О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о деятельности Координационного офиса программ Правительства Турецкой Республики Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Түрік Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесінің қызметі туралы келісімді бекіту туралы
Астанада 2002 жылғы 19 наурызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Түрік Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесінің қызметі туралы келісім бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Түрік Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесінің қызметі туралы Келісім
(2004 жылғы 27 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын),
екі мемлекет арасындағы достық байланыстарға негізделе отырып,
екі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығын дамыту мақсатында, техникалық әріптестік ынтымақтастығы жолымен қатынастарды тереңдетуге тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар өз мемлекеттерінің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдем көрсету мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы Келісім Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы ережелерін айқындайды. Тараптар техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша (бұдан әрі "жобалық келісімдер" деп аталатын) қосымша келісімдер жасасуы мүмкін. Жобалық келісімдерде, атап айтқанда, жобаның мақсатын, Тараптардың міндеттемелерін, қатысушылардың міндеттері мен ұйымдық мәртебесін, сондай-ақ жобаның орындалу кестесі қамтылған бірлескен тұжырымдама тіркеледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі,
Түрік Тарапынан - Түрік Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесі (БҮК), осы Келісім шеңберінде әзірленетін ынтымақтастық бағдарламасын үйлестіреді.
Тармақ 4
4. БҮК Түркия ішінде, әрі одан тысқары жерлерде де икемді құрылымы мен үйлестірушілік жұмысы арқасында техникалық көмек процестерін ұтқыр басқаратын, Түрік Республикасы Үкіметінің желісі бойынша жұмыс істейтін дербес ұйым болып табылады. БҮК-тің негізгі мақсаты - дамушы елдерге көмектесу. БҮК міндеттеріне экономика, технология, инфрақұрылым, мәдениет және білім салаларында жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты дамытуда бағдарламалар мен жобалар әзірлеу, сондай-ақ дамушы елдерге көмек көрсету процестерін басқару кіреді.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Жобалық келісімдер мына салаларда БҮК көмегімен түрік Тарапынан қолдауды көздеуі мүмкін:
Тармақша а
а) Қазақстандағы оқу, консультациялық, ғылыми-зерттеу және өзге де бағдарламалар;
Тармақша б
б) жоспарлар, ізденістер және сараптамалар әзірлеу;
Тармақша в
в) Тараптармен келісілетін ынтымақтастықтың басқа салалары.
Тармақ 2
2. Қолдау:
Тармақша а
а) мамандарды, нұсқаушыларды, консультанттарды, көмекшілерді және қосалқы қызметкерлерді іссапарға жіберу (Қазақстан Республикасына түрік Тарапының тапсырмасы бойынша іссапарға жіберілетін барлық персонал (бұдан әрі "іссапарға жіберілген мамандар") деп аталады);
Тармақша б
б) материалдар (оқу, әдістемелік, бағдарламалық және басқалары) және құрал-жабдық жеткізу (бұдан әрі "материалдар" деп аталады);
Тармақша в
в) Қазақстан Республикасының мамандарын және басшы кадрларын, сондай-ақ ғалымдарын даярлау және біліктілігін арттыру;
Тармақша г
г) Тараптардың келісуі бойынша басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Іссапарға жіберілген мамандар өз қызметін осы Келісімге және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын болады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Түрік Тарапы осы Келісім ережелеріне сәйкес:
Тармақша а
а) БҮК жұмысы үшін қажетті дербес компьютерлермен және басқа да құрал-жабдықпен жарақтандыратын;
Тармақша б
б) қазақстандық қызметкерлерді қоса алғанда, БҮК қызметкерлерін іріктеуді жүзеге асыратын, жұмыспен және жалақыларының уақытылы берілуін қамтамасыз ететін;
Тармақша в
в) БҮК-ті қажетті көлікпен қамтамасыз ететін;
Тармақша г
г) өтемақы және шығыстарды төлейтін;
Тармақша д
д) техникалық көмек жобалары мен білім беру бағдарламаларын қаржыландыратын;
Тармақша е
е) көрсетілген көмекті үйлестіру мақсатында сарапшылар жіберуді және оларға жалақы төлеуді жүзеге асыратын болады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша а
а) мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, іссапарға жіберілген мамандарды жобаларды айқындау, жоспарлау және жүзеге асыру кезеңінде қызметтерін жүзеге асыруға қажетті деректермен қамтамасыз ететін;
Тармақша б
б) Қазақстандағы қызметі кезеңінде іссапарға жіберілген мамандардың жұмысы мен демалысы үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Түрік Республикасының Үкіметі БҮК үйлестірушісіне дипломатиялық агент мәртебесін, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі оған осы мәртебеге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттер береді.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Әрбір Тарап жобаларды айқындау және әзірлеу мақсатында мына салаларда жұмысқа мамандар жібереді:
Тармақша а
а) инфрақұрылым (көлік, телекоммуникациялық жүйелер және басқалары);
Тармақша б
б) жекешелендіру және жекешелендіруден кейінгі қолдау бағдарламасы;
Тармақша в
в) ирригация жүйесі;
Тармақша г
г) ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу;
Тармақша д
д) өнеркәсіп орындарын және қондырғыларды оңалту;
Тармақша ж
ж) өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен байланысы бар өнеркәсіп салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
Тармақша з
з) туризм;
Тармақша и
и) денсаулық сақтау;
Тармақша к
к) қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша л
л) ғылыми және мәдени ынтымақтастық;
Тармақша м
м) Тараптармен келісілетін өзге де салалар.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келісім оның күшіне ену кезінде іске асырылып жатқан Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастық жобаларына қатысты да қолданады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісім бес жыл бойы күшінде болады, содан кейін, егер Тараптардың бірде-бірі осы Келісім күшінде болатын кезекті мерзім өткенге дейін ең кем дегенде үш ай бұрын оның күшін тоқтату ниеті туралы басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етпесе, осы Келісімнің күшінде болатын мерзімі жыл сайын өздігінен ұзартылатын болады.
Тармақ 3
3. Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар және келіспеушіліктер өзара консультациялар және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
Астана қаласында, 2002 жылғы 19 наурызда әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісім ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Түрік Республикасының
Үкіметі үшін