О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Эстонской Республики о международном автомобильном сообщении Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы Астанада 2000 жылғы 15 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы КЕЛIСIМ (2002 жылғы 18 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты) Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының Yкiметi, екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың қолайлы дамуын назарға ала отырып және екi ел арасында, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен өтетiн автомобиль қатынасын дамыту тiлегiн басшылыққа алып, өзара пайда мен табыс мақсатында осы Келiсiмдi жасауды шештi.
Бап 1. 1-бап
1-бап Осы Келiсiмге сәйкес халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар бойынша автокөлiк құралдарымен екi ел арасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен өтетiн жолаушылар мен жүктердiң тұрақты және тұрақты емес тасымалдары жүзеге асырылады. І. ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАРЫ
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Жолаушыларды автобуспен тасымалдау осы Келiсiмге сәйкес, 3-бапта көрсетiлген тасымалдарды есептемегенде, рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 2
2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына бос автобустармен кiру үшiн 3-баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды есептемегенде, сол елдің жеке рұқсаты қажет.
Тармақ 3
3. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау Тараптардың құзыреттi органдары арасындағы келiсiм бойынша ұйымдастырылады.
Тармақ 4
4. Тараптардың құзыреттi органдары осындай тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұсыныстарды жазбаша түрде бiр-бiрiне алдын ала бередi.
Тармақ 5
5. Осы ұсыныстар тасымалдаушының (фирманың) атауы мен мекен-жайларына, жүру бағытына, қозғалыс кестесiне, тарифiне, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу және түсiрудi жүргiзетiн аялдама мекендерiне, сондай-ақ тасымалдауды орындаудың белгiленген кезеңi мен тұрақтылығына қатысты мәлiметтерден тұруы керек.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Жолаушыларды автобустармен тасымалдауды орындауда:
Тармақша а
а) егер жеке құрамның бiр және сол тобы автобус тiркелген Тараптың аумағынан басталып және аяқталатын бүкiл сапар бойында бiр автобуспен тасымалданса және мұндай жүру барысында жолаушылардың жеке құрамы өзгерiссiз қалса;
Тармақша б
б) егер жеке құрамның бiр және сол тобы автобус тасымалдаудан кейiн бос қайтқан жағдайда автобус тiркелген Тараптың аумағынан басталатын және екiншi Тараптың аумағында аяқталатын бүкiл жүру бойында бiр автобуспен бiр бағытта тасымалданса рұқсат талап етiлмейдi. Мұндай тасымалдаулар кезiнде тұрақтыларды қоспағанда жолаушылардың тiзiмi талап етiледi.
Тармақ 2. II. ЖҮКТЕРДI ТАСЫМАЛДАУ
2. Тасымалдаушы бұзылған автобусты пайдалануға жарамды бос шығатын басқа автобуспен ауыстырған жағдайда рұқсат талап етiлмейдi. II. ЖҮКТЕРДI ТАСЫМАЛДАУ
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісiмнің 5-бабында көзделген тасымалдарды қоспағанда екi ел арасындағы немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен жүктердi тасымалдау Тараптардың құзыреттi органдары берген рұқсаттар негiзiнде автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әрбiр тасымалдауға бiр барып, қайту рейсiн жасауға рұқсат беретiн, егер өзгесi рұқсаттың өзiнде ескертілмесе жеке рұқсат берiледi.
Тармақ 3
3. Тараптардың құзыреттi органдары жыл сайын бiр-бiрiне өзара келiсiлген жүктердi тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерiнiң санын беретiн болады.
Тармақ 4
4. Әрбiр автомобильге немесе автопоездге жеке рұқсат берілуi тиiс. Рұқсат бос автокөлiк құралдары үшiн де талап етiледi. Автопоездбен тасымалдаған кезде тек тартқыш үшiн рұқсат қажет. Рұқсаттың қолданылуы - 1 күнтiзбелiк жыл.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң 4-бабында көрсетiлген рұқсаттар:
Тармақша а
а) қоныс аударған кезде жылжыйтын мүлiктi;
Тармақша б
б) жәрмеңкелер мен көрмелердi жайластыруға арналған экспонаттар, жабдықтар және материалдарды;
Тармақша в
в) көлiк құралдарын, жануарларды, сондай-ақ спорт iс-шараларын өткiзуге арналған әртүрлi керек-жарақтар мен мүлiктердi;
Тармақша г
г) театр көрiнiстерi мен реквизиттерiн, музыкалық аспаптарды, кино түсiру, радио- және теледидар бағдарламалары үшiн жабдықтар мен керек-жарақтарды;
Тармақша д
д) қайтыс болған адамның денесi мен сүйегiн;
Тармақша е
е) почтаны;
Тармақша ж
ж) сынған автокөлiк құралдарын;
Тармақша з
з) табиғи апат кезінде жәрдем беру үшiн медициналық жабдықтар мен дәрi-дәрмектердi;
Тармақша и
и) автокөлiк құралдарымен тiркемемен қоса жалпы рұқсат етiлген салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе рұқсат етiлген пайдалы жүктемесi, тiркеменi қосқанда 3,5 тоннадан аспайтын жүктердi тасымалдауды орындағанда талап етілмейдi.
Тармақ 2
2. Осы Баптың 1-тармағының б), в) және г) тармақшаларында көзделген ерекшелiктер егер жүк автокөлiк тiркелген елге қайтып келуге жататын немесе егер жүк үшiншi елдiң аумағына тасымалданатын болған жағдайларда ғана қолданылады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң жүкпен немесе жүксiз жүрген автокөлiк құралының көлемi немесе салмағы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген нормадан асуы, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы екiншi Тараптың құзыретті органдарынан арнайы рұқсат алуы тиiс. Тараптардың құзыреттi органдары осындай арнайы рұқсат беру туралы өтiнiшке, оны алған күнiнен бастап 15 күннен кешiктiрмей жауап беруi тиiс.
Тармақ 2. ІІІ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2. Егер осы Баптың 1-тармағында аталған арнайы рұқсат автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша қозғалысын көздесе, онда тасымалдау осы бағыт бойынша ғана жүзеге асырылуы тиiс. ІІІ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi мекен арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыру рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 2
2. Егер бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органынан арнайы рұқсат алса, ол екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан үшiншi елдiң аумағына, сонымен қатар үшiншi елдiң аумағынан екiншi Тараптың аумағына тасымалдауды жүзеге асыра алады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісіммен көзделген тасымалдауларды, өз елдерінің ішкі заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат етiлген тасымалдаушылар ғана орындайды.
Тармақ 2
2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз елдерiнiң ерекше және тiркеу белгiлерi болуы тиiс.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң негiзiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылатын заңдар мен жол қозғалысы ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келiсiммен көзделген жүк тасымалдары нысандары жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық үлгiге сәйкес келетiн тасымалдау құжаттары арқылы жүзеге асырылады.
Бап 10. 10-бап
10-бап Автокөлiк құралын жүргiзушіде өзi жүргiзетiн автокөлiк құралының санатына сәйкестi ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және автокөлiк құралына ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
Бап 11. 11-бап
11-бап Осы Келiсiмнiң негiзiнде бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушылары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен белгiленген автострадалардың жеке учаскелерi, туннелдер, көпiрлер және өзге де инженер-техникалық жол құрылыстары бойынша жүру үшiн алынатын салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай-ақ сол берiлген жалпы салмағы мен бiлiкке түсетiн күштен асқаны үшiн алымдар төлеудi қоспағанда екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асатын жолаушылар мен жүк тасымалдары, сондай-ақ осы тасымалдарды орындайтын көлiк құралдары жолдарды пайдалануға немесе күтiп-ұстауға қатысты салықтар мен алымдардан босатылады.
Бап 12. 12-бап
12-бап Осы Келiсiмнiң негiзiндегi халықаралық тасымалдар тасымалды орындайтын автокөлiк құралы әрбiр Тарап мемлекеттiң аумағына кiру сәтiне үшiншi тұлғаларға келтiрiлуi мүмкiн залалдан азаматтық жауапкершiлiкке қатысты сақтандырылған жағдайда рұқсат етiледi.
Бап 13. 13-бап
13-бап Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты екi Тарап қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың ережелерi қолданылады. Осы келiсiмдермен реттелмеген мәселелердi шешкен кезде әрбiр Тарап мемлекеттерiнiң iшкi заңдары қолданылады.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Тармақ 1
1. Ауыр науқастарды тасымалдау кезiнде, жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау кезектен тыс жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерiнiң кеден заңдарымен жүктердi әкету, әкелу және транзитпен өткiзу рәсiмдерi үшiн көзделген талаптарды орындауға ықпал етпейдi.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң негiзiндегi тасымалдарды орындау кезiнде енгiзуге рұқсаттан, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдардан және әкелу үшiн кедендiк баждардан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнетiн:
Тармақша а
а) әрбiр автокөлiк құралының моделiне көзделген қозғалтқыштарды қоректендiру жүйесiмен технологиялық және конструктивтi байланыстырылған сыйымдылықтарды, сондай-ақ жүк автокөлiк құралдарына орнатылған арнаулы агрегаттар жұмысына технологиялық байланыстырылған қосымша сыйымдылықтардағы жанармай;
Тармақша б
б) тасымалдау уақытында тұтынуға қажетті мөлшердегі жағармай материалдары;
Тармақша в
в) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер өзара босатылады.
Тармақ 2
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi әкетуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер не елден шығарылуы, не болмаса жойылуы, немесе келген мемлекеттің белгіленген тәртiбiмен өткiзiлуi керек.
Бап 16. 16-бап
16-бап Тасымалдаушы осы Келiсiмнiң ережелерiн бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында бұзған жағдайда автокөлiк құралы тiркелген елдiң құзыреттi органдары екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органының өтiнiшi бойынша бұзуға жол берген тасымалдаушыға iшкi заңдарда көзделген шараларды қолданады. Бiр Тараптың құзыретті органының өтiнiшi бойынша екiншi Тараптың құзыреттi органы қолданған шаралары туралы хабарлайды. Тарап мемлекеттерiнiң автотасымалдаушылары жасаған құқық бұзулары үшiн болған елдiң ұлттық заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 17. 17-бап
17-бап Осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету және туындайтын даулы мәселелердi тезiрек шешу мақсатында Тараптар Бiрлескен Комиссия құрады. Бiрлескен Комиссияның құрамына олардың мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының өкiлдерi кiредi. Бiрлескен Комиссияның мәжiлiстерi Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша өткiзiледi.
Бап 18. 18-бап
18-бап
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға байланысты туындаған барлық даулы мәселелердi консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.
Тармақ 2. ІV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2. Тараптар екi жақтың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар немесе өзгерiстер енгiзуi мүмкiн. Осындай өзгерiстер немесе толықтырулар оларды әрбiр Тараптың бекiтуi туралы хабарлайтын ноталармен алмасқан сәттен бастап күшiне енедi. ІV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 19. 19-бап
19-бап Осы Келiсiммен, сондай-ақ екi Тарап та қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен және келiсiмдермен реттелмеген мәселелер әрбiр Тарап мемлекетiнiң iшкi заңдарына сәйкес шешiледi.
Бап 20. 20-бап
20-бап Осы Келiсiм Тараптардың жасасқан басқа халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнен шығатын құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
Бап 21. 21-бап
21-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм, Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы хабар алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды және Тараптардың бiрi дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тарапқа Келiсiмнiң күшiн жою туралы өзiнiң ниетiн жазбаша хабарлаған күнiнен бастап 90 күн iшiнде өз күшiн сақтайды.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсімді қолдану туралы АТҚАРУШЫ ХАТТАМА
3. Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Атқарушы Хаттама қоса берiлдi. Астана қаласында 2000 жылғы 15 маусымда әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерi әртүрлi түсiндiрілген жағдайда Тараптар орыс тілiндегi мәтiн негiзге алынады. Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн Эстон Республикасының Yкiметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсімді қолдану туралы АТҚАРУШЫ ХАТТАМА Астана қаласында 2000 жылғы 15 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмдi қолдануға қатысты төмендегiлер жөнiнде уағдаластыққа қол жеткiзiлдi:
Тармақ 1. Қазақстан Республикасының тарабынан
1. Аталған Келiсiмнiң мағынасында құзыреттi органдар деп мыналар түсiнiледi: Қазақстан Республикасының тарабынан
Тармақша а
а) 2, 4, 7, 16 және 17-баптар бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49, тел.: (3172) 32 62 67, факс: (3172) 32 10 58
Тармақша б
б) 6-бап бойынша - Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген нормалардан көлемi немесе салмағы асатын автокөлiк құралының жүруi үшiн арнайы рұқсатты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялap министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi бередi, 473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71, тел.: (3172) 33 31 54, факс.: (3172) 33 33 14 Арнайы рұқсатты беру туралы тапсырыста:
Тармақша а
а) тасымалдаушының атауы мен оның мекен-жайы;
Тармақша б
б) көлiк құралының маркасы, үлгiсi және тiркеу нөмiрi;
Тармақша в
в) бiлiктердiң, доңғалақтардың саны және олардың өзара орналасу сызбасы;
Тармақша г
г) жүгi бар көлiк құралының жалпы нақты салмағы, көлемi;
Тармақша д
д) әрбiр бiлiкке түсетiн күш;
Тармақша e
e) жүгi бар көлiк құралының ең кiшi бұрылу радиусы;
Тармақша ж
ж) тиеу және түсiру орны, жүру бағыты, жүрудiң болжамды уақыты және күнi, мемлекеттiк шекарадан өтетiн жерi;
Тармақша 3
3) талап бойынша жүгi бар көлiк құралының нобайы көрсетiлуi тиiс;
Тармақша с. Эстон Республикасының тарабынан
с) 6-бап бойынша - Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдауда жүктердiң барлық қауiптi кластары үшiн арнайы рұқсатты Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі бередi, 475000 Көкшетау қ., К.Маркс көшесi, 81 тел. (3162) 5-42-42, факс (316) 5-06-20; Эстон Республикасының тарабынан
Тармақша а
а) 2, 4, 7, 16 және 17-баптар бойынша Эстон Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi 15081, Таллин қ., Виру 9 тел.: (372) 6397 613, факс: (372) 6397 606;
Тармақша б
б) 6-бап бойынша - көлемi мен салмағы Эстон Республикасының аумағында белгіленген нормалардан асатын автокөлiк құралының жүруi үшiн арнайы рұқсатты Эстон шоссе жолдарының департаментi бередi 10141, Таллин қ., Пярнусс шоссесi 24 тел. (372) 6 11 93 00, факс (372) 6 11 93 61 Арнайы рұқсатты беру туралы тапсырыста:
Тармақша а
а) тасымалдаушының атауы мен оның мекен-жайы;
Тармақша б
б) көлiк құралының маркасы, түрi және тiркеу нөмiрi;
Тармақша в
в) бiлiктердiң саны және олардың орналасуы;
Тармақша г
г) жүгi бар көлiк құралының көлемi мен салмағы;
Тармақша д
д) жүк көтергiштiгi;
Тармақша e
e) әрбiр бiлiкке түсетiн жүктеме;
Тармақша ж
ж) тиеу және түсiру орындарының мекен-жайы;
Тармақша з
з) мемлекеттiк шекарадан өтетiн жерi, күнi және бағыты;
Тармақша и
и) талап бойынша жүгі бар көлiк құралының нобайы көрсетiлуi тиiс.
Тармақша с
с) 6-бап бойынша - Эстон Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн арнайы рұқсатты: Эстон Шоссе жолдарының департаментi бередi 10141, Таллин қаласы, Пярнусс шоссесі, 24 тел. (372) 6 11 93, Факс (372) 6 11 93 61
Тармақ 2
2. Осы келiсiмнiң мағынасында түсiнiлуi тиiс:
Тармақ 2.1
2.1. "Тасымалдаушы" терминi Тараптар мемлекетiнiң iшкi заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдарды орындауға уәкiлеттiк алған кез-келген жеке және заңды тұлғаны бiлдiредi.
Тармақ 2.2
2.2. "Автокөлiк құралы" терминi: жүктердi тасымалдау кезiнде - жүк автомобилiн, тiркемесi бар жүк автомобилiн, автомобиль тартқышты немесе жартылай тiркемесiмен тартқышты; жолаушыларды тасымалдау кезiнде - автобусты, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi орнын есептемегенде 8 отыратын орны бap автокөлiк құралын, сондай-ақ теңдеме жүктi тасымалдауға арналған тiркеменi бiлдiредi.
Тармақ 2.3
2.3. "Рұқсат" терминi бiр Тарап мемлекетiнiң автокөлiк құралының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына/нан кiруiне, шығуына рұқсат беретiн немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өтуге құқық беретiн құжатты бiлдiредi.
Тармақ 2.4
2.4. "Тұрақты тасымалдаулар" Тараптар мемлекетiнiң автокөлiк құралымен алдын-ала келiсiлген кесте, қозғалыстың бастапқы және соңғы мекендерi мен аялдау мекендерi көрсетiлген жүру бағыты бойынша жүзеге асырылатын тасымалдарды бiлдiредi.
Тармақ 2.5
2.5. "Тұрақты емес тасымалдаулар" терминi қалған барлық тасымалдарды бiлдiредi.
Тармақ 2.6
2.6. "Транзиттiк тасымалдар" шығу және бару мекендерi Тарап мемлекетiнiң аумағынан тыс орналасқан кездегi осы Тараптар мемлекетiнiң бiрiнiң аумағы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдарын бiлдiредi.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң 4-бабының 2-тармағын орындау үшiн тасымалдарды орындауға рұқсатты ол берiлген тасымалдаушыны ғана пайдалану мүмкiндiгi және оны басқа тұлғаға беруге болмайтындығы көзделедi.
Тармақ 4
4. Тараптардың құзыретті органдары үстіміздегі жылғы қарашаға дейiн келесi жылға жоғарыда айтылған санаттар бойынша, өзара алмасуы үстiмiздегi жылғы 1 желтоқсанға дейiн жүргiзiлетiн рұқсаттардың қажеттi мөлшерiн келiседi. Yстiмiздегi жылы берiлген рұқсаттардың келесi жылғы 31 қаңтарға дейiн күшi бар.
Тармақ 5
5. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес талап етiлетiн рұқсаттар мен басқа құжаттар солар жататын автокөлiк құралында болуы тиiс және құзыреттi бақылау органының талабы бойынша көрсетiледi. Осы Атқарушы Хаттама әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерi әртүрлi түсiндiрiлген жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады. Астана қаласында 2000 жылғы 15 маусымда жасалды. Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн Эстон Республикасының Үкiметi үшiн