О комиссии по обеспечению безопасности на транспорте Күшін жойған
Басқа 0
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 2004 жылғы 19 қарашадағы № 50 шешімімен.
Апатты азайту, көлік кешені жұмысының қауіпсіздігін арттыру атқарушы органдар мен ведомстволардың көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша іс-қимылдарын үйлестіру үшін ұсыныстарды даярлау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 391 "Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері" Қаулысын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия жайлы қосылып беріліп отырган Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облыстық ІІБ жол полициясы басқармасы (А.С.Лабазов), "Қостанайавтожол" қазыналық кәсіпорны (Х.А.Абдуллин), облыстық құрылыс , сәулет және коммуналдық шаруашылық басқармасы (Ю.Г.Махаринец) 1998-1999 жылдар бойына көліктегі апатты азайту, қалалар мен поселкелердегі көше желілерін қайта жаңарту және дамыту, жол қозгалысын реттеуші техникалық құралдарды қалыпты жағдайда ұстау жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін және жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Көліктегі апатты азайту, жол қозгалысын реттеуші техникалық құралдарды дамыту және ұстау жөніндегі шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. "Жол қозгалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі юмиссия туралы" Қостанай облысы әкімінің 1996 жылгы 2 шілдедегі № 101 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 6
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 16 маусымдағы
№ 97 шешіміне 1 қосымша
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Т.К. Бегахметов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
А.С. Лабазов - Қостанай облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
С.Х. Өтелбаев - облыстық төтенше жагдайлар жөніндегі басқарма бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Ж.М. Нұрғалиев - облыстық өнеркәсіп және саүда басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар, көлік және телекоммуникация бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Х.А. Абдуллин - "Қостанайавтожол" қазыналық кәсіпорнының директоры
Ш.Н.Байтеңізов - облыстық ауыл шарушылығы басқармасының бастығы
В.Я. Дирксен - "Қостанай жолдары" АҚ президенті (келісім бойынша)
Б.Е. Ерекешев - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
К.Б. Ыбыраев - "Қазақстан темір жолы" АМК Ақмола темір жолы Қостанай филиалының бастығы (келісім бойынша)
А.Д. Кәрімов - облыстық экология басқармаскның бастығы
В.А. Мальцев - облыстық көлік инспекциясының бастығы
Ю.Г. Махаринец - облыстық құрылыс, сәулет және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
В.Д. Новиков - көлік құралдары жүргізушілері Одағының облыстык кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
В.А. Салимов - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ аймақтық өкілдігінің директоры (келісім бойынша)
А.А. Тычков - "Аэропорт "Қостанай" АҮАҚ президенті (келісім бойынша)
В.Н. Хан - "Автоколонна 3068" аймақтық мемлекеттік автокөлік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
С.Г. Шергин - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы
Басқа 7
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 16 маусымдағы
№ 97 шешіміне 2 қосымша
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия (будан әрі комиссия) мемлекеттік басқарудың облыстық органдарының, аудандар және қалалар әкімдерінің, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сәйкесті аймақтық бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану мәселелері бойынша қызметтерді үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды даярлауға арналған консультациялық-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
көліктегі апаттардың себептерін зерттеу мен талдау және қозгалыс қауіпсіздігін арттыру жөнінде ұсынымдар даярлау;
көліктегі апатты азайту жөніндегі жобалар мен шараларды, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды даярлау әрі жүзеге асыруға кемектесу және басымдықтарды анықтау;
көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басым бағыттарындағы ғылыми-техникалық әлеуеті, материалдық-техникалық ресурстар мен бюджеттік ақшаны дамыту және топтастыруға көмектесу: автомобиль және темір жолдарын, әуежайлар, қалалар мен елді мекендердің көше желілерін салу және қайта жаңғырту, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасын жақсарту, көліктегі қозғалысты реттеудің қазіргі кездегі техникалық құралдарын енгізу, көлік құралдары жүргізушілерінің кәсіби деңгейін жоғарылату, жол полициясы департаменті қызметкерлері мен көлік құралдары жүргізушілерінің жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бағдарламалары;
көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативті актілеріне қажетті өзгертулер және толыктырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатынасу;
облыстық басқармалардың, комитеттердің, жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғамдық бірлестіктердің көлік оқиғаларының алдын алу мен олардың салдарының ауыртпалығын азайту, осы жұмыстың болымды тәжірибесін тарату мәселелері бойынша жұмыс тәжірибелерін зерттеу;
облыстық басқармалардың, комитеттердің, жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын талдау және көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдар даярлау;
көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінен қалалық, аудандық, ведомстволық қызметтер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне ықпал жасау және көмек көрсету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозгалысы қауіпсіздігі жөніндегі білімдерді насихаттау, халықтың барлық жастағы топтарын жол қауіпсіздігі Ережелеріне оқытуға жәрдемдесу;
көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шет елдік алдыңгы қатарлы тәжірибені зерттеу, көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық ұйымдастыру механизмдерін енгізу жөніндегі ұсыныстарды даярлау.
Тармақ 3
3. Комиссияның мынандай құқықтары бар:
облыстық басқармалардан, комитеттерден, жергілікті атқарушы органдардан көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін көрсететін мәліметтерді сұратуға және алуға;
облыстық басқармаларда, комитеттерде, жергілікті атқарушы органдарда, меншік нысанына қарамастан көсіпорындар мен ұйымдарда, көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеруді жүргізуді ұйымдастыруға;
өздерінің отырыстарында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық басқармалардың, комитеттердің, аудандар және қалалар әкімдерінің баяндамалары мен есеп берулерін тыңдауға;
облыстық басқармаларға, комитеттерге, аудандар және қалалар әкімдеріне ведомстволық бағыныштағы көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген басшыларды тәртіптілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
сәйкесті облыстық басқармалар, комитеттер, жергілікті атқарушы органдар басшыларымен келісе отырып, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы бар материалдарды даярлау, сондай-ақ облыстық басқармалардың, комитеттердің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімінің осы мәселелер бойынша шешімдерін зерттеу және талдауға қатысуға білікті мамандарды тартуға;
заң және үкіметтік актілерді, сондай-ақ көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтасу туралы келісімдер жобаларын әзірлеуге қатысуға.
Тармақ 4
4. Комиссия өз жұмысын комиссия төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді. Комиссия отырысы кешінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері хаттамамен рәсімделеді жене ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 5
5. Комиссия жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін комиссия хатшысы іске асырады.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы болып облыс әкімінің жол шаруашылығы және көлік мәселелеріне басшылық жасайтын орынбасары табылады.