Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта в Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін
бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № А-12/548 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6200 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Басқа 0. Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Ақмола облысы
әкімдігінің қаулысымен
2019 жылғы__________
№___________________
бекітілген
Ақмола облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы
Спорт түрлерінің атауы
Олимпиадалық емес спорт түрлері
Жазғы олимпиадалық спорт түрлері
Қысқы олимпиадалық спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлері
Паралимпиадалық спорт түрлері
«А» тобы
Биатл,
Триатл,
Гір спорты,
Джиу-джитсу,
Кёкусинкан каратэ-до, Киокушинкай-кан каратэ,
Қол күресі,
Қоян-қолтық ұрыс,
Пауэрлифтинг,
Сурдлимпиада спорт түрлері (Армрестлинг, жүзу, жеңіл атлетика, еркін күрес)
Ауыр атлетика,
Баскетбол,
Бокс,
Велосипед спорты,
Дзюдо,
Грек-рим күресі,
Еркін күрес,
Жеңіл атлетика,
Каратэ WKF,
Семсерлесу,
Триатлон
Биатлон,
Шаңғы жарысы,
Шайбалы хоккей,
Шорт-трек
Асық ату,
Аударыспақ,
Қазақ күресі,
Тоғызқұмалақ
Жеңіл атлетика,
Жүзу,
Оқпен ату,
Пауэрлифтинг,
Үстел теннисі,
Шаңғы жарысы
«В» тобы
Автомотоспорт,
ММА аралас жекпе-жек,
Белбеу күрес,
Грэпплинг,
Кикбоксинг,
Президенттік көпсайыс,
Самбо,
Спорттық бағдарлау,
Спорттық би,
Спорттық туризм,
Спорттың әскери-қолданбалы түрі,
Шахмат,
Шинкиокушинкай каратэ,
Бадминтон,
Жүзу,
Көркем гимнастика,
Классикалық волейбол,
Таеквондо WKF,
Теннис,
Үстел теннисі,
Футбол
Керлинг,
Конькимен жүгіру спорты
Бәйге,
Жамбы ату,
Көкпар,
Құсбегілік
«С» тобы
Авиамодельді спорты,
Допты хоккей,
Қалашық спорты,
Муай-тай,
Панкратион,
Практикалық ату,
Таеквон-до GTF,
Ушу
Қол добы,
Садақ ату,
Спорттық құзға өрмелеу,
Стенд ату,
Су добы
Конькимен мәнерлеп сырғанау,
Шаңғымен тұғырдан секіру
Теңге ілу