Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Алаботинского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 мамырдағы № 175 шешімінің (2014 жылғы 23 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2827 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 301 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Алабота ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аққұдық, Целинное және Золоторунное ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдары кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Басқа 18. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 301 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Аққұдық ауылының тұрғындары үшін 5 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Целинное ауылының тұрғындары үшін 1 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Золоторунное ауылының тұрғындары үшін 1 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Талдыкөл ауылының тұрғындары үшін 0