Об утверждении Правил отбора проектов, реализуемых участниками специальных экономических зон, в отношении которых могут применяться международные, региональные стандарты и стандарты иностранных государств Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
Тармақ 3
3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану кезінде осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттардың бірі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
Тармақша 3
3) стандарттау жөніндегі ұлттық орган мен халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы;
Тармақша 4
4) түпнұсқаларды ұстаушылардың халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану жөніндегі талаптарды сақтауы болып табылады.
Тармақ 5
5. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мынадай материалдарды:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы жобасының сипаттамасын;
Тармақша 2
2) қолданылуы жоспарланған халықаралық, өңірлік стандартты немесе шет мемлекеттің стандартын;
Тармақша 3
3) таңдап алынған халықаралық, өңірлік стандартты немесе шет мемлекеттің стандартын қолдану қажеттілігінің негіздемесін қоса бере отырып, уәкілетті органға еркін нысанда өтініш жолдайды.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган өтінішті оны қабылдаған күні тіркейді.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтінішін өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды және қабылданған шешім туралы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 8
8. Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдану туралы оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның теріс шешімі кейін халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану туралы ұсыныспен жүгіну үшін кедергі болып табылмайды.