О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы ___ _________
№ _____ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 312 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14785 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке беру қағидаларында:
24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтінімдер берген күнге 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін орындалмаған әкімшілік жазалар, уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар жоқ;».
Тармақ 2
2. «Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16229 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің банктік депозиттік сертификаттарды (бұдан әрі – депозиттік сертификат) шығару және айналысы тәртiбiн айқындайды.».
Тармақ 3
Тармақ 4