Об утверждении перечня, форм, сроков представления отчетности о выполнении пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность, и Правил ее представления Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Мемлекеттік статистика туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілігінің тізбесі;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептің нысаны;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
Тармақша 4
4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
Тармақша 5
5) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысаны;
Тармақша 6
6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2019 жылғы «___» _________
Басқа 1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 1-қосымша Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігінің тізбесі Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп;
Тармақша 2
2) кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп;
Тармақша 3
3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;
Тармақша 4
4) жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-1 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________жағдай бойынша Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын (мың теңгемен) № Бап­тар­дың ата­уы Со­ма­сы (ко­эф­фи­ци­ент, ли­мит, пай­ы­з­бен) 1 2 3 1. Тө­лен­ген жар­ғы­лық ка­пи­тал 2. Қо­сым­ша ка­пи­тал 3. Өт­кен жыл­дар­дың бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны) 4. Өт­кен жыл­дар­дың та­за кі­рі­сі есе­бі­нен қа­лып­тас­қан қор­лар, ре­зерв­тер 5. Есеп­ті ке­зең­нің бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны) 6. Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды қай­та ба­ға­лау 7. Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент және бей­ре­зи­дент заң­ды тұ­лға­ла­ры (Эко­но­ми­ка­лық ын­ты­мақ­та­стық және да­му ұй­ы­мы ақ­па­рат ал­ма­су жө­нін­де мін­дет­те­ме­лер қа­был­да­ма­ған офф­шор­лық аумақ­тар тіз­бе­сіне жат­қыз­ған мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген заң­ды тұ­лға­лар­ды қо­с­па­ған­да) ал­дын­да­ғы қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген мін­дет­те­ме­сі тү­рін­де­гі рет­тел­ген бо­рыш 8. Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның негіз­гі қыз­мет мақ­са­ты үшін са­тып алын­ған ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 9. Заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры­на неме­се жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сіне ин­ве­сти­ци­я­лар 10. Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның есеп­тік мен­шік­ті ка­пи­та­лы 11. Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­лан­ған ак­тив­тер 12. k1­мен­шік­ті ка­пи­тал жет­кі­лік­ті­лі­гі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті 12.1 Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ба­лан­стық шот­тар­да есеп­ке ала­тын, негіз­гі бо­рыш, есеп­тел­ген сый­а­қы бой­ын­ша күн­тіз­бе­лік 90 (тоқ­сан) күн­нен астам мер­зі­мі өт­кен бе­ре­ше­гі бар мик­ро­кре­дит­тер 12.2 Ба­лан­стан тыс есеп­ке есеп­тен шы­ға­ры­л­ған мик­ро­кре­дит­тер 12.3 Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның несие порт­фе­лі 12.4 Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның несие порт­фе­лі­нің жал­пы со­ма­сын­да күн­тіз­бе­лік 90 (тоқ­сан) күн­нен астам негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек, есеп­тел­ген сый­а­қы үле­сі­нің ли­ми­ті 13. Бір қарыз алушы­ның мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ал­дын­да­ғы жиын­тық бе­ре­ше­гі (мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ба­лан­сы­нан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек­ті қо­са ал­ған­да) 14. k2 бір қарыз алушы­ға тәу­е­кел­дің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті 15. Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның жиын­тық мін­дет­те­ме­ле­рі 16. k3 ле­ве­редж ко­эф­фи­ци­ен­ті Атауы ________________________________________________ Мекенжайы ________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы ____________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 2.1. Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп (индексі – PN-1, кезеңділігі – ай сайын)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-Қосымшаға қосымша Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп (индексі – PN-1, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Микроқаржы ұйымы Нысанды ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 11-жолда кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер талдамасы туралы есептің 6-жолының 5-бағанындағы сомаға сәйкес келетін сома көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 12.1-жолда негізгі борыш, сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам есептелген мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер бойынша негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 12.2-жолда баланстан тыс есепке есептен шығарылған микрокредиттер бойынша негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 12.3-жолда микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын өзінде қамтитын микроқаржы ұйымының несие портфелі («Кері репо» операцияларын қоспағанда) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 12.4 -жолда үтірден кейін үш таңбалы пайыздық мән көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 13-жолда бір қарыз алушыға тиесілі тәуекелдің ең жоғары мөлшерін талдау туралы есептің 18-бағанындағы сомаға сәйкес келетін сома көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 12, 14 және 16-жолдарда үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Басқа 2-1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-2 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын (мың теңгемен) № Топ­тың тү­рі Бап­тар­дың ата­уы Со­ма­сы Тәу­е­кел дә­ре­же­сі пай­ы­з­бен Есеп­теу со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 1. Топ­тың анық­та­ма­лы­ғы Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­ла­ну­ға жа­та­тын ак­тив тү­рі (анық­та­ма­лық) Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­лан­ған ак­тив­тер жиы­ны: Х Атауы ________________________________________________ Мекенжайы___________________________________________________ Телефоны_______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы____________________________________ Орындаушы _________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Күні 20__ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-1 Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік деректер нысанының индексі: R_MRZ_1 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын (мың теңгемен) № Қарыз алушы­ның ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Қарыз (мик­ро­кре­дит) бой­ын­ша та­лап­тар со­ма­сы Нақ­ты құ­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар со­ма­сы­ның бар­лы­ғы Ба­лан­стық құ­ны Мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету Негіз­гі бо­рыш Есеп­тел­ген сый­а­қы Ак­тив­ті та­ну өл­шем­шар­тта­ры­на сәй­кес кел­ген жағ­дай­да тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл және өсім­пұл) Дис­конт (сый­лы­қа­қы) Лон­дон ба­ға­лы ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London billion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да «Лон­дон­дық са­па­лы өнім бе­ру» («London good delivery») стан­дар­ты ре­т­ін­де бел­гі­лен­ген аф­фи­нир­лен­ген ба­ға­лы ме­тал­дар Стан­дард энд Пурс (Standard & Poor’s) рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің «А»-дан тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді бо­ры­штық рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­дің ке­піл­дік­те­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Жиы­ны: кестенің жалғасы: Есеп­ті ке­зең­де қарыз (мик­ро­кре­дит) бой­ын­ша ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ру Де­би­тор­лық бе­ре­шек бой­ын­ша та­лап­тар со­ма­сы Бір қарыз алушы­ның мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ал­дын­да­ғы жиын­тық бе­ре­ше­гі (мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ба­лан­сы­нан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек­ті қо­са ал­ған­да) Негіз­гі бо­рыш Есеп­тел­ген сый­а­қы Ак­тив­ті та­ну өл­шем­шар­тта­ры­на сәй­кес кел­ген жағ­дай­да тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар) Де­би­тор­лық бе­ре­шек Нақ­ты құ­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар со­ма­сы­ның бар­лы­ғы Ба­лан­стық құ­ны 12 13 14 15 16 17 18 Атауы ________________________________________________________ Мекенжайы _________________________________________________________ Телефоны _____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________ Орындаушы ________________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Күні 20__ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 3.1. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп (индексі – R_MRZ_1, кезеңділі – ай сайын)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-Қосымшаға қосымша Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп (индексі – R_MRZ_1, кезеңділі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды микроқаржы ұйымы ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанда басқа қарыз алушылармен салыстырғанда есепті күні ең жоғары жиынтық берешегі бар бір қарыз алушы бойынша микроқаржы ұйымының деректері көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Егер есепті күні бірнеше қарыз алушы бойынша ең жоғары жиынтық берешек бірдей шаманы құрайтын болса, онда Нысанда осы қарыз алушылардың біреуі (кез келгені) бойынша ғана деректер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанды толтыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген «Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5 және 13-бағандарында есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы сомасы көрсетіледі.
Басқа 4. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік деректер нысанының индексі: USK-K3 Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезеңі: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік серіктестік Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын (мың теңгемен) № Бап­тар­дың ата­уы Со­ма­сы 1 2 3 1. Тө­лен­ген жар­ғы­лық ка­пи­тал 2. Қо­сым­ша ка­пи­тал 3. Өт­кен жыл­дар­дың бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны) 4. Өт­кен жыл­дар­дың та­за кі­рі­сі есе­бі­нен қа­лып­тас­қан қор­лар, ре­зерв­тер 5. Есеп­ті ке­зең­нің бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны) 6. Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды қай­та ба­ға­лау 7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент және бей­ре­зи­дент заң­ды тұ­лға­ла­ры (Эко­но­ми­ка­лық ын­ты­мақ­та­стық және да­му ұй­ы­мы ақ­па­рат ал­ма­су жө­нін­де мін­дет­те­ме­лер қа­был­да­ма­ған офф­шор­лық аумақ­тар тіз­бе­сіне жат­қыз­ған мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген заң­ды тұ­лға­лар­ды қо­с­па­ған­да) ал­дын­да­ғы қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген мін­дет­те­ме тү­рін­де­гі рет­тел­ген бо­рыш 8. Негіз­гі қыз­мет мақ­са­ты үшін са­тып алын­ған ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 9. Заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры­на неме­се жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сіне ин­ве­сти­ци­я­лар 10. Есеп­тік мен­шік­ті ка­пи­тал 11. Жиын­тық мін­дет­те­ме­лер 12. Кре­дит­тік се­рік­те­стіктің ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг­тер­дің және аг­ро­өнер­к­ә­сіп ке­ше­ні са­ла­сын­да­ғы ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­ле­рі 13. K3 ле­ве­редж ко­эф­фи­ци­ен­ті Атауы ________________________________________________ Мекенжайы ________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы ____________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 4.1. Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп (индекс - USK-K3, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-Қосымшаға қосымша Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп (индекс - USK-K3, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Кредиттік серіктестік Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның 13-жолында үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Басқа 5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 5-қосымша Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалы) ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұйымның клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Ұйым есептілікті «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 4
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Микроқаржылық ұйым есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей, ай сайын Ұлттық Банктің филиалына осы қаулының 1-тармағы 2) – 4) тармақшаларында көзделген есептілікті электрондық форматта ұсынады.
Тармақ 6
6. Кредиттік серіктестік есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын Ұлттық Банктің филиалына осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті электрондық форматта ұсынады.
Тармақ 7
7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.