Об утверждении Порядка расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов районов (городов областного значения) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) № 139 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
Қарағанды облысы әкімдігінің № _____ ___________ 2019 жылғы қалаусына қосымша Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
Тармақ 2
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттер кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56, 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі: еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар); материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 4
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттер бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Тармақ 5
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
Тармақша 2
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 4
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
Тармақша 5
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
Тармақ 6
6. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
Тармақ 7
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 8
8. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі: мұнда: Зj – облыстың барлық өңірлерінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
Тармақ 10
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
Тармақша 1
1) урбандалу коэффициенті: мұнда: Халіқала – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қала халқы санының болжамы; Халі – i-аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы. Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;
Тармақша 2
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті: мұнда: Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы; Халі – і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың жалпы санының болжамы. Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа облыстық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
Тармақша 3
3) шағын жинақталған мектептердегі оқушыларын есепке алу коэффициенті: мұнда: Санi – і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) шағын жинақталған мектептердегі оқушылар санының болжамы; Сан – і аудан (облыстық маңызы бар қала) мектептерінде оқушылардың жалпы санының болжамы. Шағын жинақты мектептерде оқушыларды есепке алу коэффициенті білім алушылардың шағын контингентімен жалпы білім беретін мектептерді ұстауға қосымша шығыстардың қажеттілігін ескереді. Шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті шағын біріктіріліп жинақталған сынып және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
Тармақша 4
4) ауқым коэффициенті: мұнда: Халi – i-аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы. Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
Тармақша 5
5) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті: мұнда: Халітоп – i-ауданның (облыстық маңызы бар қала) белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы; Халі – і ауданның (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы. Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
Тармақша 6
6) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті: мұнда: Халіауыл – i-ауданның (облыстық маңызы бар қалада) ауыл халқы санының болжамы; Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
Тармақша 7
7) тығыздық коэффициенті: мұнда: рi – i-ауданда (облыстық маңызы бар қалада) халықтың тығыздығы; Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
Тармақша 8
8) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті: мұнда: Ni – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
Тармақша 9
9) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде): мұнда: bi – і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі. Кедейлікті есепке алу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
Тармақша 10
10) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті: мұнда: di – i-ауданда (облыстық маңызы бар қалада) жылты маусымының кезеңі; Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының облыстағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
Тармақ 11
11. Келесі екі жылдардағы аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
Тарау 5. 5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 12
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады. Әрбір аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: КШі = k* ЕШі, мұнда: КШі – і ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) күрделі сипаттағы есептік шығындары; ЕШі – і ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары; k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы. Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Тарау 6. 6-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
6-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
Тармақ 13
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауданның (облыстық маңызы бар қала) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі: БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі), мұнда: БДБШi – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары; ЕШі – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары; КБКі – і аудан (облыстық маңызы бар қала) кірістерінің болжамды көлемі; r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы; r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Тармақ 14
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Басқа 41. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібіне қосымша Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі Функционалдық кіші топтардың атаулары Көрсеткіштері Коэффициенттері 1 2 3 1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар Тұрақты халық саны қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Қаржылық қызмет қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Жоспарлау және статистикалық қызмет қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 2. Қорғаныс Әскери қажеттіліктер 18-ден бастап 26 жасты қоса алғандағы әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар қоныстандыру дисперсиялығы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Төтенше жағдайлар бойынша жұмысты ұйымдастыру Тұрақты халық саны жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі Құқық қорғау қызметі Тұрақты халық саны ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 4. Білім беру Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 1-5 жастағы балалар саны урбандалу; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 6-18 жастағы балалар саны шағын жинақталған мектептегі оқушыларды есепке алу; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 14-тен 18 жасқа дейінгілер урбандалу; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру Тұрақты халық саны урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Білім беру саласындағы өзге де қызметтер тығыздық; халықтың жас мөлшері құрылымы; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру Әлеуметтік қамсыздандыру 6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жастан асқан халық саны қоныстандыру дисперсиялығы; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Әлеуметтік көмек Тұрақты халық саны қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы өзге де қызметтер қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Тұрғын үй шаруашылығы Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Коммуналдық шаруашылық Тұрақты халық саны урбандалу; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Елді мекендерді көркейту тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік Мәдениет саласындағы қызмет Тұрақты халық саны урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Спорт урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Ақпараттық кеңістік урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістіктегі ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер урбандалу; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары Ауыл шарушылығы Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлеуетті көлемі жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Жер қатынастары Аумақтың ауданы (мың шаршы километр) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер Тұрақты халық саны ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Тұрақты халық саны урбандалу; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 12. Көлік және коммуникации Автомобиль көлігі Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр) урбандалу; жолдарды күтіп ұстау; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр) урбандалу жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 13. Басқалар Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау Өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Басқалар Тұрақты халық саны жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу