О корректировке базовых ставок земельного налога Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы №333 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3620 тіркелген) Созақ ауданының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
2. «Созақ аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.