Отдельные вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитеті таратылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) күші жойылды- ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1115 қаулысымен.
Тармақша 1-1
1-1) күші жойылды- ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1115 қаулысымен.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1115 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мемлекеттiк мекемелері - аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) құрылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Тармақша 1
1) Комитеттiң және оның аумақтық органдарының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Комитеттi және оның аумақтық органдарын қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi туралы ереже 📌 Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1115 қаулысымен.
Басқа 13. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегі шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 109-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегі орталық" Мәуленов көшесi, 92-үй".
Тармақ 3
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 94-жолдағы "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттігі" ААҚ" деген сөздер "Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегi орталық" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттік нөмiрi 267-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiне" "267. "Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегі орталық" ЖАҚ".
Тармақ 5
5. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.20. N 615 қаулысымен.
Тармақ 6
6. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) 2-тармақта "Мемлекеттiк кiрiс" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
Басқа 20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Алматы облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетінiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
Басқа 37. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң құрылымы 📌 Ескерту. Құрылымның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1115 қаулысымен.