Об утверждении полномочий операторов, осуществляющих государственную поддержку индустриально – инновационной деятельности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 22-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылғы «__»__________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы «__»__________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі 2019 жылғы «__»__________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2019 жылғы «__»__________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2019 жылғы «__»__________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019 жылғы «__»__________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2019 жылғы «__»__________
Басқа 0. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктері
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы «___» _____ №______ бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы Оператор:
Тармақша 1
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды құру үшін өзге заңды тұлғаларды құру (білім беру) жолымен инвестицияларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ұлттық даму институттарынан, Екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оған қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алады;
Тармақша 3
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігі мен инвестициялық тартымдылығын қолдау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады: -берешекті қайта құрылымдау; -жарғылық капиталдарға Инвестициялар; -стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеу және тарту; -индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдау түрлері.
Тармақ 2
2. Индустрияны дамыту саласындағы Оператор:
Тармақша 1
1) экономиканың басым секторларын дамытуды және өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
Тармақша 2
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен жаңарту бойынша қызметтер көрсетедi;
Тармақша 3
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасын қолдау бойынша қызметтер көрсетедiо;
Тармақша 4
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 5
5) аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 6
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдау бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 8
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды тұжырымдауды көздейтін, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсетеді.
Тармақ 3
3. Технологиялық даму саласындағы Оператор:
Тармақша 1
1) технологиялық болжау процесiне қатысады;
Тармақша 2
2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
Тармақша 3
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық және венчурлік қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технопарктердi, конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысады;
Тармақша 5
5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшiн ақпараттық ресурстарды, бiлiм беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
Тармақша 6
6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, ендірілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi;
Тармақша 9
9) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi;
Тармақша 10
10) технологиялық дамыту саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдемдеседi.
Тармақ 4
4. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы Оператор:
Тармақша 1
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
Тармақша 2
2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
Тармақша 3
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi;
Тармақша 4
4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
Тармақша 5
5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) субконтрактация орталығы болып табылады. Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі;
Тармақша 7
7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға iшкi нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді. Жергілікті қамту бойынша сараптама деп индустрияландыру картасына енуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау түсініледі. Жергілікті қамту деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы түсініледі.
Тармақ 5
5. Инвестициялар тарту саласындағы Оператор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 2
2) инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізеді, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, туындайтын мәселелерді шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
Тармақша 4
4) инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 5
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 6
6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы Оператор:
Тармақша 1
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;
Тармақша 3
3) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
Тармақша 4
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзедi;
Тармақша 5
5) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
Тармақша 7
7) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.