Об утверждении Стандарта организации оказания медицинской помощи при инфекционных заболеваниях в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс- шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы «___»_________ №____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандарты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт инфекциялық аурулар кезінде меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларын белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) байланыста болған адам – инфекциялық қоздырғыштың көзімен байланыста болатын және (немесе) байланыста болған адам;
Тармақша 2
2) бейінді маман – жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері.
Тармақша 3
3) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
Тармақша 4
4) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 5
5) ерікті емделу – науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;
Тармақша 6
6) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданатын мамандырылған медициналық көмек;
Тармақша 7
7) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
Тармақша 8
8) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;
Тармақша 9
9) медициналық ұйым (бұдан әрі - МҰ) - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 10
10) стационарлық көмек - дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын көмек ұсыну нысаны;
Тармақша 11
11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Тарау 2. 2-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидалары
2-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидалары
Тармақ 1
1. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге МСАК-ты «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген), сондай-ақ «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесіне сәйкес «Терапия» (жасөспірімдер терапиясы, диетология), «Педиатрия» (неонатология), «Жалпы дәрігерлік практика» (отбасылық медицина) мамандықтары бойынша дәрігерлер, сондай-ақ ФАП-та және медициналық пункттерде фельдшерлер мен мейіргерлер көрсетеді.
Тармақ 2
2. Жоспарлы емдеуге жатқызу тәулік бойы стационар жағдайында мынадай нозологиялар бойынша: созылмалы бруцеллез (субкомпенсация сатысы), созылмалы вирустық гепатиттер (белсенділіктің әлсіз және орташа дәрежесі бар), гельминтоз кешенді терапия жүргізу үшін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің нәтижелері бойынша Портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) және КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Реанимациялық іс-шараларды талап ететін кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызу жақын жердегі стационарда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Медициналық ұйымдарда инфекциялық аурулары бар пациенттерге ақылы медициналық қызметтер «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек жағдайында медициналық көмекті МСАК мамандары (учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және мейіргерлер) көрсетеді, медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандар консультация жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Инфекциялық аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары мен сипаттамалары
3-тарау. Инфекциялық аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары мен сипаттамалары
Тармақ 7
7. Инфекциялық аурулар кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін МҰ-ның қызметінің жалпы қағидаттары:
Тармақша 1
1) инфекциялық ауруларды және аса қауіпті инфекцияларды (бұдан әрі – АҚИ) диагностикалау және емдеу – анамнезді мұқият жинау, соның ішінде клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі - КХ) сәйкес эпидемиологиялық талдауды, емдік-іс шараларды, зертханалық-аспаптық зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 2
2) инфекциялық аурулары бар науқастарды динамикалық байқау – инфекциялық ауруларды алу немесе белгілеу үшін пациенттерге қосымша зерттеп-қарау жүргізу;
Тармақша 3
3) инфекциялық аурулар профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру – ауырғандарды уақтылы анықтау, айналасындағылардың жұқтыру қаупін және инфекцияның таралу қаупін бағалау, байланыста болған науқастарды оқшаулау және байланыста болғандарды анықтау, профилактикалық егулерді өткізу, инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдар беру жұмысына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Тармақ 8
8. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмекті «Инфекциялық аурулар» (оның ішінде балалар) (бұдан әрі – инфекционист дәрігер), «Жалпы дәрігерлік практика» (отбасылық медицина), «Терапия» (жасөспірімдер терапиясы, диетология), «Педиатрия» (неонатология), «Жедел және шұғыл медициналық көмек» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар көрсетеді.
Тармақ 9
9. Медициналық құжаттаманы ресімдеу мен есепке алу - есептік құжаттамаларын жүргізу «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Инфекциялық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11429 болып тіркелген) сәйкес дәрілік формулярлар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Амбулаториялық - емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету
1-параграф. Амбулаториялық - емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету
Тармақ 11
11. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек МСАК-ты және КДК-ны қамтиды.
Тармақ 12
12. Инфекциялық аурулары бар науқастарға алғашқы диагностика және амбулаториялық көмек көрсету МСАК көрсететін ұйымдарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аудандық деңгейде - медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерде (бұдан әрі - ФАП), дәрігерлік амбулаторияда, МСАК орталығында, аудандық және нөмірлік аудандық емханаларда;
Тармақша 2
2) қалалық деңгейде - дәрігерлік амбулаторияда, МСАК орталығында, қалалық емханада;
Тармақша 3
3) инфекциялық аурулары бар пациенттерге жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) және санитариялық авиация нысанындағы көмек «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15473 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 450 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады және өмірге қауіп төндіретін (пациенттің және (немесе) айналасындағылардың) жағдайлар, эпидемиялық ошақ кезінде де, сондай-ақ эвакуация уақытында да жіті ауыр инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Тармақ 13
13. МСАК мамандары инфекциялық аурулары бар пациенттерге көрсететін медициналық көмек:
Тармақша 1
1) инфекциялық ауруларды ерте анықтау, пациенттің жағдайын анықтау және диагноз қою мақсатында пациентті қарап-тексеруді;
Тармақша 2
2) эпидемиологиялық анамнез жинауды;
Тармақша 3
3) байланыста болған адамдарды бақылау және анықтауды;
Тармақша 4
4) шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 5
5) эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауды;
Тармақша 6
6) айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне жіберуді;
Тармақша 7
7) КХ-ға сәйкес емді таңдауды және тағайындауды;
Тармақша 8
8) пациенттерге дәрілік заттарға рецепт жазуды;
Тармақша 9
9) биоматериалды зертханаға зерттеуге алуды және жеткізуді айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес ұйымдастыруды;
Тармақша 10
10) айналасындағыларға қауіп төндіретін жағдайлар (инфекциялық науқастармен байланыста болуы, себепсіз денесінде бөртпенің пайда болуы, инкубациялық кезең аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар), вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы кезінде пациенттерге үйде қызмет көрсетуді;
Тармақша 11
11) инфекциялық ауруға күдіктенген және/немесе анықтаған жағдайда «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19383 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 127 бұйрық) сәйкес шұғыл хабарлама беруді;
Тармақша 12
12) клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде пациентті емдеуге жатқызуға жіберуді;
Тармақша 13
13) «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 126 бұйрық), «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалқ іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 175 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 16991 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 175 бұйрық), «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 4 қазандағы № ҚР ДСМ-135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19454 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 135 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылатын айналасындағыларға жұғу қаупі мен инфекцияның таралуын бағалауға сәйкес алғашқы эпидемияға қарсы іс–шараларды (инфекциялық аурулар ошағында жұмыс) өткізуді;
Тармақша 14
14) «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10964 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 183 бұйрық) сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
Тармақша 15
15) пациентті кейіннен қадағалап қарау және емдеу тәсілін анықтау үшін айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес инфекционист дәрігерге консультацияға іріктеуді және жіберуді;
Тармақша 16
16) АҚИ-ға күдіктенген жағдай кезде жағдайдың стандартты анықталуын қолдануды қамтиды.
Тармақ 14
14. АҚИ-дың болжамды жағдайы (күдік) анықталған кезде МСАК дәрігері және/немесе бейінді маман басшылығына хабарлайды, басшылық инфекциялық стационарға эвакуациялау үшін ЖМК шақырады және «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10644 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 131 бұйрық) тиісті аумақ халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Тармақ 15
15. АҚИ-дың болжамды жағдайы (күдік) анықталған кезде МСАК дәрігерінің және/немесе бейінді маман:
Тармақша 1
1) кабинетке/кабинеттен кіруді және шығуды тоқтата отырып, науқасты кабинетке оқшаулайды;
Тармақша 2
2) жұқтыру қаупін бағалауға сәйкес жеке қорғаныс құралдарын сұратады;
Тармақша 3
3) профильді стационар/бөлімшеге жібереді;
Тармақша 4
4) аурудың инкубациялық кезеңіне сәйкес байланыста болған адамдарды медициналық бақылайды.
Тармақ 16
16. АҚИ-дың болжамды жағдайы (күдік) анықталған кезде МҰ басшылығы оперативті жоспармен көзделген іс-шаралар жүйесін іске қосады және ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қауіптерді бағалауға сәйкес АҚИ-ды анықтаған дәрігерге жеке қорғаныс құралдарын беру;
Тармақша 2
2) мекеме ішінде жүруді, мекемеден/мекемеге кіруді және шығуды тоқтату;
Тармақша 3
3) науқасты эвакуациялау үшін арнайы жедел көмек бригадасын шақыру;
Тармақша 4
4) оперативті жоспармен көзделген режимдік талаптарды сақтай отырып, науқасты жақын инфекциялық стационарға ауыстыру;
Тармақша 5
5) эпидемияға қарсы іс-шараларды толық көлемде өткізу үшін эпидемиологтардың арнайы бригадасын шақыру;
Тармақша 6
6) қорытынды дезинфекция.
Тармақ 17
17. Инфекциялық науқастарға КДК-ны инфекционист дәрігер:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық емханалар;
Тармақша 2
2) консультациялық - диагностикалық орталықтар;
Тармақша 3
3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласы мекемелеріне және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелер деңгейінде көрсетеді.
Тармақ 18
18. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге КДК-ні инфекционист дәрігер:
Тармақша 1
1) пациент өз бетінше жүгінген кезде;
Тармақша 2
2) МСАК мамандарының және басқа мамандық дәрігерлерінің жолдамасы бойынша пациентте инфекциялық ауру анықталған (күдіктенген) кезде көрсетеді.
Тармақ 19
19. КДК-ті инфекционист дәрігер КХ-ға сәйкес «Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) сәйкес көрсетеді және:
Тармақша 1
1) инфекциялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті;
Тармақша 2
2) инфекцияны жұқтыру және таралу қаупін бағалауды;
Тармақша 3
3) инфекциялық ауруға күдіктенген және/немесе белгіленген кезде № 907 бұйрығымен бекітілген № 090/е нысаны бойынша № 127 бұйрыққа сәйкес шұғыл хабарлама беруді;
Тармақша 4
4) КХ-ға сәйкес, сондай-ақ инфекцияны жұқтыру және таралушылық қаупін бағалауға сәйкес пациенттерге зертханалық және аспаптық зерттеуді ұйымдастыруды және жүргізуді;
Тармақша 5
5) пациенттерді көрсетілімдері бойынша бейінді мамандарға зерттеп-қарауға және консультацияға жіберуді;
Тармақша 6
6) пациенттерді бейінді стационарға шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу үшін медициналық және эпидемиологиялық көрсетілімдерінің болуын анықтауды;
Тармақша 7
7) инфекциялық аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецепт жазуды;
Тармақша 8
8) № 126 бұйрыққа, № 175 бұйрыққа және № 135 бұйрыққа сәйкес бастапқы эпедемияға қарсы іс-шаралар (инфекциялық аурулар ошағында жұмыс) өткізуге қатысуды;
Тармақша 9
9) инфекциялық аурулары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізуді;
Тармақша 10
10) МСАК мамандарының консультацияларын жүргізуді;
Тармақша 11
11) № 183 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
Тармақша 12
12) инфекциялық аурулары бар пациенттерде мүгедектік белгілері анықталған кезде «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына құжаттамаларды ресімдеу үшін МСАК мамандарына жіберуді;
Тармақша 13
13) АҚИ анықталған/күдіктенген жағдайда жедел іс-шаралар жоспар құруға қатысуды;
Тармақша 14
14) профилактикалық егулер жүргізу кезінде МСАК мамандарына консультациялық көмекті;
Тармақ 20
20. Инфекциялық науқастарға мамандандырылған КДК көрсетуді инфекционист дәрігер жүзеге асырады. Бөлімшенің штат нормативтері «Аймақтарды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген) сәйкес анықталады.
Тармақ 21
21. Пациенттерді КДК қабылдау инфекционистің кабинетінде (бұдан әрі – ИК) жүзеге асырылады. ИК «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 357 бұйрық) талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 22
22. Инфекциялық аурулары бар науқасқа қабылдау жүргізетін ИК жарақтандыру осы Стандартқа сәйкес 1-қосымшаға, сондай-ақ АҚИ-ы бар пациентке арналған изоляторды жарақтандыру 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Медициналық және эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде инфекционист дәрігер стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стационардың бейінді бөлімшесіне қосымша зерттеп - қарауды немесе емдеуге жатқызуды айналасындағыларға жұқтыру қаупі мен инфекцияның таралуын бағалауға сәйкес ұйымдастыру және жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 24
24. Жіті респираторлық вирустық және ауа-тамшы инфекцияларымен жаппай сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде дене қызуы көтерілген пациенттер МСАК деңгейінде фильтр-кабинетте дәрігермен тексеріліп - қаралады.
Тармақ 25
25. Пациентте АҚИ анықталған жағдайда (күдік), КДК инфекционист дәрігері және/немесе бейінді маман басшылыққа хабарлайды, басшылық инфекциялық стационарға эвакуациялау үшін ЖМК шақырады және № 131 бұйрыққа сәйкес тиісті аумақтық халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық аумақтық бөлімшеге шұғыл хабарлама береді.
Тармақ 2. 2-параграф. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету
2-параграф. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету
Тармақ 26
26. Инфекциялық ауруы бар халыққа стационарлық көмек мынадай ұйымдарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аудандық деңгейде - аудандық аурухана, нөмірлік аудандық аурухана, көп бейінді ауданаралық аурухана;
Тармақша 2
2) қалалық деңгейде - қалалық аурухана, көп бейінді қалалық аурухана, көп бейінді қалалық балалар ауруханасы.
Тармақ 27
27. Стационарға емдеуге жатқызу үшін медициналық көрсетілім тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі болып табылады:
Тармақша 1
1) айналасындағылардың арасында таралу қаупі инфекциялық аурумен ауыратын науқасты стационарға емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетілім болып табылады;
Тармақша 2
2) науқаста АҚИ-дың болуына күдік емдеуге жатқызу үшін абсолюттік көрсетілім болып табылады.
Тармақ 28
28. Инфекциялық ауруы бар пациент стационарлық емдеуге түскен кезде қабылдау бөлімшесінде алдын ала диагнозды, айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралушылық қаупін бағалауды, жай-күйінің ауырлық дәрежесін анықтау, қажетті жеке қорғаныс құралдарын анықтау, зерттеп-қарау және емдеу жоспарын жасау мақсатында инфекционист дәрігер тексеруді жүргізеді. Медициналық көрсетілімдер және оған медициналық көмек көрсетуге жазбаша келісімі болған кезде № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасы толтырыла отырып, бейінді бөлімшеге емдеуге жатқызылады.
Тармақ 29
29. Контагиозды АҚИ-мен ауыратын пациенттің келісіміне қарамастан оқшауланады/емдеуге жатқызылады.
Тармақ 30
30. Пациенттерді жағдайының ауырлығы бойынша медициналық іріктеу көп бейінді стационардың қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі және № 450 бұйрықпен регламенттеледі.
Тармақ 31
31. Контагиоздық АҚИ-ға күдікті/ауыратын пациенттер тәулік бойы дайындықпен арнайы бокстарда қабылданады, боксталған бөлімшеге емдеуге жатқызылады.
Тармақ 32
32. Соматикалық науқастан айналасындағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған жағдайда, ол кейіннен көп бейінді аурухананың инфекциялық бөлімшесіне ауыстырыла отырып оқшауланады.
Тармақ 33
33. Инфекциялық патологиясы бар жүкті, босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсету «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген) және қолданыстағы КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Инфекциялық патологиясы бар жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу тәртібі:
Тармақша 1
1) жүктіліктің 36 аптасына дейін басым инфекциялық патологиясы болған кезде көп бейінді ауруханалардың инфекциялық стационарларында немесе инфекциялық бөлімшелерінде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) жүктіліктің 36 аптасынан бастап емдеуге жатқызу акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі МҰ-да жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) ерекше жағдайларда (жоғары контагиоздық, аса қауіпті инфекциялық патология) емдеуге жатқызу деңгейі туралы шешім комиссиялық түрде қабылданады.
Тармақ 35
35. Контагиозды АҚИ-ға күдіктенген/ауырған жүкті әйелдер басқа, осындай науқастар сияқты тәулік бойы дайындықтағы арнайы бокстарда қабылданады, боксталған бөлімшеге емдеуге жатқызылады.
Тармақ 36
36. Инфекциялық ауруы бар (АҚИ-ды және айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекцияларды қоспағанда) пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан кезде ықтимал асқынулар мен салдарын көрсете отырып, стационарлық немесе амбулаториялық науқастың медициналық картасына жазба ресімделеді. Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тарту туралы өтініш жазады және өзінің қолымен куәландырады. Өтініш осы пациенттің медициналық картасында сақталады.
Тармақ 37
37. АҚИ-ы және айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялары бар пациенттер АҚИ үшін боксталған бөлімшеге емдеуге жатқызылады. АҚИ-ы бар пациент үшін жеке пост құрылады. АҚИ-ды диагностикалау КХ-ға сәйкес жағдайды стандартты айқындауға сәйкес жүзеге асырылады. АҚИ-мен ауыратын науқастарға емдік және шұғыл көмекті ұйымдастыру инфекцияның жұғуы мен таралу қаупін бағалауға және КХ-ға сәйкес жүргізіледі. Медициналық ұйымдарда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) АҚИ-мен ауыратын науқас түскен жағдайда, штаб құрамын қоса алғанда, іс-қимылдың жедел жоспарларын әзірлеуді;
Тармақша 2
2) жүйелі түрде, жылына 1 реттен жиі емес АҚИ-мен ауыратын науқас түскен кезде іс-қимылды пысықтау үшін шартты науқасты енгізе отырып оқыту жүргізіледі;
Тармақша 3
3) АҚИ жағдайы/ошағы туындаған кезде, ошақта барлық іс-шаралардың өткізілуін қадағалайтын штаб құрылады және эпидемиологиялық ошақтың ашылуы хабарландырылады;
Тармақша 4
4) персонал жұқтыру қаупін бағалауға сәйкес жеке қорғану құралдарымен жұмыс істейді;
Тармақша 5
5) жұптық қағидаты сақталады – науқас орналасқан оқшауланған бокста үнемі кемінде екі медицина қызметкері кіретін;
Тармақша 6
6) ең көп оқшаулаудың жеке қорғану құралдарында үзіліссіз жұмыстың ұзақтығы (бірінші типті обаға қарсы костюм) – 2 сағаттан артық емес;
Тармақша 7
7) жұқтыру қаупін бағалауға және эпидемияға қарсы режимге сәйкес қажетті зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері туралы мәселе шешіледі;
Тармақша 8
8) жоғары контагиозды АҚИ туындаған жағдайда, басқа бөлімшеден оны оқшаулау немесе барлық бөлімшені толық босату, зертхана-клиникалық және биохимиялық, сондай-ақ аспаптық зерттеп - қараулар жұқтыру материалдарын эпидошақтан шығармай, сол жерде жүргізу мүмкіндігі болған кезде, бірнеше оқшауланған бокстардан тұратын арнайы блокты бөлу шешімі қабылданады;
Тармақша 9
9) зертханалық-этиологиялық зерттеулер АҚИ-ның өңірлік зертханаларында жүргізіледі және науқастан үш қаптамада материал тиісті режимдік талаптарға және контейнерлердің сыртқы беткейінің дезинфекциясымен «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17995 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-40 бұйрық) сәйкес жеткізіледі.
Тармақ 38
38. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар № 357 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 39
39. Көп бейінді стационарда, оның ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде (бұдан әрі - РҚТБ) ауа-тамшы және фекалды-ауыз арқылы берілетін инфекциялар үшін жеке боксы бар палаталар бөлінеді:
Тармақша 1
1) АҚИ-мен ауыратын науқастар далаға шығатын жері бар, бөлек оқшауланған бокстарға емдеуге жатқызылады/оқшауланады;
Тармақша 2
2) науқастың оқшаулану деңгейі және медицина персоналы қолданатын жеке қорғану заттары айналасындағыларға жұқтыру қаупін бағалаумен анықталады.
Тармақ 40
40. Инфекциялық стационарларда РҚТБ болмаған кезде қарқынды терапия палаталары (бұдан әрі - ҚТП) ұйымдастырылады. ҚТП-да инфекциялық науқастарға мамандандырылған медициналық көмекті «Инфекциялық аурулар кезіндегі шұғыл көмек» циклы бойынша кемінде 216 сағат көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар «Инфекциялық аурулар» (ересектер, оның ішінде балалар)» мамандығы бойынша дәрігерлер және/немесе «Инфекциялық аурулардың өзекті мәселелері» циклы бойынша кемінде 216 сағат көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар «Анестезиология және реанимация» мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді. Көпбейінді стационарларда ауруханаішілік инфекцияның таралушылығының профилактикасы үшін бейінді бөлімшелерде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша ҚТП ұйымдастырылады.
Тармақ 41
41. АҚИ-ды инфекциялық бақылау № ҚР ДСМ-40 бұйрығына және № 131 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Инфекциялық науқастарды шығару №761 бұйрыққа, сондай-ақ тиісті нозологиялар бойынша КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету аяқталғаннан кейін пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген, зерттеп-қарау мен емдеу нәтижелерімен, науқасты амбулаториялық-емханалық деңгейде одан әрі қарап-қадағалау тәсілі бойынша ұсынымдармен стационарлық науқастың медициналық картасынан шығару эпикризі беріледі. Пациент туралы ақпарат бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына беріледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Инфекциялық аурулары бар науқастарға стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету
3-параграф. Инфекциялық аурулары бар науқастарға стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету
Тармақ 44
44. Стационарды алмастыратын көмек пациенттерге «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 45
45. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады және зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және мынадай нозологиялар бойынша бейінді мамандардың консультациясымен МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша күндізгі стационар және/немесе үйдегі стационар жағдайында ұсынылады: айналасындағыларға жұқтыру қаупін және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес созылмалы бруцеллез (субкомпенсация сатысы), созылмалы вирустық гепатиттер (әлсіз және орташа белсенділік дәрежесі бар), тілме, эритематозды түрі, созылмалы гельминтоздар.
Тармақ 46
46. Пациент күндізгі стационарға, үйдегі стационарға түскен кезде № 907 бұйрығымен бекітілген № 003-2/е нысаны бойынша күндізгі стационардағы (емханалар, ауруханалар), үйдегі стационардағы науқас картасы толтырылады.
Тармақ 47
47. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін қарсы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) емдеу емшараларын және медициналық бақылауды тәулік бойы жүргізуді қажет ететін аурулар;
Тармақша 2
2) эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі инфекциялық аурулар;
Тармақша 3
3) «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) сәйкес айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар болып табылады.
Тармақ 48
48. Дәрігер күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған кезде қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерді және бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын басшылыққа ала отырып, бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды. Зорлық-зомбылық фактілері және дене жарақаттары анықталған кезде емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді, медициналық оңалту жүргізеді, жәбірленушілердің жүгіну фактілері және оларға көрсетілген медициналық көмек туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.
Тармақ 49
49. Күндізгі стационар 3 жастан бастап, тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін пациенттерге емдеу іс-шараларын жүргізуге арналған:
Тармақша 1
1) тәулік бойы бақылауды талап ететін жағдайы нашарлаған кезде пациент стационарға емдеуге жатқызылады;
Тармақша 2
2) пациентті емдеу ұзақтығы күндізгі стационарда 8 жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 50
50. Пациентті үйдегі стационарда қадағалап-қарау үшін стационарды алмастыратын медициналық көмек алу қажет болған кезінде пациентке күндізгі стационарға күнделікті баруға кедергі келтіретін ағзалар функцияларының бұзылуы, сондай-ақ балаларда тұрақты алмастырушы ферментативтік және бактерияға қарсы терапияны алу үшін маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулауды талап ететін инфекциялық асқынулардың жоғары қаупіне байланысты орфандық (сирек кездесетін) аурулардың болуы көрсетілімдер болып табылады.
Тармақ 51
51. Үйдегі стационарда емдеу ұзақтығы кемінде 3 жұмыс күні және жіті аурулар кезінде 5 жұмыс күнінен аспайтын, созылмалы аурулары асқынған кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын күнді құрайды.
Тармақ 52
52. Стационарды алмастыратын көмекті алған пациент шығарылған кезде күндізгі стационар немесе үйдегі стационарда ем өткені туралы № 907 бұйрықпен бекітілген № 066-4/е нысаны бойынша статистикалық карта толтырылады.
Басқа 1. Инфекционист кабинетін жарақтандыру
Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша Инфекционист кабинетін жарақтандыру Р/с № Ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар Бұй­ым­дар са­ны 1 2 3 1. Экран­дал­ған бак­те­ри­цид­тік ста­ци­о­нар­лық сəуле­лен­ді­ру 1 Жал­пы дә­рі­гер­лік жиын­тық 2. Ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка 1 3. Ме­ди­ци­на­лық дә­рі­гер­дің үсте­лі 1 4. Мей­ір­гер үсте­лі 1 5. Ме­ди­ци­на дә­рі­ге­рі­нің орынды­ғы 1 6. Мей­ір­гер орынды­ғы 1 7. Па­ци­ент­тің орынды­ғы 2 8. Ме­ди­ци­на­лық шир­ма 1 9. Құ­жат­тар­ға ар­нал­ған ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 10. Бір жар­ма­лы ки­ім­ге ар­нал­ған ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 Ере­сек ин­фек­ци­о­нист үшін дә­рі­гер­лік қа­был­дау жиын­тығы 11. Өл­шеу тас­па­сы 1 12. Бүй­рек тә­р­із­ді ло­ток 1 13. Се­кун­до­мер 1 14. Дез­ин­фек­ци­я­лық ері­т­ін­ді­ге ар­нал­ған ста­қан 1 15. Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр 5 16. То­но­метр 1 17. Фо­нен­до­скоп 1 18. Ме­ди­ци­на­лық шпа­тель 1 19. Нега­то­скоп 1 20. Оба­ға қар­сы жиын­тық 21. Қа­зір­гі за­ман­ғы же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры­ның (ком­би­не­зон, N95 ре­спи­ра­тор, кө­зіл­ді­рік, кол­ғап, бі­лек­қор­ға­ны­стар, ал­жап­қы­штар, ба­хи­ла­лар) жиын­тығы 1 22. Ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған сал­ғыш – қан, бу­бон пунк­та­ты, қа­қы­рық, жа­ғын­ды, нә­жіс, құ­сық мас­са­ла­ры/шай­ын­ды су­лар 1 23. На­у­қа­стар­дан алы­на­тын ма­те­ри­ал­дар­ды ора­у­ға ар­нал­ған та­сы­мал­да­у­шы жиын­тық 1 24. АҚИ бар на­у­қа­стар­ды та­сы­мал­дау үшін бір рет­тік жиын­тық 3 25. Ан­ти­сеп­ти­ка­ға ар­нал­ған до­за­тор 1 26. Сұй­ық са­бын до­за­то­ры 1 27. Шан­ши­тын құ­рал­дар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер 1 28. Та­за/лас қол­ғап­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 29. Та­за/лас ба­хил­дар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 30. Био­ло­ги­я­лық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер/қап­тар 1 31. Дез­ин­фек­ци­я­лық заттар­ды сұй­ы­л­ту­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 32. Та­зар­ту­ға ар­нал­ған сал­фет­ка­лар 1 33. Үй-жай­лар­ды та­зар­ту­ға ар­нал­ған сеп­кіш 1 34. Ка­би­нет­те­гі ра­ко­ви­на 1 35. Же­ке са­ни­та­ри­я­лық ны­сан 1 36. Мұз­дат­қы­шы бар то­ңа­зыт­қыш 1 37. То­ңа­зы­та­тын эле­мент­те­рі­мен то­ңа­зыт­қыш-сум­ка 1 38. Тер­мо­кон­тей­нер 1 39. Тер­мо­стат 1 40. Сырт­қа шы­ға­тын бө­лек есік­тің бо­луы 1 Ба­ла­лар ин­фек­ци­о­ни­стіне ар­нал­ған дә­рі­гер­лік қа­был­дау жиын­тығы 41. Өл­шеу тас­па­сы 1 42. Бүй­рек тә­р­із­ді ло­ток 1 43. Се­кун­до­мер 1 44. Дез­ин­фек­ци­я­лық ері­т­ін­ді­ге ар­нал­ған ста­қан 1 45. Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр 5 46. Бір жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ман­же­та­сы бар то­но­метр 1 47. Фо­нен­до­скоп 1 48. Сте­то­фо­нен­до­скоп 1 49. Ме­ди­ци­на­лық шпа­тель 20 50. Нега­то­скоп 1 51. Бой өл­ше­гі­ші бар ме­ди­ци­на­лық та­ра­зы­лар 1 52. Жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған элек­трон­дық та­ра­зы­лар 1 53. Пе­ди­атр құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы 1 54. Ба­ла­ны орау үстел­ше­сі 1 55. Оба­ға қар­сы жиын­тық 1 56. Же­ке қор­ға­ныс ком­лек­ті (ком­би­не­зон, N95 ре­спи­ра­то­ры, кө­зіл­ді­рік, кол­ғап, бі­лек­қор­ға­ны­стар, ал­жап­қы­штар, ба­хи­ла­лар) 1 57. Ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған сал­ғыш – қан, бу­бон пунк­та­ты, қа­қы­рық, жа­ғын­ды, нә­жіс, құ­сық мас­са­ла­ры/шай­ын­ды су­лар 1 58. На­у­қа­стар­дан алы­на­тын ма­те­ри­ал­дар­ды ора­у­ға ар­нал­ған та­сы­мал­да­у­шы жиын­тық 1 59. АҚИ бар на­у­қа­стар­ды та­сы­мал­дау үшін жиын­тық, бір рет қол­да­ну­ға ар­нал­ған 5 60. Ан­ти­сеп­ти­ка­лық до­за­тор 1 61. Сұй­ық са­бын до­за­то­ры 1 62. Шан­ши­тын құ­рал­дар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер 1 63. Та­за/лас қол­ғап­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 64. Та­за/лас ба­хил­дар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 65. Био­ло­ги­я­лық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 66. Дез­ин­фек­ци­я­лық заттар­ды сұй­ы­л­ту­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 67. Та­зар­ту­ға ар­нал­ған сал­фет­ка­лар 1 68. Үй-жай­лар­ды та­зар­ту­ға өң­де­у­ге ар­нал­ған сеп­кіш 1 69. Ка­би­нет­те­гі ра­ко­ви­на 1 70. Же­ке са­ни­та­ри­я­лық ны­сан 1 71. Мұз­дат­қы­шы бар то­ңа­зыт­қыш 1 72. То­ңа­зы­та­тын эле­мент­те­рі­мен то­ңа­зыт­қыш-сум­ка 1 73. Тер­мо­кон­тей­нер 1 74. Тер­мо­стат 1 75. Сырт­қа шы­ға­тын бө­лек есік­тің бо­луы 1
Басқа 2. АҚИ-ы бар пациентке арналған изоляторды жарақтандыру
Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша АҚИ-ы бар пациентке арналған изоляторды жарақтандыру р/с № Ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар Бұй­ым­дар са­ны 1 2 3 1 Экран­дал­ған бак­те­ри­цид­тік ста­ци­о­нар­лық сəуле­лен­ді­ру әр­бір бокс/па­ла­та­ға-1 2 Ме­ди­ци­на­лық шта­тив (ин­фу­зи­я­лық та­ған) 1 3 Оба­ға қар­сы ко­стюм (же­ке қор­ғау құ­рал­да­ры – мас­ка­лар, ком­би­не­зон, кө­зіл­ді­рік, бір рет қол­да­ны­ла­тын қол­ғап­тар, ре­зең­ке аяқ ки­ім) 5 4. Қа­зір­гі за­ман­ғы же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры­ның (ком­би­не­зон, N95 ре­спи­ра­тор, кө­зіл­ді­рік, кол­ғап, бі­лек­қор­ға­ны­стар, ал­жап­қы­штар, ба­хи­ла­лар) жиын­тығы 1 5. Ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған сал­ғыш – қан, бу­бон пунк­та­ты, қа­қы­рық, жа­ғын­ды, нә­жіс, құ­сық мас­са­ла­ры/шай­ын­ды су­лар 1 6. На­у­қа­стар­дан алы­на­тын ма­те­ри­ал­дар­ды ора­у­ға ар­нал­ған та­сы­мал­да­у­шы жиын­тық 1 7 Ме­ди­ци­на­лық суд­но 1 8 Ан­ти­сеп­ти­ка­ға ар­нал­ған диспен­сер 1 9 Сұй­ық са­бын диспен­се­рі 1 10 Функ­ци­о­нал­дық тө­сек 1 11 Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр 10 12 АҚИ бар на­у­қа­стар­ды та­сы­мал­дау үшін жиын­тық, бір рет­тік 10 13 Аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стан бак. ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған жиын­тық 1 14 Зерт­ха­на­ға бак. ма­те­ри­ал жет­кізу­ге ар­нал­ған жиын­тық 1 15 Же­дел және шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған жиын­тық 1 16 То­ңа­зы­та­тын эле­мент­те­рі­мен то­ңа­зыт­қыш-сум­ка 17 Тер­мо­кон­тей­нер 3 18 Ас­пап­ты үстел 1 19 Бүй­рек тә­р­із­ді ло­ток 2 20. Шан­ши­тын құ­рал­дар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер 1 21. Та­за/лас қол­ғап­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 22. Та­за/лас/ ба­хил­дар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 23. Био­ло­ги­я­лық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер/қап­тар 1 24. Дез­ин­фек­ци­я­лық заттар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер 1 25. Та­зар­ту­ға ар­нал­ған сал­фет­ка­лар 1 26. Үй-жай­лар­ды та­зар­ту­ға ар­нал­ған сеп­кіш 1 27. Ка­би­нет­те­гі ра­ко­ви­на 1 28. Же­ке са­ни­та­ри­я­лық ны­сан 1 29. Мұз­дат­қы­шы бар то­ңа­зыт­қыш 1 30. Тер­мо­стат 1 31. Сырт­қа шы­ға­тын бө­лек есік­тің бо­луы 1