше реттеу режимін қолдану тоқтатылған кезде, не оның күшін жойған кезде;
Тармақша 2
2) Шарттың мерзімі аяқталған немесе мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе Шартта көзделген өзге жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 14
14. Тараптардың келісімі бойынша Шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға рұқсат етіледі.
Тарау 5. 5. Дауларды шешу тәртібі
5. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 15
15. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының соттары Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары мен келіспеушіліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.
Тармақ 17
17. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерін толық шешкенге дейін Шартта белгіленген міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.
Тарау 6. 6. Шарттың қолданылу мерзімі
6. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 18
18. Шарт 20__ « »________ бастап 20__ « »________ дейінгі мерзімге жасалады.
Тармақ 19
19. Шарттың қолданылу мерзімі Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің мерзімінен аспайды.
Тармақ 20
20. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылады және Заңның 51-4-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.
Тармақ 21
21. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат Ұлттық Банкке Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей беріледі және ол Ұлттық Банкке түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады.
Тармақ 22
22. Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Тарау 7. 7. Дүлей күш жағдайлары
7. Дүлей күш жағдайлары
Тармақ 23
23. Тараптардың Шарт бойынша өз функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін, табиғи апаттар, авариялар, өрт, жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер, әскери іс-қимылдар жататын дүлей күш жағдайлары туындаған жағдайда, егер осындай жағдайлар туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей және байланыс болған жағдайда олардың әсерінен зардап шеккен Тарап басқа Тарапқа болған оқиға туралы хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарларын жылдам жою үшін бар күш-жігерін салса, олар өздеріне қабылданған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 24
24. Шарттың 23-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайларының ықпал ету объектісі болған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша құзыретті органдар куәландырған, оқиғалардың болғандығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ келтірілген шығынның көлемін есептеумен байланысты кез келген құжаттаманы ұсынуға міндетті.
Тармақ 25
25. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы дүлей күш жағдайлары орын алған уақытқа тоқтатыла тұрады және олар тоқтағаннан кейін бірден қайта басталады.
Тармақ 26
26. Шарттың 23-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайларының әсері тоқтатылғаннан кейін Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 27
27. Тараптардың Шартта келісілмеген құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Тармақ 28
28. Орналасқан жері және (немесе) нақты мекенжайы өзгерген кезде Қатысушы олар өзгерген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жазбаша хабарлама беруге міндетті.
Тармақ 29
29. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, заң күші бірдей 2 (екі) данада жасалды, олардың 1 (бір) данасы Ұлттық Банкте, 1 (бір) данасы Қатысушыда болады.
Тармақ 30
30. Шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері 20__ «___» _______ қол қойды.
Тарау 9. 9. Тараптардың деректемелері және қолдары
9. Тараптардың деректемелері және қолдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ (орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды) _____________________________ (қолы) Қатысушы _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ (Қатысушының атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық поштасы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды) ______________________________ (қолы)
Басқа 2. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы «___» _________ № ____ қаулысына 2-қосымша Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасу үшін құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қарау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Шартты жасасу үшін құжаттарды қарауды Ұлттық Банк өтініш берушінің осы қаулының 2-тармағында айқындалған іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуін ескере отырып жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Шартты жасасу үшін құжаттарды қарау тәртібі
2-тарау. Шартты жасасу үшін құжаттарды қарау тәртібі
Тармақ 3
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өтініш беруші Ұлттық Банкке мына құжаттар мен ақпаратты:
Тармақша 1
1) құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған) көшiрмелерін;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлері, атқарушы органының бірінші басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) мыналарды: ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігінің негіздемесін; ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет түрлерінің сипатын; ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты жүзеге асырылып отырған қызметтің нысаналы тұтынушыларының (бар болса) сипатын және өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде ұсынылатын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметіне мүдделі тұтынушылардың болуы туралы мәліметтерді; ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру аумағын көрсетуді; цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет түрлері артықшылықтарының, сондай-ақ тұтынушылар үшін әлеуетті тәуекелдерінің сипатын; тәуекелдерді басқару жоспарын (ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің сипаты және көрсету (жүзеге асыру) кезеңінде тәуекелдерді басқару тәсілдерін); ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметтің жоспарланып отырған ауқымын: тұтынушылардың санын, көрсетілетін цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет сипатын қамтитын бизнес-жоспарды;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған мерзімін;
Тармақша 5
5) ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметтің даму сатыларын, ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш берушінің цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің тиімділігін бағалаудың күтілетін нәтижелерін, өлшемшарттары мен көрсеткіштерін;
Тармақша 6
6) шарттың қолданылуын жоспарлы немесе мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, тұтынушылармен цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асырудың және шарттық қатынастарды орындауды тоқтату тәртібін сипаттай отырып, іс-шаралар жоспарын;
Тармақша 7
7) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және Ұлттық Банктің көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш берушіге қолданылу шектерін қоса бере отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады. Егер өтініш беруші қаржы ұйымы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтер ұсынылмайды.
Тармақ 4
4. Ұлттық Банк өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оны қарайды.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші ұсынған құжаттарға ескертулер болған кезде Ұлттық Банк өтініш берушіге пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы ескертулерін көрсете отырып хат жібереді. Өтініш беруші ескертулерді жояды және хатты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Ұлттық Банк өтініш берушіге Заңның 51-5-бабының 4-тармағында айқындалған негіздер бойынша шартты жасасудан бас тартады. Өтініш берушіге шарт жасасудан бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі Ұлттық Банк басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Шарт жасасудан бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Өтініш беруші Ұлттық Банктің шарт жасасудан бас тартуына ӘРПК-нің 13-тарауында айқындалған тәртіппен шағымдануға құқылы. Егер ӘРПК-де өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 2-1. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидаларына қосымша Нысан Ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш
Тармақ 1
1. Өтініш берушінің атауы ______________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің орналасқан жері және нақты мекенжайы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйінің, офисінің нөмірі, телефон нөмірі)
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (нөмірі, күні, кім берді)
Тармақ 4
4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Қызмет түрі ________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қызметтің негізгі түрлері көрсетілсін)
Тармақ 6
6. Өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған күні) Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін растайды. Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Өтініш берушінің атқарушы органы басшысының не өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растау құжаттарын қоса бере отырып). Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша парақтар саны көрсетілсін): _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________. 20__ жылғы «___» _____________ ____________________(қолы)