Об утверждении Перечня документов, необходимых для получения микрокредита, а также Правил ведения кредитного досье по договору о предоставлении микрокредита Қолданыста
Басқа 0
Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы ______________
№ ____ қаулысына
1-қосымша
Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Микрокредит алу үшін өтініш беруші-жеке тұлға мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) микрокредитті пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берілген жағдайда), өтініш берушінің микрокредитті өтеу және құнын көрсете отырып, сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге ұсынатын мүлкі туралы не қамтамасыз етудің жоқ екендігі туралы мәліметтері бар өтініш (ломбард кепілге салу билетін берген кезде талап етілмейді);
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі бар резиденттер мен бейрезиденттер үшін), туған күні, құжат нөмірі, берген орган, құжаттың берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қою құқығын растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін);
Тармақша 4
4) егер берілетін микрокредит мүлік кепілімен қамтамасыз етілетін жағдайда - кепіл туралы шарт (ломбард кепіл билетін берген кезде талап етілмейді), тіркелуге тиіс мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік кепілі міндетті тіркелетін жағдайда – мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік;
Тармақша 5
5) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін қажетті құжаттар және ақпарат (кредиттік серіктестікте және ломбардта микрокредит алған кезде талап етілмейді).
Тармақ 2
2. Микрокредит алу үшін өтініш беруші-заңды тұлға мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) микрокредиттi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берiлген жағдайда), өтініш берушінің микрокредиттi өтеу және құнын көрсете отырып, сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге ұсынатын мүлкі туралы не қамтамасыз етудiң жоқ екендігі туралы мәлiметтері бар өтiнiш;
Тармақша 2
2) өтініш беруші органының микрокредит алу туралы шешімі;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері;
Тармақша 4
4) өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа өкілеттіктерін растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін);
Тармақша 5
5) егер берілетін микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етілетін жағдайда - кепіл беруші - заңды тұлға органының өтініш беруші міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл нысанасын беру туралы шешімі, кепiл туралы шарт, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік кепілі міндетті тіркелетін жағдайда - мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк.
Басқа 2. Микрокредит беру туралы шарт бойынша
кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы ______________
№ ____ қаулысына
2-қосымша
Микрокредит беру туралы шарт бойынша
кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) микрокредит беру туралы шартқа қатысты қолданылады.
Қағидалардың талаптары микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) қолданылады.
Тармақ 2
2. Микроқаржы ұйымында қарыз алушыға қатысты кредиттік дерекнама қарыз алушы микрокредит беру туралы бірінші шартты осы микроқаржы ұйымымен қол қойған күнде ашылады.
Тармақ 3
3. Кредиттік дерекнама осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесінде көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттар мен мәліметтерді қамтуға тиіс:
Тармақша 1
1) микрокредит беру туралы шарт;
Тармақша 2
2) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдер;
Тармақша 3
3) тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
Тармақша 4
4) сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің нақтыланған мәнінің есептері (бар болса);
Тармақша 5
5) кепілдік немесе кепілгерлік шарты, өкiлдiң кепіл берушінің атынан кепiлдiк беру шартына немесе кепілгердің атынан кепілгерлік шартына қол қою өкiлеттiгiн растайтын құжаттар (мiндеттеменің орындалуы кепiлдiкпен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етiлген микрокредит жағдайында);
Тармақша 6
6) микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасындағы хат алмасу;
Тармақша 7
7) микрокредит беру туралы шарттар бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын, микрокредиттi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған не кепiл мүлкін сатудан түскен ақша) көрсететін құжаттар (немесе олардың көшірмелері);
Тармақша 8
8) кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісім алғанын растайтын ақпарат;
Тармақша 9
9) кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттік бюродан кредиттiк есептi алушыға кредиттік есептi беруге келісім алғанын растайтын ақпарат.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциялану болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып, субъектіні сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымына жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз тасымалдағыштағы көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Микроқаржы ұйымы кредиттік дерекнама жүргізеді, оны өзекті жағдайда ұстайды, сондай-ақ ондағы құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес толықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Кредиттік дерекнама қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық түрде қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Қарыз алушымен өзара қарым-қатынастар аяқталғаннан кейін кредиттік дерекнама сақтауға ауысады. Сақтау микроқаржы ұйымында жүзеге асырылады.
Кредиттік дерекнама құжаттарын сақтау «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық түрде құжаттар қалыптастырылған, жіберілген немесе алынған форматында сақталады.